Array Атырау қаласының 2015 жылғы әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындылары | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.05.2017

Қызметтер

Атырау қаласының 2015 жылғы әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындылары

ӨНЕРКӘСІП

2015 жылы барлық меншік түріндегі өнеркәсiптiк кәсiпорындармен 168,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 112,6%.

Кен өндіру өнеркәсібі саласында 22,3 млрд.теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлемінің индексі 145,7% құрады.

Өндеу өнеркәсібінде 104,4 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлемінің индексі 99,1% құрады.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру, ауамен баптау қызметі түріндегі кәсіпорындар арқылы 32,6 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, қызметі көрсетілді, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 124,5% құрады.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуы және таратылуын бақылау қызметі түріндегі кәсіпорындар арқылы 9,3 млрд.теңгенің қызметі көрсетіліп, өнімі өндірілді, 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, нақты көлемінің индексі 169,3% құрады.

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

2015 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 11,3 млрд.теңге, оның ішінде мал шаруашылығы өнімі – 2,3 млрд.теңге (2014 жылмен салыстырғанда 101,7% құрайды), өсімдік шаруашылығы өнімі – 9 млрд.теңге (106,2%), қызметтер – 5,2 млн.теңге (100%).

Ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі 105,2%.

Шаруашылықтардың барлық категориялары бойынша мал басының саны: ірі қара мал – 4832 бас, қой мен ешкі – 3862 бас, жылқы – 1041 бас, түйе – 1460 бас құрады.

2015 жылы қала бойынша 2536,7 тонна ет, 4 098,5 тонна сиыр сүті, 201 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2014 жылмен салыстырғанда ет 103%, сиыр сүті 100%, жұмыртқа 100,5% құрады.

2015 жылы егіс көлемі 2112,4 гектарды, соның ішінде: картоп 357 га, көкөніс 1100,4 га, бақша 350 га, мал азықтық дақылдар 305 га. құрады, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 150,6 га өскен немесе 107,7% құрайды.

2015 жылы 4962 тонна (2014 жылға қарағанда 124,7%) картоп, 34659 тонна (113,7%) көкөніс және 9450 тонна (134,3%) бақша өнімдері жиналды. Бұл көрсеткіштер 2014 жылмен салыстырғанда орташа 118,2% құрады.

2015 жылы дайындалған мал азығы 15970 тоннаны , оның ішінде жеке сектор және шаруа қожалықтарымен -14 935 тонна, өндірістік кооперативтер және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктермен -1035 тоннаны құрады, жалпы 2014 жылмен салыстырғанда 102% болды.

Қалада жалпы аумағы 5,9 гектарды құрайтын 17 жылыжай жұмыс жасап тұр. Өткен жылы осы жылыжайлардан өндірілген өнім көлемі -1091 тн. құрады.

 

КӘСІПКЕРЛІК

2015 жылы қала бойынша 36 049 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген.

2015 жылы бөлшек саудадағы тауар айналымы 158,0 млрд. теңгені құрады, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 10 % өсіп отыр. Көтерме сауда тауар айналымы 344,6 млрд. теңгені құрады.

2015 жылы қала аумағында орналасқан 27 кәсіпорын иелерімен, яғни базарлар мен супермаркеттердің басшыларымен, ірі көтерме тасымалдаушылармен осындай Меморандумға қол қойылды.

Жергілікті шаруа қожалықтарын және жеке кәсіпкерлерді қолдау мақсатында, Атырау қаласы аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін 478 сауда орындары белгіленді. Жергілікті тауар өндірушілерге сүт, ет, жұмыртқа және балық өнімдерін сатуға қосымша 16 сауда орындары бөлінді. 2015 жылы «Мұнайшы» спорт кешені алдындағы алаңда барлығы 102 ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіліп, 250 – 270 млн. теңге көлемінде өнім сатылды.

2015 жылдың аяғында «Жеруйық» шағын ауданында қазіргі заман үлгісінде салынған «Сарайшық» коммуналдық базары ашылды. Базардың көлемі 2520 ш.м, сақтау қоймасының жалпы ауданы 4248 ш.м., азық – түлік сыйымдылығы 2330 тонна.

 

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

2015 жылы негізгі капиталға инвестиция тарту көлемі 647,7 млрд. теңгені құрады, ол 2014 жылмен салыстырғанда 49,9 % артық. Жалпы облыс көлемінде қаланың үлесі 44,5% құрайды.

Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында аймағымыздың дамуына тікелей септігін тигізіп отырған, жалпы құны 20,8 млрд.теңге құрайтын 5 жоба іске қосылды, 538 жаңа жұмыс орындары ашылды:

- «ПКФ Континент Ко ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің оптикалық кабель шығаратын зауыты, жоба құны 715 млн. теңге, 50 жаңа жұмыс орны ашылды;

- «Caspiy Lana Atyrau» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жүн өнімдерін өндіру өнеркәсібі, жоба құны 2315 млн.теңге, 50 жаңа жұмыс орны ашылды;

- «Атырау Агро Феликс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің көкөніс өңдеу және консервілеу өндірісі, жоба құны 825 млн.теңге, 22 жаңа жұмыс орны ашылды;

- «Асыл Агро» шаруа қожалығы ет өңдеу және ет өнімдерін шығару өндірісі, жоба құны 227 млн.теңге, 45 жаңа жұмыс орны ашылды;

- «Полимер Продакшн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі полимерлік өнімдер өндіру зауыты, жоба құны 16 млрд. 800 млн.теңге, 371 жаңа жұмыс орны ашылды.

 

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

2015 жылы тұрғын-үй құрылысына 19,2 млрд. теңге инвестиция жұмсалды.

