Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.04.2020

Қызметтер

Мемлекеттік қызмет сапасы – тұрмыс сапасы

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңнамасына сәйкес қызмет алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіпте жүзеге асырылатын және олардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға, оларға тиесілі материалдық және материалдық емес игіліктер беруге бағытталған мемлекеттік қызметтерді іске асыру нысандарының бірі. Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері шеңберінде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес «Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылдық округі» мемлекеттік қызметтің 2 түрін көрсетеді:

* «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру»;

* «Елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру».

Мемлекетттік қызметтер тегін негізде жүзеге асырылады.

2019 жылдың қаңтар, ақпан айларында халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы округтен мемлекеттік қызметтің 2 түрі бойынша барлығы 300 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру – 267, елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру – 33. Тұрғындардың мемлекеттік қызметтен хабардар болуы үшін ауылдық округ әкімі аппаратынында стандарттар, регламенттер, өтініш үлгілері орналастырылған ақпараттық тақташалары бар, сондай-ақ арыздар мен ұсыныстар үшін жәшік те бар. Қызмет алушылар тарапынан ешқандай шағымдар болған емес.

 

 

Шолпан Қартабаева

Миялы ауылдық

округі әкімі аппаратының бас маманы


Мақаланың шыққан күні: 01.04.2019 16:46

Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.04.2019 16:46

Қаралым саны: 546