Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
19.10.2017

Қызметтер

Жемқорлық қылмыстары туралы хабарлау

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ФАКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ЭТИКА НОРМАЛАРЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ ТУРАЛЫ ҚАЛАЙ ХАБАРЛАСУҒА БОЛАДЫ

Құрметті сайтқа кірушілер!

Сіздер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша Агенттіктің аумақтық департаменттеріне жүгіне отырып, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық және этиканы бұзу фактілері туралы хабарлай аласыздар.

Өтінішті: 1. 060002, Атырау қаласы, Азаттық, 134 «А» пошталық мекен-жайы бойынша жазбаша түрде; 2. Электрондық цифрлық қолтаңба бар болған жағдайда, egov.kz «Электрондық үкімет» порталы арқылы; 3. Тіркеле отырып, 1494.kz порталы арқылы беруге болады.

Тәулік бойы call-centr 1494 нөміріне хабарласа отырып, Агенттік қызметінің мәселелері бойынша кеңес ала аласыз.

Сонымен қатар, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңға сәйкес, мынадай өтініштер қарауға жатпайтынын түсіндіреміз, олар:

1) иесi бүркемеленген өтiнiш, яғни мұндай өтiнiште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттiк немесе қоғамдық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп туралы мәлiметтер бар және мемлекеттiк органдардың құзыреттерiне сәйкес оларға дереу жiберiлуге тиiс жағдайларды қоспағанда;

2) мәселенiң мәнi баяндалмаған өтiнiш.

Өтiнiш құзыретiне өтiнiште қойылған мәселелердi шешу кiретiн субъектiге немесе лауазымды тұлғаға жiберiлуге тиiс.

Жеке тұлғаның өтiнiшiнде оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, почталық мекен-жайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде - оның атауы, почталық мекен-жайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Өтiнiшке арыз иесi қол қоюы не ол электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуға тиiс.

Шағым жасалған кезде iс-әрекетiне шағым жасалып отырған субъектiнiң атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, өтiнiш жасау себептерi мен талаптары көрсетiледi.

Ол бойынша авторын белгiлеу мүмкiн емес, қолтаңбасы, оның iшiнде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушiнiң пошталық мекенжайы жоқ өтiнiш иесi бүркемеленген өтiнiш болып танылатынын атап өтеміз.


Мақаланың шыққан күні:: 15.02.2017 18:22
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 15.02.2017 18:22