Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
14.07.2020

Қызметтер

Жаңа туған сәбиге туу туралы куәлікті қалай аламыз?

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2016 жылдың 16 маусымындағы №451 бұйрығында баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті тіркеуші органға немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамына немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жазбаша не электронды түрде ата-аналары не басқа мүдделі тұлғалары оның туылған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей береді, ал бала өлі туған жағдайда босанған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, медициналық ұйымның жауапты лауазымды адамы өтініш береді»-деп көрсетілген.

Мемлекетттік қызмет көрсету мерзімдері құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап Мемлекеттік корпорацияға -2 (екі) жұмыс күні. Бала туылған күнінен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін тіркеген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетіледі және қосымша ол үшін ата-анасының түсініктемесі, көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырылған сенімхат ұсынылады.

Тууды мемлекеттік тіркеу тегін көрсетіледі.

Осы енгізілген өзгерістерді басшылыққа ала отырып, дүниеге келген балаларды үш күннің ішінде құжаттандырайық.

 

 

С.Жұбаева, аудандық жұмыспен қамту,

әлеуметтік бағдарламалар және

азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы


Мақаланың шыққан күні: 12.11.2019 11:50

Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.11.2019 11:56

Қаралым саны: 409