Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.06.2020

Қызметтер

Атырау облысының 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы

2018 жылы аймақта әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты сақталды.

Облыстың жалпы өңірлік өнімі 2018 жылы 7 894,5 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 115,1% (2018 жылға болжам – 6,5 трлн. теңге, НКИ – 105,5%).

*** Республиканың жалпы ішкі өнімі көлемінде облыстың үлес салмағы – 13,2%.

Жан басына шаққандағы ЖӨӨ – 12 586,1 мың теңге.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 7 512,2 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 110,6%.

Тау-кен өнеркәсiбiнде 6 844,1 млрд. теңге сомасына өнім өндiрiлді, нақты көлем индексі – 111,2%.

*** 47,2 млн. тонна мұнай және 23,6 млрд. текше метр ілеспе мұнай газы өндіріліп, бұл 2017 жылмен салыстырғанда тиісінше 111,8% және 113,0%.

«Теңізшевройл» - 28,6 млн. тонна мұнай өндірді немесе 2017 жылмен салыстырғанда 99,7%, ілеспе мұнай газы 15,6 млрд. т. метр (99,3%).

«НКОК» компаниясы 13 219,6 мың тонна мұнай (158,6%) өндірді, ілеспе мұнай газы – 7 746,5 млн. текше метр (157,9%).

Өңдеу өнеркәсiбiнде өнiм көлемi 590,5 млрд. теңгені құрады немесе 108,1%.

2018 жылы Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде 162 жұмыс орнын құрумен құны 9,4 млрд. теңгеге 6 жобаны іске қосу жоспарланып, жыл қорытындысымен 127 жұмыс орнымен құны 6,7 млрд. теңгеге 5 жоба іске қосылды:

1. «Карат» ЖШС-нің диірмен құрылысы (жоба құны – 4 500 млн. теңге; жұмыс орны - 50);

2. «New Ascent» ЖШС-нің тауарлы бетонды өндіруді ұйымдастыру (жоба құны – 1 623 млн. теңге; жұмыс орны - 30);

3. «Plasticcom» ЖШС-нің полиэтилен пакеттерін өндіру (жоба құны – 27 млн. теңге; жұмыс орны - 7);

4. «АНТА» ЖШС-нің бір рет пайдаланатын, қағаз стакандарын өндіруді ұйымдастыру (жоба құны – 20,3 млн. теңге; жұмыс орны - 18);

5. «Атырау бетон 24» ЖШС-нің темірбетон бұйымдарын өндіру (жоба құны – 600 млн. теңге; жұмыс орны - 22).

Ауыспалы 1 жоба бойынша:

«Атыраунефтемаш» ЖШС-гі жобасы (жоба құны – 2 611 млн. теңге, жұмыс орны - 35) – жабдықтардың уақтылы жеткізілмеуі және құрылыс жұмыстарының аяқталмауына байланысты жобаны іске қосу мерзімі 2019 жылдың 1-ші жартыжылдығына ауыстырылуда.

 

Негізгі капиталға инвестиция көлемі 3 689,5 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 136%.

Облыс бойынша 793,9 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2017 жылмен салыстырғанда 127,2%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 637,2 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі – 107,2%.

Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) нақты көлем индексі 104,6% құрады немесе 67,3 млрд. теңге.

*** Мал шаруашылығында – 39,8 млрд. теңге (104,8%) және егін шаруашылығында – 25,5 млрд. теңге немесе 104,7%.

Ірі қара мал басы 6,9%-ға (168,1 мың бас), жылқы 8,9%-ға (79,3 мың бас), түйе 3,9%-ға (31,9 мың бас), қой мен ешкі 3,2%-ға артты (559,9 мың бас).

Ет – 51,6 мың тонна (103,8%), сүт – 61,4 мың тонна (102,2%), жұмыртқа – 125,5 млн. дана өндірілді (127,0%).

Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілер саны – 46 756 бірлік немесе 2017 жылмен салыстырғанда 109,0%.

2018 жылы жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады.

*** 32 263 жаңа жұмыс орны құрылды (оның ішінде 21 214 - тұрақты, 11 049 – уақытша).

Жұмыспен қамту орталығы арқылы 24 674 адам жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 6 109, кәсіби оқуға 1 814 адам жіберілді.

Орташа айлық еңбек ақы 296 191 теңгені құрады немесе 2017 жылмен салыстырғанда 112,8%.

2018 жылдың 4 тоқсанында халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табыстарының көлемі 199 047 теңгені, 2017 жылдың 4 тоқсанымен салыстырғанда нақты көлем индексі 117,7% құрады.

Салық және бюджет. 2019 жылдың 1 қаңтарына мемлекеттік бюджетке 1 387,9 млрд. теңге сомасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналды немесе болжамға 101,1%, республикалық бюджетке 1 101,9 млрд. теңге немесе болжамға 101,1%, жергілікті бюджетке – 286,0 млрд. теңге немесе болжамға 101,3%.

Ұлттық қорға 1 444,4 млрд. теңге аударылды.

Облыс бюджетінің шығыс бөлігі 100%-ға орындалды (324 млрд. 961,4 млн. теңге көлемінде жоспарланып, 324 млрд. 843,9 млн. теңге игерілді), қалдық 117,5 млн. теңге.

Оның ішінде: республикалық бюджеттен трансферттер мен кредиттер – 100% (18 млрд. 745,4 млн. теңге жоспарланып, 18 млрд. 744,1 млн. теңге игерілді), қалдық 1,3 млн. теңге - үнемдеулер.

Жергілікті шығыстар бойынша – 100% (жоспары 306 млрд. 216 млн. теңге, орындалғаны 306 млрд. 099,8 млн. теңге), қалдық – 116,2 млн. теңге.

Инфляция деңгейі 2019 жылғы 1 қаңтарға (2017 жылдың желтоқсанына) 105,9%-ды құрады (ҚР – 105,3%), соның ішінде азық-түлік тауарларына – 106,9% (ҚР – 105,1%), азық-түлік емес тауарларға – 106,6% (ҚР – 106,4%), ақылы қызметтерге – 103,9% (ҚР – 104,5%).

*** Инфляцияның өсуі азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары бағаларының қымбаттауымен байланысты (балық және теңіз өнімдері, қант, алкогольдік ішімдіктер, сүт өнімдері, киім және аяқ киім, жуу және тазалау құралдары, фармацевтикалық өнімдер, көлік, дизельдік отын).

Бөлшек сауда көлемі 279,2 млрд. теңгені құрады немесе 100,5%.

2018 жылы облыстың сыртқы сауда айналымы 26 677,9 млн. АҚШ долларын құрап, 2017 жылға 143,4%, соның ішінде экспорт – 23 728,2 млн. АҚШ долларын (141,0%), импорт – 2 949,7 млн. АҚШ долларын құрады (165,7%)


Мақаланың шыққан күні: 15.05.2019 10:23

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.05.2020 09:00

Қаралым саны: 835