Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.04.2020

Қызметтер

Жылжымайтын мүлікке құқықты қалай тіркеуге болады?

Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу – мүлікке құқығыңызды растайтын міндетті рәсім. Сатып алу-сату шарты, айырбастау, мұрагерлік ету немесе жалға алу сіздің құқығыңызды растамайды, дегенмен тіркеуге негіз болып табылады. Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу мүліктің толыққанды иесі атану, өзіңізді алаяқтықтан қорғау және келешекте оған қатысты операцияларды кедергісіз орындау үшін қажет.

Жылжымайтын мүлікке белгілі бір орынмен тығыз байланысты нәрсенің бәрі жатады: жер телімдері, ғимараттар мен құрылыстар. Яғни, еш зарарсыз орнын ауыстыру қиынға түсетін нәрселер.Сонымен қатар жылжымайтын мүлік бастапқы және кейінгі нысандар болып екіге бөлінеді. Бастапқы нысандарға ерекше атқарымдық мақсаты бар ғимараттар мен құрылыстар, қала құрылысының маңызды нысандары, ал екінші мәртеліктерге – жекелеген (бөлінген) құқық объектілері (бірінші мәртелік объектінің құрамына кіретін пәтерлер, жапсарылыс салынған үй-жалар, дүкендер мен офистер) жатады. Біздің, яғни ҚР азаматтарының әрқайсысының ЖСН және жеке куәлігі бар болатыны секілді, ел аумағындағы жылжымайтын мүлік нысандарының да өзіндік бірегей нөмірі (кадастрлық нөмірі) және техникалық төлқұжаты болады. Электрондық үкімет порталының «Жылжымайтын мүлік» бөлімінен Жылжымайтын мүлігіңіздің кадастрлық нөмірін біле аласыздар. Жылжымайтын мүліктің толық сәйкестендіру сипаттамалары ретінде нысан туралы мәліметтерді танимыз:

* мекенжай және бар болған жағдайда мекенжайды тіркеу коды, (жылжымайтын мүлік нысанының мекенжайы мен мекенжайды тіркеу коды бойынша анықтаманы қалай алуға болады);

* жылжымайтын мүлік түрі; * жыжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі (жер теліміне қатысты кадастрлық ақпаратты білу); * меншіктің түрі (жер телімінің қатыстылығы туралы ақпарат алу немесе құқықты бастапқы ұсынудың құқық белгілеуші құжаты туралы ақпарат алу);

* құрамдас бөліктер саны;

* жерлер санаты және олардың бөлінгіштігі;

* арнаулы мақсаты;

* қабаттылығы және ауданы (жалпы және пайдалы).

Жылжымайтын мүлікке құқықтар мен ауыртпалықтардың қандай түрлерін тіркеу қажет?

Сіз жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы келісім жасасқаннан кейін немесе оны мұраға алғаннан соң, не болмаса «Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу туралы» Заңы бойынша (9-бап) жылжымайтын мүлікке құқықтың туындауының өзге жағдайларында оны 6 ай ішінде тіркеу қажет. Осыған ұқсас мерзімдерде (6 айдан кеш болмауы тиіс) жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтар пайда болғанда да жүгінген жөн. Егер ауртпалықтар мемлекеттік органдары мен өкілетті тұлғаларымен салынатын болса, тіркеу органы олардың ашылуы мен жабылуының тіркелуін өтініш түскен кезінен бастап іске асырады. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды немесе ауыртпалықтарды тіркеу үшін, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ -ға немесе нотариусқа жүгінуіңізге болады. Электрондық үкімет порталындағы автоматтандырылған қызмет (Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу) нотариуста мәміле жасау кезінде құқықтарды онлайн режимінде бірден тіркеуге мүмкіндік береді. Жылжымайтын мүлікті сатып аларда немесе оған қатысты мәмілелерді жасау кезінде нотариустарға жүгіну қалыптасқан. Бұл жылжымайтын мүлікті сатушы тарапынан алдау әрекетін болдырмауға көмектеседі. Бұл ретте мәмілені тиісінше рәсімдейтін білікті нотариусты таңдай білген жөн. Электрондық үкіметтің жобаларының бірі нотариустар үшін арнайы әзірленген е-нотариат ақпараттық жүйесі болып табылады: ол сатып алынатын жылжымайтын мүліктің мәліметтерін және оған тіркелген құқықтар мен ауыртпалықтарды тексеруге мүмкіндік беріп, сол арқылы жылжымайтын мүлікті сатып алушыны және өзін қауіп-қатерден сақтандырады.(enis.kz-ті пайдаланатын нотариусты табу).

Мәміле жасалғаннан кейін, дәл сол жерде, нотариус қасынан ұзамай-ақ, сатып алған/ алынған жылжымайтын мүлікке құқығыңызды жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу көмегімен тіркей аласыз. Ол үшін сізге ЭЦҚ қажет емес, тек порталда тіркелу ғана жеткілікті. Қажетті операциялардың барлығын нотариус жүргізеді, ал сіз нотариус өтініштің қабылданғаны туралы сомасы көрсетіліп, бірегей нөмірі қойылған хабарламаны қолыңызға ұстатқаннан кейін қызмет ақысын төлесеңіз болғаны. Төлеуді екі түрлі жолмен жүзеге асыруға болады – жақын маңдағы банкте немесе электрондық үкімет порталында онлайн режимінде. Олүшін порталда тіркеулі және онлайн-төлемді жүргізуге мүмкіндік беретін банккарточкасы (VISA, VISAElectron, Maestro, MasterCard және т.б.) болуы тиіс.

Дереккөз: www.egov.kz


Мақаланың шыққан күні: 11.02.2019 17:41

Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.02.2019 17:41

Қаралым саны: 802