Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.04.2020

Қызметтер

«Атырау қаласы Ақсай селосының бір аусымда 25 науқас қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысы мен пайдалануы» жобасы бойынша конкурсты өткізу туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы, Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы, Атырау қаласы, Әйтеке-би к-сі, 77 үй, «Атырау қаласы Ақсай селосының бір аусымда 25 науқас қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысы мен пайдалануы» жобасы бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі оңайлатылған тәртіппен конкурс өткізілуін хабарлайды.

Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік жекешелік әріптестік туралы» Заңының 32 бабына және жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстық құжаттамаларына сәйкес конкурсқа барлық әлеуетті қатысушыларға жол беріледі.

Конкурс ұйымдастырушыға берілетін қажетті құжаттар тізімі және әлеуетті қатысушалырға қойылатын талаптар конкурстық құжаттамаларда көрсетілген.

Конкурстық құжаттамалардың көшірмесін Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Әйтеке-би к-сі, 77 үй, сағат 9.00 ден 12.30 ға дейін және 14.00 ден 18.30 ға дейін Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасында, осы хабарлама жарияланған соң алуға болады.

Конкурстық өтінімдер мен біліктілік іріктеуге қатысты құжаттар, жабылған конверттер, конкурсқа қатысушыларға жоғарыда көрсетілген мекен жай бойынша қолма қол беріледі.

Біліктілік талаптарға жекеше әріптестің сәйкестігін анықтайтын құжаттамаларды беру мерзімі 2018 жылдың 14 мамырына дейін саған 11.00 дейін.

Конкурсқа қатысу үшін конкурстық өтінімдер беру соңғы мерзімі 2018 жылдың 14 мамырына дейін саған 11.00 дейін.

Конкурстық өтінімдер мен конверттердің ашылуы 2018 жылдың 14 мамырында Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Әйтеке-би к-сі, 77 үй, мекен жайында сағат 12.00 өткізіледі.

Анықтама мәліметін «Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-сі тел: 8 (7122) 35-45-71, 32-04-39 эл.адрес oblzdrav_atyrau@mail.ru, «Атырау облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» 8(7122) 35-45-58, эл.адрес: Atyrau_uebp@mail.ru және «Атырау Innovations» ЖШС, 8(7122) 27-62-03, email: atyrauinvest@mail.ru. алуға болады.


Мақаланың шыққан күні: 13.04.2018 07:29

Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.06.2018 16:15

Қаралым саны: 1147