Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
19.10.2017

Қызметтер

Қызметтердің сапасы

Медициналық қызметтердің сапасы

2011 жылдың желтоқсан айынан бастап амбулаторлық-емханалық ұйымдарда  «Кезексіз емхана» принципі бойынша жұмыс жасау енгізілген. Емханалар таңғы сағат 8-ден бастап кешкі  20.00 дейін жұмыс жасайды. Қажетті маманға алдын ала үйден телефон, интернет арқылы жазылуға болды. Қалалық №1 (Қуанов Е.Қ.), №5 (Жұмағалиева К.Ө.) емханалардың бас дәрігерлері Республикалық «Кезексіз емхана» байқауының жүлдегерлері, Финляндиядан екі апталық оқуға барып келді.

- Облыс бойынша скринингтік тексерулер мен профилактикалық бақылауларға 3 ЖМК (ПМК) – жылжымалы медициналық кешен облыстық ауруханада, Жылыой және Құрманғазы аудандарында жұмыс жасайды, отандық өндірісден шыққан(платформа «Камаз-Инжиниринг»).

- Жыл сайын медициналық қызмет көрсетуге қатысты арыздар мен шағымдар азайып келеді.

- Мекеменің айнасыз қызметін күшейту, азаматтармен ақпараттық  қарым-қатынастың тиімділігін арттыру мақсатында облыстық денсаулық сақтау басқармасында 2011 жылдан бері сайт ашылған.

- Облыстық әкімшілік жанынан денсаулық сақтау саласында тұрғындардың құқығын қорғау, жемқорлықтың алдын алу, медицналық қызметке тұрғындардың көңілі толуын анықтау, денсаулық сақтау мәселесіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың арызшағымдарын қарау мақсатында пациенттердің құқығын қорғау қоғамдық кеңесі құрылды.

- Тұрғындарға ұйымдастырушылық-консультациялық қызмет көрсету мақсатында Денсаулық сақтау басқармасында, «Республикалық денсаулықты дамыту орталығы» ШЖҚ РМК, барлық БМСК ұйымдарында «Сенім телефоны» жұмыс жасайды. Телефон нөмірлері облыстық денсаулық сақтау басқармасының сайтында және БАҚ-да жарияланды.

- Жаңа жүйенің тиімділігі жөнінде түсіндірме жұмыстары алдығы уақытта жалғасатын болады.  Бүгінгі күні Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің алдына қойған міндеттері орындалды.


Мақаланың шыққан күні:: 23.06.2016 12:59
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 16.08.2017 10:53