Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
15.07.2020

Қызметтер

Избасова Рысбике Косекеқызы

Избасова Рысбике КосекеевнаҚатысушының аты-жөні: Избасова Рысбике Косекеқызы

Мұғалім-хореораф. Директордың тәрбиесі жөніндегі орынбасары.

Жұмыс орны: Атырау облысы, Сағыз селосы. А.Өміров өнер мектебі.

Қысқаша мінездеме: Еңбек жолын: 1990 жылы Кеңес үкіметі кезіндегі Қызылқоға ауданындағы «Балауса» балалар бақшасында тәрбиеші болып бастаған. 2000 жылдан бастап аталмыш мектепке ауыстырылды. Жоғарғы білімді, мінезі ашық, көпшіл, тәжірбиесі мол, жаңашыл, ізденімпаз, жоғарғы санатты мұғалім-хореораф. Жауапкершілігі жоғары, мектептегі тәрбие жұмысын ізденімпаздығының арқасында жүйелі ұйымдастыра біледі.

Балаларға сапалы білім бере отырып, шығармашылықпен айналысады. Рысбике қазіргі таңдағы шығармашылық жұмысының тақырыбы

«Дарынды балалармен жеке жұмысты ұйымдастыру »

Ұжымарасында, ата-аналар арасында үлкен беделге ие.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінен - Алғыс хат. Атырау облыстық Білім беру басқармасының – құрмет грамотасы, Атырау облыстық кәсіподақ қоғамдық бірлестігінің – құрмет грамотасы. Атырау облыстық ғылыми әдістемелік халық шығармашылығы орталығынан - алғыс хат, аудандық білім бөлімінен – алғыс хаттар.

2015 жыл қорытындысы бойынша «Үздік хореораф», «Музыка мектептерінің ең таңдаулы ұстазы» - бас жүлде. т.б

Ал шәкірттері облыстық, республикалық, халықаралық сайыстардың жүлделі орындарын иеленген.

Мекенжай: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы, Қ.Оразов көшесі, 1 үй.


Мақаланың шыққан күні: 24.06.2019 09:56

Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.06.2019 11:02

Қаралым саны: 2174