Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.11.2017

Қызметтер

Атырау облысының 2016 жылға әлеуметтiк-экономикалық дамуының көрсеткіштері

Өнеркәсіп өнiмiнің көлемi 4 433,1 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексi – 102,2%.

Тау-кен өнеркәсiбiнде 3 907,5 млрд. теңге сомасына өнім өндiрiлді. Өндірілген өнімнің нақты көлем индексi 102,0%-ды құрады.

33,7 млн. тонна мұнай және 15,8 млрд. текше метр ілеспе мұнай газы өндіріліп, бұл 2015 жылға тиісінше 104,0% және 104,6%.

Өңдеу өнеркәсiбiнде өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 468,7 млрд. теңгені құрады немесе 2015 жылға 104,4%.

*** Өңдеу өнеркәсібінің өсімі машина жасау (116,4%), химия (214,3%) және жеңіл өнеркәсібі (176,2%) салаларының өсуімен байланысты.

2016 жылы Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде жалпы құны 2,8 млрд. теңгеге 245 жұмыс орнын құрайтын 7 жоба жүзеге асырылды:

1) «Дәулет Нан» нан өнімдерінің зауыты «Транстехинтернэшнл» ЖШС (1,5 млрд. теңге, 90 жұмыс орны);

2) Құс фабрикасының қуаттылығын кеңейту «Алмалы Құс» ЖШС (457,3 млн. теңге, 37 жұмыс орны);

3) Бұрандалы (болт) қосылыстардың өндірісі «Studbolt Manufacturing» ЖШС (390 млн. теңге, 10 жұмыс орны);

4) Оптикалық кабель шығаратын зауыттың қуаттылығын кеңейту «ПКФ Континент Ко ЛТД» ЖШС (122 млн. теңге, 3 жұмыс орны);

5) Электртехникалық жабдықтардың өндірісін ұйымдастыру «KAZELEKTRYM (КАЗЭЛЕКТРУМ) Өндірістік кешен» ЖШС (119 млн. теңге, 70 жұмыс орны);

6) Кабельдік науа және электр қалқан шығаратын зауыт «Centech» ЖШС (119 млн. теңге, 20 жұмыс орны);

7) Тығыздағыш төсемдер өндірісі «Казахстан Интегрейтед Сервисез» ЖШС (145 млн. теңге, 15 жұмыс орны).

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 61,6 млрд. теңгені құрады. Жалпы өнімнің индексі 2015 жылға – 104,0%, соның ішінде мал шаруашылығында – 36,2 млрд. теңге (102,5%) және егін шаруашылығында – 25,0 млрд. теңге (106,4%).

Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 44 217 бірлік немесе 2015 жылға 94,8%.

*** Төмендеу шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері саны бойынша ақпараттар базасының оңтайландырылуы, статистикалық және салық органдары ақпараттарының сәйкестендірілуімен байланысты.

2016 жылдың қаңтар-қыркүйегінде шағын және орта кәсіпкерлікте өнім шығарылымының көлемі 653,5 млрд. теңге немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,4%-ға артты. Осы салада жұмыс жасайтындар саны 128,7 мың адамды құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9%-ға артық (экономикалық белсенді халық санының 41,1%).

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар 2 036,9 млрд. теңгені құрады немесе 2015 жылмен салыстырғанда 132,4%.

*** Негізгі инвестициялық салымдар облыстың ірі кәсіпорындарымен жүзеге асырылуда: «Теңізшевройл» (Келешек кеңею жобасында құрылыс жұмыстары жүргізілуде

– ККЖ) және «Норт каспиан оперейтинг компани Н.В.» (Қашағанда жұмыстар жүргізілуде), «АМӨЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенін қайта жаңғырту – МТӨК).

558,6 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2015 жылмен салыстырғанда 101,6%.

Облыстың сыртқы сауда айналымы 2016 жылы 13 216,2 млн. АҚШ долларын құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 78,6%, соның ішінде экспорт – 11 091,4 млн. АҚШ долларын (75,6%), импорт – 2 124,8 млн. АҚШ долларын құрады (99,6%).

*** Төмендеу мұнай бағасының түсуімен байланысты.

Инфляция деңгейі ағымдағы жылдың 1 қаңтарына (2015 жылдың желтоқсанына) 109,4%-ды құрады (ҚР – 108,5%), соның ішінде азық-түлік тауарларына – 109,7% (ҚР – 109,7%), азық-түлік емес тауарларға – 109,7% (ҚР – 109,5%), ақылы қызметтерге – 108,8% (ҚР – 106,1%).

*** Инфляцияның өсуі негізінен азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары бағаларының қымбаттауымен (нан, қант, көкөніс, жеміс-жидектер, шай, жұмыртқа, ет және тауық еті, автокөлік және бензин бағасының өсуі), сонымен қатар 2016 жылдың басынан бері ақылы қызметтер құнының өсуімен байланысты (Атырау қаласында қоғамдық көлікте жол жүру ақысы (автобус), орталық жылыту жүйесі, ыстық су, теміржол және әуе билеттері, медициналық қызметтер).

Салықтар және бюджет. Мемлекеттік бюджетке 815,2 млрд. теңге сомасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналды немесе болжамға 112,8%, республикалық бюджетке 603,3 млрд. теңге, жергілікті бюджетке – 211,9 млрд. теңге түсті.

Ұлттық қорға 592,1 млрд. теңге аударылды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау.

Жұмысқа 12 130 адам орналастырылды, ақылы қоғамдық жұмыстарға 5 478 жұмыссыз және қайта даярлау және біліктілікті арттыру курсына 1 547 адам жіберілді. 18 102 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 11 500-і – тұрақты, 6 602-і – уақытша жұмыс орындары.

Жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрады (2016 жылғы 3 тоқсанға).

Орташа айлық еңбек ақы 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте 266 342 теңгені немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 121,4% құрады (ҚР – 138 591 теңге, 113,4%).


Мақаланың шыққан күні:: 26.07.2017 05:32
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 01.08.2017 10:34