Қала бойынша жалпы ауданы 366,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, былтырғы жылмен салыстырғанда 101,6%, оның ішінде жеке құрылыс есебінен 299,9 мың шаршы метр, мемлекеттік меншік есебінен 63,4 мың шаршы метр, шетелдік меншік 3 мың шаршы метр үй салынды.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында «Терможаңғырту» бағыты бойынша 2011 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Атырау қаласында 77 көпқабатты тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өткізілді.

2015 жылы 6 көп қабатты тұрғын үйді (Авангард 2-1, Құнанбаев көшесі №3, Азаттық данғылы №, 46а, 71, С.Датов көшесі №11 үй) жөндеуден өткізу жоспарланған болатын. Бүгінгі күні барлық 6 үйдің және қайтарымды қаражатқа жасалған 1 үйдің (Байжігітов көшесі, №84 үй) күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды, мемлекеттік қабылдау актілері дайындалуда.

 

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

2015 жылы жұмыспен қамту органына жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша 6949 адам өтініш білдірді. Олардың ішінен 2946 адам жұмысқа орналастырылды, 624 жұмыссыз кәсіби оқытуға тартылып, 825 адам уақытша жұмыстарға қатысуға мүмкіншілік алды.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасымен 1115 адам қамтылды. Бағдарлама шеңберінде 83 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өтті, 19 адам жалпы сомасы 56 млн. 300 мың теңге шағын несие алды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 108 адам тартылып, 217 жас маман Жастар тәжірибесінен өтті.

Тұрғындардың мақсатты топтарына кіретін тұлғаларды әлеуметтік қорғау аясында 318 жанұяға атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балалары бар 1 055 отбасына мемлекеттік жәрдемақы, 418 аз қамтылған отбасына тұрғын үй көмегі, үйден оқитын 149 мүгедек балаға материалдық көмек, аса мұқтаж 1288 отбасына және әр түрлі мекрекелік және мерейтойлық күндерге 8647 азаматқа бір жолғы материалдық көмек көрсетілді. Бұл мақсаттарға бюджеттен 349,4 млн.теңге төленді.

2015 жылы 126 мүгедекке ымдау тілі маманы бөлініп, 286 мүгедек жеке көмекшілердің қызметін пайдалануда. 2385 мүгедек қажетті жүріп тұру, тифло-сурдотехникалық құралдарымен және мүгедектердің жеке бағдарламасына сәйкес сауықтыру шипажайына жолдамамен қамтамасыз етілді.

 

БІЛІМ БЕРУ

Орта білім беру саласында 56 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Жалпы оқушылар саны 50 444 адам.

Қала бойынша мектеп жасына дейінгі 110 ұйым бар. Оның 39 мемлекеттік балабақша, 28 жекеменшік балабақша, 39 мемлекеттік шағын орталық, 4 жекеменшік шағын орталық, жалпы 17854 бүлдіршін тәрбиеленуде. 1-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 56,7%, 3-6 жас аралағындағы балаларды қамту 84,6% құрайды. Кезекте тұрғандар саны – 9400.

Қала бойынша апатты мектептерді жою мәселесі шешілуде. Үш мектептің ішінен екі жаңа мектеп пайдалануға қабылданып, Балықшы ауылдық округіндегі Отаралиев атындағы мектептің құрылысы басталды.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 14 мектепке арнайы дабылқаққыш (сигнализация) орнатылды.

Білім беру мекемесінен 3 шақырымнан қашық орналасқан балаларды тасымалдау жұмыстары ұйымдастырылып, 14 мектептің 2953 оқушысын мектепке жеткізу жүзеге асырылды.

 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Атырау қаласында 24 денсаулық сақтау мекемелері бар,оның ішінде: облыстық аурухана, облыстық балалар ауруханасы, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, облыстық психоневрологиялық ауруханасы, облыстық және қалалық перзентаханалар, облыстық офтальмологиялық ауруханасы, онкодиспансер, наркологиялық диспансер, тері-венерологиялық диспансер, туберкулезге қарсы диспансер, кардиоорталық, СПИД орталығы, 7 қалалық емхана, қалалық балалар тіс емханасы, жедел жәрдем бекеті, сәбилер үйі, «Сәлімжан» ЖШС.

2015 жылдың 1 желтоқсандағы жағдай бойынша қала халқының саны 301265 адамды құрады, 2014 жылмен салыстырғанда 3,5% немесе 10313 адамға өсіп отыр.

Туғандар саны 6584 адам, бұл 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100,3%. Өлгендер саны 1324 адам, 2014 жылға қарағанда 2,5%-ға өскені байқалады.

 

ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП

2015 жылы құқық қорғау қызметінің барлық саласы бойынша 8155 қылмыс тіркелді.

Жалпы қылмыстардың ашылу көрсеткіші 14,4%-ке (59,8%-дан 58,4%-ға), ауыр қылмыстардың ашылуы 15%-ке, аса ауыр қылмыстардың ашылуы 3,3% -ке төмендеп отыр.

Бүгінгі таңда қала аумағында 266 сыртқы бейнебақылау камералары орнатылған.

2015 жылы қоғамдық орындарда белгіленбеген орындарда темекі шегу, ұсақ бұзақылық жасау, жолда жүру ережесін бұзған барлығы 75913 анықталып, оның ішінде сыртқы бейнебақылау камераларының көмегімен 26668 құқықбұзушылық анықталды.

Жалпы құқық бұзушыларға 257 млн. 377 мың 827 теңге көлемінде айыппұл салынды.


Мақаланың шыққан күні:: 17.06.2016 10:32
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 17.06.2016 10:32