Array Атырау облысының 2016 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2017

Қызметтер

Атырау облысының 2016 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

2015 жылы жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) көлемі 4 141,2 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі (НКИ) – 102,9%.

Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ – 7 042,7 мың теңгені құрады. Бұл көрсеткіш бойынша облыс республикада І-ші орында.

Өнеркәсіп өнiмiнің көлемi 965,1 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексi 101,8%.

Тау-кен өнеркәсiбiнде 848,5 млрд. теңге сомасына өнім өндiрiлді. Өндірілген өнімнің нақты көлем индексi 103,6%-ды құрады.

8,6 млн. тонна мұнай және 4,1 млрд. текше метр ілеспе мұнай газы өндіріліп, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тиісінше 102,9% және 101,5%.

«Теңiзшевройл» ЖШС 7,4 млн. тонна мұнай өңделді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 103,9%, ілеспе мұнай газы 4,0 млрд. текше метр (103,4%).

«Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы бойынша өңделген мұнай көлемі –712,1 мың тонна (104,4%), 47,2 млн. текше метр ілеспе мұнай газы (102,8%).

Өңдеу өнеркәсiбiнде өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 100,3 млрд. теңгені құрады немесе нақты көлем индексі 2015 жылдың сәйкес кезеңіне 86,9%.

*** Өңдеу өнеркәсібінің төмендеу себебі «АМӨЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мұнай өңдеу көлемінің азаюымен байланысты – 804,5 мың тонна (72,7%), «АМӨЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 2016 жылдың 1-28 наурызы аралығында жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуі себебінен жер қойнауын пайдаланушылар («Каспиймұнай» ЖШС, «Көкмай» ЖШС, «Анако» ЖШС, «Матин» БМ, «Самек Интернешнл» ЖШС) тарапынан – 303,6 мың тонна мұнай көлемінің кем жеткізілді.

Пеш отын майы – 10 мың тонна (28,3%), дизель отыны – 207,7 мың тонна (80,9%), отындық мазут – 183,5 мың тонна (52,4%).

2016 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде 169 жұмыс орнын құрайтын жалпы құны 11 млрд. теңгеге 2 жобаны іске қосу жоспарлануда:

1. «Lumpan Caspian Pharmaceuticals LLP» ЖШС фармацевтикалық зауыты (жоба құны 7,4 млрд. теңге, 90 жұмыс орны);

2. «Meken Chicken» ЖШС бройлер бағытындағы құс фабрикасы (жоба құны 3,6 млрд. теңге, 79 жұмыс орны).

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі
7,0 млрд. теңгені құрады. Жалпы өнімнің индексі 2015 жылдың сәйкес кезеңіне – 104,4%, соның ішінде мал шаруашылығында – 6,9 млрд. теңге (104,5%) және егін шаруашылығында – 125 млн. теңге (100,0%).

Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 47 718 бірлік немесе 2015 жылдың сәйкес деңгейіне 101,7%.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар 400,5 млрд. теңгені құрады немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 162,2%.

114,4 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 124,8%.

Облыстың сыртқы сауда айналымы (кедендік статистика мәліметтеріне сәйкес) 2016 жылғы қаңтар-ақпанда 2 204,4 млн. АҚШ долларын немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 69,4%, соның ішінде экспорт – 1 838,0 млн. АҚШ долларын (63,2%), импорт – 366,4 млн. АҚШ долларын құрады (139,0%).

*** Тауарайналымының едәуір төмендеуі, негізінен, мұнай өнімдері экспортының азаюы, мұнай бағасының төмендеуі және өңірдің компанияларымен мұнай өнімдерінің экспорт көлемі төмендеуімен байланысты.

Инфляция деңгейі 2016 жылғы 1 сәуірге 103,7%-ды құрады (2015 жылдың желтоқсанына), соның ішінде азық-түлік тауарларына – 102,3%, азық-түлік емес тауарларға – 101,4%, ақылы қызметтерге – 107,5%.

*** Инфляцияның өсуі ақылы қызметтердің қымбаттауымен байланысты (орталықтан жылыту жүйесі, ыстық су, әуе және теміржол билеттері, халықаралық телефон байланыстары, Атырау қаласында қоғамдық көлікте жол жүру ақысы (автобус) 50 теңгеден 80 теңгеге дейін).

Салықтар және бюджет. Мемлекеттік бюджетке 194,6 млрд. теңге сомасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналды немесе болжамға 110,7%, республикалық бюджетке 144,2 млрд. теңге, жергілікті бюджетке –
50,4 млрд. теңге.

Ұлттық қорға 223 млрд. теңге аударылды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау.

Жұмысқа 1 198 адам орналастырылды, ақылы қоғамдық жұмыстарға
1 794 жұмыссыз және кәсіби оқуға 68 адам жіберілді.

3 200 жаңа жұмыс орыны ашылды, оның ішінде 1 838-і – тұрақты,
1 362-і – уақытша жұмыс орындары.

Жұмыссыздық деңгейі 2015 жылы 5,0%-ды құрады.

Орташа айлық еңбек ақы 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда 226 205 теңгені немесе 2014 жылмен салыстырғанда 101,4% құрады.


Мақаланың шыққан күні:: 15.06.2016 10:03
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 15.06.2016 10:03