Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.07.2020

Қызметтер

«Атырау қаласында 40 орынға арналған гемодиализ орталығының құрылысын салу және пайдалануға беру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша екі кезеңдік рәсімдерді қолдана отырып, жекеше әріптесті анықтау бойынша конкурсты қайта өткізу туралы хабарландыру

«Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңының 36-бабына және Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру Ережелерінің 77-тармағына сәйкес «Атырау қаласында 40 орынға арналған гемодиализ орталығын салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша екі кезеңдік рәсімдерді қолдана отырып, жекеше әріптесті анықтау бойынша конкурсты қайта өткізу туралы хабарлама жариялайды.

Жоспарланған жобаның құны: 700 000 мың теңге.

Жобаның мақсаты: Атырау облысы халқының бүйрек ауруларын емдеу барысында қолжетімді және жетілдірілген әдістерді жоғарылату. Жоғарғы сапалы диализ қызметін ұсына отырып, науқастардың өмір сүру сапасын жақсарту. Халықаралық стандартқа сай, дәрігердің кеңес беруінен диализ рәсіміне дейін кешенді медициналық қызмет көрсету түрлерін тиімді пайдалану.

Жекеше әріптесті анықтау тәсілі: Екі кезеңдік рәсімдерді қолдана отырып, жеке әріптесті анықтау бойынша конкурс.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жекеше әріптестер техникалық тапсырмаға сәйкес әзірленген техникалық ұсынысты және біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды 2018 жылдың 20 желтоқсан күні сағат 15:00-ге дейін тапсыру қажет (жергілікті уақыт бойынша) , оның негізінде біліктілік іріктеу жүргізілетін болады.

Мемлекеттік қолдаудың ұсынылатын шаралары: инвестициялық шығындарды өтеу. Тараптардың келісімі бойынша басқа да шығындарды өтеу мүмкіндігі айқындалады.

Жобаны жүзеге асыру кезеңдері мен мерзімдері:

Жобаның жүзеге асырылу кезеңі: 2019-2040ж.ж.

МЖӘ шартының мерзімі: 21 жыл.

МЖӘ жобасының негізгі параметрлері мен талаптары:

1) жобалау-сметалық құжаттамада көзделетін құрылыс-монтаж жұмыстарын (объектіні құру) жүргізу;

2) «МЖӘ туралы» ҚР Заңының 32-бабымен белгіленген біліктілік талаптарының сақталуы.

Әлеуетті жекеше әріптестес ұсынған техникалық тапсырмалардың, біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесінің көшірмесін хабарлама жарияланған уақыттан бастап жұмыс күндері сағат 9:00-13:00 және 14:30-18:30 (Атырау қ.уақытымен) алуға болады.

Жобаны іске асыруға мүдделі болған жағдайда тиісті құжаттарды мына мекен-жайға жіберу қажет: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы «Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ. Айтеке би көшесі 77, каб. 315,

тел. 8(7122)321179, сонымен қатар, «Атырау Innovations» ЖШС, тел: 8(701)1010783, 8(747) 1221112; email: atyrauppp@mail.ru


Мақаланың шыққан күні: 20.11.2018 17:38

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.11.2019 15:14

Қаралым саны: 1070