Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.03.2020

Қызметтер

Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына 2018 жылдың 25 наурызына тағайындалған сайлауды өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

Атырау облыстық аумақтық сайлау
комиссиясының
2018 жылғы 22 қаңтардағы
№ 1 шешіміне қосымша

 

Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына
2018 жылдың 25 наурызына тағайындалған
сайлауды өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

 

1. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды сайлау округтері бойынша ұсыну.

Республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің жоғары органдары және азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен.
2018 жылғы 25 қаңтарда басталады және 2018 жылғы 25 ақпанда аяқталады.

(103-бап, 6)

2. Тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау учаскелерінің шекаралары туралы ақпаратты жариялау.

Тиісті әкімдер.
Сайлау тағайындалғаннан кейінгі жеті күннен кешіктірмей.

(23-бап)

 

     3. Тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау округтерінің тізімдерін, олардың шекараларын және округтік сайлау
                              комиссияларының орналасқан орындарын көрсетіп жариялау.

Аумақтық сайлау комиссиялары.
Сайлау тағайындалғаннан кейінгі он күннен кешіктірмей.

(22-бап)

 

4. Бұқаралық ақпарат құралдарында учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын жариялау.

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары.
Сайлау тағайындалғаннан кейінгі жеті күннен кешіктірмей.

(17-бап)

 

5. Тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында округтік сайлау комиссияларының құрамдарын жариялау.

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары.
Сайлау тағайындалғаннан кейінгі он күннен кешіктірмей.

(15-бап)

 

6. Бұқаралық ақпарат құралдарында аумақтық сайлау комиссияларының құрамдарын жариялау.

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары.
Сайлау тағайындалғаннан кейінгі он күннен кешіктірмей.

(13-бап)

 

7. Сайлаушылардың тізімдерін жасау.

Жергілікті атқарушы органдар, халықты есепке алуды жүзеге асыратын органдар ұсынған мәліметтердің негізінде.

(24-бап)

 

8. Сайлаушылардың тізімдерін тиісті сайлау комиссиясына акт бойынша тапсыру.

Тиісті әкімдер.
Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2018 жылғы 5 наурыздан кешіктірмей.

(24-бап 5-тармақ)

 

9. Ұсыну туралы шешімді мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттың назарына жеткізу.

                                                Қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдары.
                                     

                                      (103-бап 3-тармақ 1) тармақша)

 

10. Мәслихат депутаттығына кандидат етіп ұсыну туралы шешімді кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен бірге округтік сайлау комиссиясына тапсыру.

Қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдары, олардың құрылымдық бөлімшелері, депутаттыққа кандидаттар.

(103-бап 3-тармақ 2) тармақша)

 

11. Мәслихат депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау.

Округтік сайлау комиссиясы.
Азаматтың өзін-өзі ұсыну жолымен дауысқа түсуге өтінішін берген немесе қоғамдық бірлестіктің жоғарғы органы кандидатты ұсыну туралы хаттамасының үзінді көшірмесімен бірге кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішін тапсырған сәттен бастап үш күн ішінде.

(103-бап 8-тармақ)

 

12. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдаймен Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда табысы мен мүлкі туралы декларация ұсыну.

Кандидат және оның (жұбайы) (зайыбы).
Кандидатты тіркегенге дейін.

(104-бап 1-1-тармақ)

 

13. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу және әрқайсысына тиісті куәлік беру.

                                                Округтік сайлау комиссиясы.
                                                2018 жылғы 25 қантарда басталып, жиырма бес күн қалғанда 2018 жылғы 27 ақпанда аяқталады. 
                                      

(104-бап 8-тармақ)

 

14. Мәслихат депутаттығына кандидатты тіркеу туралы хаттама жасау және оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясына тапсыру.

Округтік сайлау комиссиясы.
Бес күн мерзім ішінде.

(104-бап 5-тармақ)

 

15. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабар жариялау.

                                                Округтік сайлау комиссиясы.
                                                Кандидаттарды тіркегеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей.
                                     

                                      (104-бап 6-тармақ)

 

16. Кандидат пен оның (жұбайы) (зайыбы) декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.

Салық қызметі органдары.
Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде.

(104-бап 1-1- тармақ)

 

17. Сайлау қорларын округтік сайлау комиссияларында тіркеу.

Мәслихат депутаттығына кандидаттар, олардың сенім білдірілген адамдары.
Мәслихат депутаттығына кандидаттардың тиісті сайлау округіне хабарласқан уақытынан бастап күнтізбелік бір күн ішінде.
(Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 19.08.2010 ж. №7/8 Қаулысы)

                                       (34-бап 2-тармақ)

 

18. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу.

                                                Аумақтық сайлау комиссиясы.
                                                Кандидат тіркелгеннен кейін.
                                      

                                      (34-бап 6-тармақ)

 

19. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және әрқайсысына тиісті куәліктер беру.

Округтік сайлау комиссиясы.
Сенім білдірілген адамдардың тізімдерін тіркеу үшін берген сәттен бастап.

                                      (31-бап)

 

20. Сайлау алдындағы үгіт.

                                              Кандидаттар тіркелген мерзім аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы
                                              күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
                                              (2018 жылғы 28 ақпанда басталып, 23 наурыз күні сағат 24.00-де аяқталады).
                                     

                                       (27-бап 2-тармақ)



21. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу және оларды жарақтандыру.

Жергілікті атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары.
Сайлау жарияланған күннен бастап, сайлау алдындағы үгіт басталғанға дейін.

(28-бап 6-тармақ)

 

22. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру.

Бөлінген үй-жайда кандидаттардың сайлаушылармен кездесуінің кестесін жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары.
Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары. Сайлау алдындағы үгітке дайындалу барысында және сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде.

