Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.08.2020

Қызметтер

Мемлекеттік қызмет корсету сапасына қалай шағымдануға болады?

Қызмет берушінің лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағымды дайындауға көмек көрсетуді Атырау облысы әкімдігінің интернет ресурсында көрсетілген atyrau.gov.kz «Mемлекеттік қызметтер» бөлімінде электрондық мекенжайы бойынша орналасқан қызмет берушінің мамандары жүзеге асырады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет сапасына қатысты шағым қызмет алушының таңдауы бойынша: қызмет берушінің басшысының атына немесе Атырау қаласы, Әйтеке би, 77, мекенжайы бойынша орналасқан Атырау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауды үйлестіру бөліміне беріледі. Телефон: 8 (7122) 270912.

«Электрондық үкімет» мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығына 8-800-080-7777 (1414) телефондарына хабарласуға болады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасына қатысты(лауазымды тұлғаның әрекеті/әрекетсіздігі) шағым түсіруге болады.

Түсірілген шағым ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес 15-жұмыс күні ішінде қаралады. Департамент мекен жайы: Атырау қаласы, С.Бейбарыс даңғылы, 419. Байланыс телефондары: 8(7122) 26-27-83, 26-27- 14.

Департаменттің Facebook парақшасына сілтеме: https://www.facebook.com/Atyraumemkyzmet

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

Шағым онда көтерілген мәселелерді шешу құзыретіне кіретін лауазымды тұлғаға жолданады.

Шағымда тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаты болған жағдайда), қызмет алушының пошталық мекенжайы, шағымды берген күні көрсетіліп, қызмет алушының қолы қойылады.

Шағым беру кезінде әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағым беріліп отырған лауазымды тұлғаларының лауазымы, аты-жөні, шағым беру себептері және талаптары көрсетіледі.

Шағымды қызмет берушінің кеңсесіне тапсырған кезде мемлекеттік қызмет алушыға шағымның қыбылданғандығын растайтын шағымды қабылдап алған лауазымды тұлғаның аты-жөні, қабылдаған күні мен уақыты көрсетілген талон беріледі. Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты тиісті қызмет берушінің кеңсе қызметкерлерінен алуға болады.

Шағымды қарау «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 25-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында қарастырылған тәртіпте және мерзімде жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет көрсетуге шағым беру тәртiбi туралы қосымша ақпаратты 8(7122) 273011 телефоны бойынша Атырау облысы әкімі аппаратынан алуға болады.


Мақаланың шыққан күні: 09.10.2019 15:03

Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.10.2019 15:20

Қаралым саны: 280