Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.08.2020

Қызметтер

«Атырау қаласы Өркен ы/а бір аусымда 100 науқас қабылдайтын емхана құрылысын салу және пайдалануға беру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша екі кезеңдік рәсімді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Атырау облысы Денсаулықты сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңының 36-бабы, сонымен қатар ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.11.2015 ж. №725 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 77 тармағымен «Атырау қаласы Өркен ы/а бір аусымда 100 науқас қабылдайтын емхана құрылысын салу және пайдалануға беру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша екі кезеңдік рәсімді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Жоспарланған жобаның құны: 1 500,0 млн. теңге.

Жобаның мақсаты: Атырау қаласы Өркен ықшам ауданында медициналық-санитарлық алғашқы көмек қызметінің тиімді жүйесін құру. Медициналық көмектің сапалылығы мен қолжетімдігін өамтамасыз ету. Профилактика, диагностика, емдеу және оңалту жаңа технологияларын енгізу және қызметтерін жетілдіру.

Жеке серіктесті анықтау тәсілі: екі кезеңдік рәсімді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жекеше әріптестер техникалық тапсырмаға сәйкес әзірленген және біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды 2019 жылдың 19 қаңтар күні сағат 15:00-ге дейін тапсыру қажет (жергілікті уақыт бойынша), оның негізінде біліктілік іріктеу жүргізілетін болады.

Мемлекеттік қолдаудың ұсынылатын шаралары: инвестициялық шығындарды өтеу. Тараптардың келісімі бойынша басқа да шығындарды өтеу мүмкіндігі айқындалады.

Жобаны жүзеге асыру кезеңдері мен мерзімдері:

Жобаның жүзеге асырылу кезеңі: 2019-2025жж.

МЖӘ шартының мерзімі: 7 жыл.

МЖӘ жобасының негізгі параметрлері мен талаптары:

1) жобалау-сметалық құжаттамада көзделетін құрылыс-монтаж жұмыстарын (объектіні құру) жүргізу;

2) «МЖӘ туралы» ҚР Заңының 32-бабымен белгіленген біліктілік талаптарының сақталуы.

Әлеуетті жекеше әріптестес ұсынған техникалық тапсырмалардың, біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесінің көшірмесін хабарлама жарияланған уақыттан бастап жұмыс күндері сағат 9:00-13:00 және 14:30-18:30 (Атырау қ.уақытымен) алуға болады.

Жобаны іске асыруға мүдделі болған жағдайда тиісті құжаттарды мына мекен-жайға жіберу қажет: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы «Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ. Айтеке би көшесі 77, каб. 315, тел. 8(7122)321179, сонымен қатар, «Атырау Innovations» ЖШС, тел: 8(701)1010783, 8(747)9660209; email: atyrauppp@mail.ru


Мақаланың шыққан күні: 20.11.2018 17:38

Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.11.2018 17:38

Қаралым саны: 1287