Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
20.09.2017

Қызметтер

Атырау облысының 2017 жылғы қантар айындағы әлеуметтiк-экономикалық дамуының көрсеткіштері

Өнеркәсіп өнiмiнің көлемi 503,5 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексi – 109,6%.

Тау-кен өнеркәсiбiнде 456,2 млрд. теңге сомасына өнім өндiрiлді. Өндірілген өнімнің нақты көлем индексi 109,4%-ды құрады.

3 358,8 мың тонна мұнай және 1 659,1 млн. текше метр ілеспе мұнай газы өндіріліп, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңіне тиісінше 114,8% және 119,6%.

Өңдеу өнеркәсiбiнде өнiм көлемi 41,2 млрд. теңгені құрады немесе 112,6%.

2017 жылы Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде 269 жұмыс орнын құрумен құны 4,4 млрд. теңгеге 3 жобаны іске асыру жоспарланып отыр:

1. «Жігермұнайсервис» ЖШС-нің роботтық дәнекерлеу әдісін қолданумен металлқұрылымдар шығару өндірісін құру (жоба құны 2,7 млрд. теңге, 49 жұмыс орны);

2. Макарон өнімдерінің өндірісі «Карат» ЖШС (жоба құны 1,4 млрд. теңге, 20 жұмыс орны);

3. «Луговской конный завод» ЖШС балық шаруашылығының өндірісін құру (жоба құны 350 млн. теңге, 200 жұмыс орны).

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2,1 млрд. теңгені құрады. Жалпы өнімнің индексі – 103,1%, соның ішінде мал шаруашылығында – 2,1 млрд. теңге (103,2%) және егін шаруашылығында – 47,3 млн. теңге (100%).

Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 44 547 бірлік немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 95,3%.

*** Төмендеу шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері саны бойынша ақпараттар базасының оңтайландырылуы, статистикалық және салық органдары ақпараттарының сәйкестендірілуімен байланысты.

2016 жылдың қаңтар-қыркүйегінде шағын және орта кәсіпкерлікте өнім шығарылымының көлемі 653,5 млрд. теңге немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,4%-ға артты. Осы салада жұмыс жасайтындар саны 128,7 мың адамды құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9%-ға артық (экономикалық белсенді халық санының 41,1%).

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар 107,3 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі - 100,8%.

*** Негізгі инвестициялық салымдар облыстың ірі кәсіпорындарымен жүзеге асырылуда: «Теңізшевройл» (Келешек кеңею жобасында құрылыс жұмыстары жүргізілуде – ККЖ) және «Норт каспиан оперейтинг компани Н.В.» (Қашағанда жұмыстар жүргізілуде), «АМӨЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенін қайта жаңғырту – МТӨК).

52,9 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 155%.

Облыстың сыртқы сауда айналымы 2016 жылы 13 216,2 млн. АҚШ долларын құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 78,6%, соның ішінде экспорт – 11 091,4 млн. АҚШ долларын (75,6%), импорт – 2 124,8 млн. АҚШ долларын құрады (99,6%).

*** Төмендеу мұнай бағасының түсуімен байланысты.

Инфляция деңгейі ағымдағы жылдың 1 ақпанына (2016 жылдың желтоқсанына) 101%-ды құрады (ҚР – 100,8%), соның ішінде азық-түлік тауарларына – 102% (ҚР – 101,2%), азық-түлік емес тауарларға – 100,9% (ҚР – 100,7%), ақылы қызметтерге – 99,9% (ҚР – 100,4%).

*** Инфляцияның өсуі азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары бағаларының қымбаттауымен байланысты (сүт өнімдері, май өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек, шай, жуу және тазалау құралдары, фармацевтикалық өнімдер, киім және аяқ киім).

Салықтар және бюджет. Мемлекеттік бюджетке 50,6 млрд. теңге сомасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналды немесе болжамға 76%, республикалық бюджетке 32,4 млрд. теңге, жергілікті бюджетке – 18,2 млрд. теңге түсті.

Ұлттық қорға 348,6 млрд. теңге аударылды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау.

Жұмысқа 468 адам орналастырылды, ақылы қоғамдық жұмыстарға 949 жұмыссыз және қайта даярлау және біліктілікті арттыру курсына 10 адам жіберілді. 530 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 459-ы – тұрақты, 71-і – уақытша жұмыс орындары.

Жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрады (2016 жылғы IV тоқсанға).

Орташа айлық еңбек ақы 2016 жылы 267 340 теңгені немесе 2015 жылмен салыстырғанда 117% құрады (ҚР – 142 351 теңге, 113,6%).


Мақаланың шыққан күні:: 26.07.2017 05:44
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 26.07.2017 05:44