Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.07.2020

Қызметтер

Мемлекеттік - жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық туралы хабарлама

2015 жылғы 31 қазандағы №379-V «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44 бабына сәйкес, Атырау қаласы аумағын өңдеу бойынша дезинсекциялық іс-шаралар жүргізу арқылы Атырау қаласының оңтайлы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы үшін «Атырау қаласы аумағын SMART-дезинсекциялау» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы (бұдан әрі – МЖӘ жобасы) арқылы бастамашылықты әлеуетті жекеше әріптестің көтергенін хабарлаймыз.

МЖӘ жобасының мәлімделген техникалық көрсеткіштері:

- қала аумағының және жасыл желектердің, саябақтарды қоса алғанда – 3 276 га;

- ауылдық округтердің аумағы – 2 712 га;

- су айдындары, Каспий теңізі жағалауы, каналдар, тұндырғыш резервуарлар аумағы – 2 071 га;

- көп пәтерлі тұрғын үйлер аумағы – 280 га;

- GIS DI – жолаушылар тасымалы, жол белгісі, көшелерді дезинсекциялау/тазалау, қар тазалау, жасыл желектерді суару, жол белгілері бойынша жұмыстарды орындау мониторингі үшін бағдарламалық өніммен қоса, аймақтың онлайн картасына шығару арқылы омырау және автомобиль бейнетіркеуіштер мен GPS-навигаторлардан ақпаратты сұрату бойынша орталықтандырылған жинау, сақтау және ұсыну үшін клиенттік интерфейсі бар серверлік бөлігін қоса алғанда, орындалған жұмыстардың жай-күйі.

МЖӘ жобасының алдын–ала мөлшерленген жалпы мерзімі 5 жыл. Жобаны әлеуетті жекеше әріптестің қаржысы есебінен жүзеге асыру жоспарланған. Инвестицияны қайтару қолжетімділік үшін төлем арқылы жүзеге асырылмақшы. Келісім–шарт бойынша көрсетілген мерзімдегі қолжетімділік үшін төлемнің қорытынды сомасы 3 128 546 мың теңгені құрайды. Оның ішінде сервистік қызмет көрсету және еңбекақы төлеу қоры бойынша операциялық шығындардың өтемақысы 2 744 339 мың теңгені, МЖӘ жобасын басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы көлемі 384 207 мың теңгені құрайды.

МЖӘ жоспарланған жобасын жүзеге асыруға мүдделі әлеуетті жекешелік әріптестер көшені жарықтандырудың осы тектес жүйелерін жүзеге асыру мүмкіндігі туралы өздерінің балама жоспарлары мен ұсыныстарын ұсына алады.

Әлеуетті жекеше әріптестің міндеті:

· Өңірдің онлайн-картасына шығару арқылы дезинсекциялау жұмыстарын жүргізу бағыттарын келісу;

· Қала аумағын және жасыл желектердің, саябақтарды қоса алғанда дезинсекциялық өңдеу жүргізу;

· Ауылдық округтер аумағына дезинсекциялық өңдеу жүргізу;

· Су айдындары, Каспий теңізі жағалауы, каналдар, тұндырғыш резервуарлар аумағына дезинсекциялық өңдеу жүргізу;

· Көп пәтерлі тұрғын үйлер аумағына дезинсекциялық өңдеу жүргізу;

· Әрбір сектор бойынша қажетті улы химикаттар мен концентрацияларды есептерді орындау;

· Жұмыстардың орындалуына мониторинг жүргізу бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізуді орындау;

· Жұмыстардың орындау мониторингін жүргізу үшін жабдықтарды сатып алу;

· Мемлекеттік әріптеске есеп беру;

· Қызмет көрсетудің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында SMART-дезинсекция жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыруға арналған серверлік және телекоммуникациялық жабдықтардың болуы және әлеуетті жекеше әріптестің Атырау қаласы аумағында деректерді өңдеу орталығының кемінде үш технологиялық, географиялық жағынан таратылған серверлік алаңдары болуы;

· Әлеуетті жекеше әріптестің желісіне және телекоммуникациялық жабдықтарына қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін әлеуетті өнім беруші пайдаланатын жабдық бойынша кемінде 1 (бір) сертификатталған Professional деңгейдегі инженердің болуы;

