Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.10.2017

Қызметтер

Махамбет ауданының 2016 жылғы қаңтар-мамырдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

Өнеркәсіп:

Өнеркәсіп өндірісінің өнім көлемі 1107 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 87,4%.

Ауыл шаруашылығы:

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2 341,0 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 130,2%.

Барлық мал басынан да өсім бар, оның ішінде жылқы 18,8%, құс 19,4 есеге өсті. 2016 жылдың 1 маусым жағдайына ауданда 16242 бас мүйізді ірі қара (оның ішінде сиыр – 8 371 бас), 41922 бас қой - ешкі, 4374 бас жылқы, 3236 бас түйе малы және 241414 бас құс бар.

1 459 тонна ет өндірілді немесе 2015 жылдың қаңтар-мамыр айларына 101,4%, сүт – 5 228 тонна (122,3%), жұмыртқа – 24 450 мың дана (есепті кезеңнен 16,1 есе жоғары).

Инвестициялық қызмет:

Негізгі капиталға инвестициялар 6 900 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 68,4%.

9 021 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 111,7%.

Қаржы:

2016 жылдың 1 маусым жағдайына мемлекеттік бюджетке 2 212 млн. теңге түсім жиналды, соның ішінде жергілікті бюджетке – 1411 млн. теңге.

Кәсіпкерлік:

2016 жылдың 1 маусым жағдайына 1 717 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелді, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңінен 10%-ға артық. Оның 1 633-і жұмыс істеп тұрғаны немесе тіркелгендер санының 95,1%-ы.

Еңбек нарығы:

Экономиканың барлық салаларында 164 жұмыс орны құрылды, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 51,6%-ға төмен.

Тіркелген жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрады.

2016 жылдың 1 маусымына жұмыссыздар саны 843 адамды құрады, бұл 2015 жылдың қаңтар-мамырынан 27,5%-ға артық, кедейшілік деңгейінен төмен тұратындар саны – 36 адам (бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңіне 128,5%).

Қаржыландырудың барлық көздерінен 11,9 млн. теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді, соның ішінде атаулы әлеуметтік көмек – 36 адамға
759,0 мың теңге.

Жұмысқа 216 адам орналастырылды, бұл 2015 жылдың қаңтар-мамырынан 4,8%-ға төмен, ақылы қоғамдық жұмыстарға 340 адам жіберілді.

Денсаулық сақтау:

Махамбет ауданы бойынша денсаулық сақтау саласының мемлекеттік желісі құрамын 1 аудандық аурухана, 1 аудандық емхана, 10 дәрігерлік амбулатория, 7 медициналық пункт, сонымен қатар ауданаралық 1 туберкулезге қарсы аурухана құрайды.

2015 жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда туберкулезбен аурушаңдық 100 мың тұрғынға шаққанда 19 пайызға артты. Қатерлі ісікпен аурушаңдық - 9 жағдай, ана өлімі тіркелген жоқ. 4 сәби өлімі тіркеліп 20 %-ға, жалпы өлім 1,2%-ға азайды.

Білім беру:

Ауданда 17 жалпы білім беретін мектеп (5 443 оқушы) жұмыс жасайды. 100 оқушыға арналған 3 мектеп жанындағы интернат бар.

17 балабақша (1 730 бала), 8 шағын орталық (190 бала) және
2 мектептен тыс мекеме (785 бала) және №8 психологиялық-медициналық-педагогикалық түзету кабинеті (34 бала) жұмыс істейді.

2015-2016 оқу жылында 1258 оқушы (аз қамтылған отбасының) ыстық тамақпен қамтылды.

Береке ауылында апатты жағдайдағы негізгі орта мектеп орнына демеушілер есебінен 250 орындық мектеп құрылысы жүруде. Алмалы ауылында «Бұлбұл» балабақшасы күрделі жөндеуден өтуде.

Мәдениет

Ауданда 28 мәдениет ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде:
13 кітапхана, 2 мұражай, 13 клуб мекемесі.

Есбол ауылдық клубын күрделі жөндеуден өтуде.

Қылмыс

2016 жылдың қаңтар-мамырында 79 қылмыс тіркелді немесе
2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,2%-ға төмен.


Мақаланың шыққан күні:: 05.09.2016 11:11
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 05.09.2016 11:13