Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
20.09.2017

Қызметтер

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Қаршыға Елемесұлы Джауымбаев

ӨМІРБАЯНЫ

Джауымбаев Қаршыға Елемесұлы 1960 жылғы 30 қазанда Атырау облысында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы.

Білімі жоғары. 1987 жылы Гурьев ауылшаруашылығы техникумын техник-механик, 2005 жылы Каспий қоғамдық университетін заңгер мамандықтары бойынша аяқтаған.

Қызмет жолын 1978 жылы «КазОбувьТорг» мекемесі базасында жүк тасушы болып бастаған.

1979-1980 жылдары аралығында әскер қатарында болды.

1981-1982 жылдары Гурьев механика зауытында слесарь болып қызмет атқарады. 1982-1983 жылдары Гурьев ауылшаруашылығы техникумында ағаш ұстасы, қойма меңгерушісі қызметі міндетін атқарды.

1984-1988 жылдары Балықшы барлау бұрғылау басқармасының бұрғышының көмекшісі қызметін атқарса, 1988-1992 жылдарда «Горбыткомбинат» мекемесінде шебер болып жұмыс жасады.

1992-1996 жылдары «Лаура» ЖШС директоры, 1996-2006 жылдары «Бақытгүл» шаруа қожалығының басшысы қызметін атқарған.

2006 жылдан «Қара бура» шаруа қожалығының басшысы қызметін атқарып келеді, сонымен қатар 2012 жылдан бастап «Мұнай Автоматика Сервис LTD» ЖШС директорының кеңесшісі қызметін атқаруда.

Атырау қалалық мәслихатының бесінші, алтыншы шақырылым депутаты.

“Қазақстан Конституциясына 20 жыл” мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасының Президентінің алғыс хатымен және “Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл” белгісімен марапатталған.

Отбасылы, 7 бала тәрбиелеуде.


Мақаланың шыққан күні:: 14.06.2017 05:22
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 26.06.2017 05:08