· Сөйлесу жазбаларын сақтай отырып, өтінімдерді қабылдау бойынша бұлтты колл-орталық жедел желісі қызметінің ұсынылуын растау;

· Атырау қаласы аумағында колл-орталыққа қоңырау шалудың бірыңғай нөмірі болуы;

· Функциялары бар колл-орталық үшін бағдарламалық өнімнің болуы; өтініштерді өңдеу; IVR; шығыс қоңырау шалу; сөйлесуді жазу; операторлардың жұмысын бақылау және талдамалық есептерді қалыптастыру мүмкіндігімен супервизор интерфейсі; сапаны бағалау;

· Ақпараттық технологиялар саласында жоғары білімі бар және С немесе PMP IPMA деңгейі сертификаты бар кемінде 1 (бір) жоба менеджерінің болуы;

· Ақпараттық технологиялар саласында жоғары білімі бар техникалық қолдау маманының болуы Service Desk Institute (SDI) негізіндегі сертификат немесе ITIL Foundation сертификатының болуы;

· Кемінде 16 жабдықталған жұмыс орны, дербес компьютер процессорі кемінде 2,9 ГГц, кэш көлемі кемінде 9 Мб, кемінде 6 ядролы, кемінде 6 ағын, жедел сақтау құрылғысы кемінде 8 Гб, HDD кемінде 500Gb, желілік карта 100/1000 Мбит/сек, OS Windows 10 Pro, KAV, дыбыстық карта, гарнитура, Пернетақта+Тышқан, 2 монитор кемінде 23 дюйм болуы.

Өзге де әлеуетті жеке меншік серіктестер ұсынатын баламалы ақпараттық жүйелері өзінің техникалық сипаттамасы бойынша тең дәрежеде немесе осы хабарламада көрсетілгеннен жоғары деңгейде болуға тиісті;

Әлеуетті инвесторларға қойылатын талап:

1) Заңды тұлғалар үшін құқықтық қабілеттілік пен жеке кәсіпкерлер үшін азаматтық әрекет қабілеттілігі болуы;

2) салық қарызының болмауы, яғни төлем қабілеттілігі болуы;

3) мемлекеттік – жеке меншік серіктестік келісім–шарты бойынша міндеттерді атқаруға қажетті болып табылатын еңбек (немесе), қаржылық (немесе) және материалдық ресурстардың болуы;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, оның қаржы – шаруашылық қызметі тоқтатылмаған, оның мүліктері қамауғ алынбаған болуы керек, әрі таратылуға жатпайтын немесе, банкроттық процедурасына ұшырамаған болуға тиісті;

5) сондай–ақ, соңғы үш жылда жосықсыз әлеуетті жеке – меншік серіктес ретінде тану туралы заңды күшіне енген соттың шешімі бойынша мемлекеттік – жеке меншік келісім-шарттары арқылы өз міндеттерін дұрыс орындамағаны немесе орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылмаған болуы;

6) осыған ұқсас SMART-дезинсекциялауға зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижесіне құқық берілген болуы тиіс;

Қазақстан Республикасының Атырау облыстық әкімдігі осы хабарлама жарыққа шыққаннан кейінгі 30 күнтізбелік күн ішінде баламалы ұсыныстарды қабылдайды.

Баламалы ұсыныстарда мынадай жайттар қарастырылуға тиісті:

1. 2015 жылғы 31 қазандағы №379-V Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жекешелік әріптестік туралы» Заңының талаптарына және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 25 қарашадағы бекіткен №725 бұйрығына сәйкес рәсімделген мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы бизнес-жоспары;

2. Осыған ұқсас SMART-дезинсекциялауға зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижесіне ерекше құқық берілгенін дәлелдейтін құжаттардың болуы тиіс;

3. Әлеуетті жекеше әріптестің атауы мен мекен-жайы;

4. Заңды тұлғалар үшін мемлекетке тиесілілігі, жеке тұлғалар үшін азаматтық тиесілілігі туралы ақпарат;

5. Заңды тұлғалар мен тұлғалардың мүдделерін білдіретін басшылар мен жетекшілер туралы мәліметтер;

6. Әлеуетті жекеше әріптестің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар.

Анықтама үшін: Атырау облысының әкімдігі, «Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы» ММ, мекен-жайы: Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77, тел.: +7 (7122) 35-53-43.


Мақаланың шыққан күні: 05.12.2019 17:25

Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.12.2019 17:25

Қаралым саны: 485