Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.11.2017

Қызметтер

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Ғұмар Ислямұлы Дүйсембаев

ӨМІРБАЯНЫ

Дүйсембаев Ғұмар Ислямұлы 1956 жылғы 17 қазанда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы.

Білімі жоғары. 1978 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын инженер-механик, 1999 жылы Еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясын заңгер мамандықтары бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1978 жылы Ақтөбе облысының Калинин атындағы колхозының техника қауіпсіздігі жөніндегі инженері болып бастаған.

1979-1995 жылдары Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданындағы Орал ауыл шаруашылығын механикаландыру техникумында оқытушы, аудандық комитеттің құқығымен комсомол комитетінің босатылған хатшысы, Бөрлі ауданы «Победа» колхозының бас инженері, Бөрлі ауданындағы «40 лет Октября» колхозы төрағасының орынбасары, партия комитетінің хатшысы, «Красный маяк» колхозының басқарма төрағасы, Бөрлі аудандық ауыл шаруашылығы ассоциациясының төрағасы қызметтерін атқарған.

1995-2012 жылдары Бөрлі ауданы әкімінің бірінші орынбасары, аудан әкімі, Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты құрылыс және отын-энергетика кешені бөлімінің меңгерушісі, БҚО Өнеркәсіп және энергетика кешені басқармасының бастығы, БҚО Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры, БҚО Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2012 жылғы қаңтар-тамыз аралығында Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

2012 жылғы тамыздан бастап Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған.

Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдарымен, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі», «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» белгілерімен марапатталған.

І шақырылған Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты (1994-1999жж).

2010 жылдан Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Құрметті азаматы.

Атырау облыстық «Волейбол» және «Бессайыс» федерацияларының президенті.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Отбасылы. Екі баласы және екі немересі бар.


Мақаланың шыққан күні:: 14.06.2017 05:28
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 26.06.2017 05:09