(28-бап 4-тармақ)



23. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдерін сайлаушыларға танысу үшін беру.

                                              Учаскелік сайлау комиссиялары.
                                              Дауыс беретін күнге он бес күн қалғаннан 2018 жылғы 9 наурыздан кешіктірмей.

                                     (26-бап 1-тармақ)

 

24. Сайлаушыларды сайлау учаскелерінде дауыс берудің уақыты және орны туралы хабардар ету.

                                               Учаскелік сайлау комиссиялары.
                                               Дауыс беретін күнге дейінгі он күннен
                                               2018 жылғы 15 наурыздан
кешіктірмей.
                                     

                                      (38-бап 2-тармақ)

 

25. Қажет болған жағдайда кейбір учаскелерде дауыс беруді бастайтын және аяқтайтын басқа уақытты белгілеу.

Аумақтық сайлау комиссиялары.
Дауыс беру күніне жеті күн қалғаннан
2018 жылғы 18 наурыздан кешіктірмей.

                                       (38-бап 3-тармақ)

 

26. Учаскелік сайлау комиссияларына сайлау бюллетеньдерін жеткізу.

Округтік және аумақтық сайлау комиссиялары.
Сайлаудан кем дегенде бір күн бұрын жеткізіледі - 2018 жылғы 23 наурыздан кешіктірмей.

(37-бап 3-тармақ)

 

27. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерінің ашылуы және тиісті хаттаманы жасау.

Учаскелік сайлау комиссиялары.
Дауыс беруге бір сағат қалғанда (2018 жылғы 25 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де).

                                      (40-бап)

 

28. Дауыс беруді өткізу.

Учаскелік сайлау комиссиялары.
Дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, сайлау күні, 2018 жылғы 25 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін.

(38-баптың 1-тармағы, 42-бап)

 

29. Сайлау учаскесінде дауыстарды санау және дауыстарды санау туралы хаттама жасау.

                                               Учаскелік сайлау комиссиялары.
                                               Дауыс беретін уақыт өзгертілмесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады.

                                       (43-бап)

 

30. Хаттаманың көшірмесін жалпыжұрттың танысуы үшін сайлау учаскесінің үй-жайындағы арнайы белгіленген орынға ілу.

Учаскелік сайлау комиссиясы.
Дауыстарды санау аяқталысымен дереу.

                                      (43-бап 8-тармақ)

 

31. Сайлау бойынша дауыс берудің қорытындылары туралы хаттаманы округтік сайлау комиссиясына тапсыру.

Учаскелік сайлау комиссиялары.
Дауыс беру аяқталысымен және хаттама жасалысымен дереу.

(108-бап 1-тармақ)

 

32. Сайлау округі бойынша сайлау нәтижелерін анықтау жөнінде округтік сайлау комиссиясының отырысын өткізу үшін сайлау учаскесін анықтау, отырыстың орны мен уақыты туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Округтік сайлау комиссиясы.
Дауыс берілетін күннен кемінде он күн бұрын 2018 жылғы 14 наурыздан кешіктірмей.

                                       (43-бап 8-1-тармақ)

 

33. Сайлау округі бойынша мәслихат депутатын сайлаудың нәтижелерін анықтау, тиісті хаттама жасау және оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жіберу.

Округтік сайлау комиссиясы.
Сайлау өткізілген күннен бастап екі күннен аспайтын мерзімде 2018 жылғы 27 наурыздан кешіктірмей.

                                      (108-бап 2-тармақ)

 

34. Сайлау округі бойынша сайлау нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін жалпыжұрттың танысуы үшін отырыс өткізілген сайлау учаскесінің үй-жайында ілу.

Округтік сайлау комиссиясы.
Дауыс беру аяқталысымен және хаттама жасалысымен – дереу.

(43-бап 8-1-тармақ)

 

35. Отырыс өткізілген сайлау учаскесінің үй-жайында сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы жиынтық тізімдемені жалпыжұрттың танысуы үшін ілу.

Округтік сайлау комиссиясы.
Дауыс беру күнінен бастап бес күннен 2018 жылғы 30 наурыздан кешіктірмей.

(43-бап 8-2-тармақ)

 

36. Округ бойынша сайлау нәтижелері туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

                                                Округтік сайлау комиссиясы.

                                      (16-бап 9) тармақша)

 

37. Мәслихаттар депутаттары сайлауының қорытындыларын анықтау.

Аумақтық сайлау комиссиялары.
Сайлау өткізілген күннен бастап бес күн мерзімнен 2018 жылғы 30 наурыздан кешіктірмей.

                                      (111-бап 1-тармақ)

 

38. Мәслихат депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Аумақтық сайлау комиссиялары.
Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен 2018 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей.

                                       (44-бап 4-тармақ 2) тармақша)

 

39. Кандидаттардың сайлау қорларына келіп түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Округтік сайлау комиссиялары.
Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейінгі он күн ішінде - 2018 жылғы 11 сәуірден кешіктірмей.

                                       (34-бап 4-тармақ)

 

40. Мәслихаттардың сайланған депутаттарын тіркеу, тиісті куәліктер беру.

                                               Аумақтық сайлау комиссиялары.

                                       (46-бап 3 тармақ, 112-бап 1-тармақ)

 

Ескерту: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының нормаларына сілтеме жасалынды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113 бабына сәйкес мәслихат депутаттарының кезектен тыс және шығып қалғандардың орнына сайлау аталған Конституциялық заңмен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауының тиісті талаптарына сәйкес өткізіледі.

 


Мақаланың шыққан күні: 01.02.2018 01:06

Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.11.2018 14:35

Қаралым саны: 1112