Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

Сәйкестік сертификатын қалай алу керек және қалай қателеспеуге болады

Как получить сертификат соответствия и не ошибитьсяАтырау облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында Техникалық реттеу және метрология комитеті, Мемлекеттік кірістер және Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті өкілдерінің мен бизнес өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты - бизнес субъектілеріне өнімді сертификаттау ережелерін түсіндіру.

«Өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелетін кәсіпкерлер аккредиттелген органдар мен сертификаттау жөніндегі сынау зертханаларына жүгінудің қаншалықты маңызды екенін түсінуі тиіс. Зертханалар мен делдал-кәсіпорындарды таңдауда өте мұқият болу керек. Кәсіпкерлер кейде 1-2 күн ішінде сертификат ресімдеуге дайын кәсіпорындармен кездесетінін айтады, алайда бұл - өнімге сынақ жүргізу бойынша тұтас рәсім. Сондықтан, егер мұндай фактілер болса, олардың жолын кесу керек.

Біз өнімге сәйкестік сертификаттары мен декларацияларын ресімдеумен айналысатын бизнес субъектілері мен қызметкерлерге, егер бір жерде жалған құжат анықталса, ол үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын түсіндіреміз. Жыл басынан біздің облыста осындай бір жағдай орын алды, яғни жалған сертификатты алған мемлекеттік орган жүгінді, материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді», - деді Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Салтанат Камешева.

Ол қатысушыларға сәйкестікті растау бойынша аккредиттелген органдармен өзара іс-қимыл қалай жүзеге асырылатынын егжей-тегжейлі түсіндірді.

«Егер өнім үшінші елдерден әкелінсе және ол сертификаттауға жататын болса, бірақ Қазақстан Республикасының аумағында тиісті аккредиттелген сынақ зертханасы болмаса, онда кәсіпкерлер Еуразиялық одақ шеңберінде аккредиттелген зертханалардың қызметтерін пайдалана алады. Біз серіктестеріміздің бірыңғай формасы бойынша берілген сәйкестік туралы сертификаттар мен декларацияларды мойындаймыз», - деп атап өтті Салтанат Камешева.

Сондай – ақ, кездесу барысында Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері міндетті декларациялауға және сертификаттауға жататын өнімдерді әкелу кезеңіндегі кедендік рәсімдер туралы, ал қоғамдық

денсаулық сақтау департаменті оны өткізу кезеңіндегі өнімнің сәйкестігін растау туралы ақпарат ұсынды.

Қорытындылай келе, ұйымдастырушылар аталған іс-шара Техникалық реттеу және метрология Комитеті мен "Атамекен" ҚР ҰКП арасындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі келісім аясында өткізіліп, өнімнің сәйкестігін растау бойынша жалған құжаттарды жасау фактілерінің алдын алуға бағытталғанын атап өтті.

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті


Мақаланың шыққан күні: 27.11.2018 10:28

Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.12.2018 17:59

Қаралым саны: 862