Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.09.2017

Қызметтер

Атырау облысының 2017 жылғы қантар - ақпан айындағы әлеуметтiк-экономикалық дамуының көрсеткіштері

Өнеркәсіп өнiмiнің көлемi 968,5 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексi – 109,2%.

Тау-кен өнеркәсiбiнде 875,2 млрд. теңге сомасына өнім өндiрiлді. Өндірілген өнімнің нақты көлем индексi 108,8%-ды құрады.

6 536,8 мың тонна мұнай және 3 143,7 млн. текше метр ілеспе мұнай газы өндіріліп, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңіне тиісінше 114,8% және 117%.

Өңдеу өнеркәсiбiнде өнiм көлемi 81,4 млрд. теңгені құрады немесе 113,1%.

2017 жылы Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде 269 жұмыс орнын құрумен құны 4,4 млрд. теңгеге 3 жоба іске асырылуда, оның ішінде 1-ші наурызға 2 жоба іске қосылды:

1. «Жігермұнайсервис» ЖШС-нің роботтық дәнекерлеу әдісін қолданумен металлқұрылымдар шығару өндірісін құру (жоба құны 2,7 млрд. теңге, 49 жұмыс орны);

2. Макарон өнімдерінің өндірісі «Карат» ЖШС (жоба құны 1,4 млрд. теңге, 20 жұмыс орны).

Жыл соңына дейін 1 жобаны іске қосу жоспарлануда:

1. «Луговской конный завод» ЖШС балық шаруашылығының өндірісін құру (жоба құны 350 млн. теңге, 200 жұмыс орны).

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 4,2 млрд. теңгені құрады. Жалпы өнімнің индексі – 101,9%, соның ішінде мал шаруашылығында – 4,1 млрд. теңге (101,9%) және егін шаруашылығында – 94,7 млн. теңге (100%).

Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 41 981 бірлік немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 93,4%.

*** Төмендеу шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері саны бойынша ақпараттар базасының оңтайландырылуы, статистикалық және салық органдары ақпараттарының сәйкестендірілуімен байланысты.

2016 жылдың қаңтар-қыркүйегінде шағын және орта кәсіпкерлікте өнім шығарылымының көлемі 653,5 млрд. теңге немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,4%-ға артты. Осы салада жұмыс жасайтындар саны 128,7 мың адамды құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9%-ға артық (экономикалық белсенді халық санының 41,1%).

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар 237 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 117,9%.

*** Негізгі инвестициялық салымдар облыстың ірі кәсіпорындарымен жүзеге асырылуда: «Теңізшевройл» (Келешек кеңею жобасында құрылыс жұмыстары жүргізілуде – ККЖ) және «Норт каспиан оперейтинг компани Н.В.» (Қашағанда жұмыстар жүргізілуде), «АМӨЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенін қайта жаңғырту – МТӨК).

94,8 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 123,6%.

Облыстың сыртқы сауда айналымы ағымдағы жылдың қаңтарында 1 263,2 млн. АҚШ долларын құрап, 2016 жылдың қаңтарымен салыстырғанда

106,5%, соның ішінде экспорт – 1 131 млн. АҚШ долларын (110,1%), импорт – 132,2 млн. АҚШ долларын құрады (83,4%).

Инфляция деңгейі ағымдағы жылдың 1 наурызына (2016 жылдың желтоқсанына) 102,6%-ды құрады (ҚР – 101,8%), соның ішінде азық-түлік тауарларына – 102,9% (ҚР – 102,6%), азық-түлік емес тауарларға – 101,7% (ҚР – 101,3%), ақылы қызметтерге – 103,2% (ҚР – 101,2%).

*** Инфляцияның өсуі азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары бағаларының қымбаттауымен (сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек, балық және теңіз өнімдері, жарма, кондитерлік өнімдер, алкогольді ішімдіктер және темекі өнімдері, жуу және тазалау құралдары, фармацевтикалық өнімдер, автокөлік құралдары, киім және аяқ киім, жанар-жағар май), сондай-ақ ақылы қызметтер бағасының қымбаттауымен байланысты (авиабилеттер, газ, орталық жылу, ыстық су).

Салықтар және бюджет. Мемлекеттік бюджетке 165,3 млрд. теңге сомасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналды немесе болжамға 112,7%, республикалық бюджетке 118,4 млрд. теңге, жергілікті бюджетке – 46,9 млрд. теңге түсті.

Ұлттық қорға 415,4 млрд. теңге аударылды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау.

Жұмысқа 1 494 адам орналастырылды, ақылы қоғамдық жұмыстарға 1 614 жұмыссыз және қайта даярлау және біліктілікті арттыру курсына 44 адам жіберілді. 4 560 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 4 316-ы – тұрақты, 244-і – уақытша жұмыс орындары.

Жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрады (2016 жылғы IV тоқсанға).

Орташа айлық еңбек ақы 2016 жылы 267 340 теңгені немесе 2015 жылмен салыстырғанда 117% құрады (ҚР – 142 351 теңге, 113,6%).


Мақаланың шыққан күні:: 26.07.2017 06:04
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 26.07.2017 06:04