Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.06.2020

Қызметтер

2018 жылғы қаңтар-маусымдағы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары

Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары келесідей:

*** Облыстың жалпы өңірлік өнімі 2018 жылдың 1 тоқсанында 1 646,2 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 112,1%.

Республиканың жалпы ішкі өнімі көлемінде облыстың үлес салмағы – 14,0%.

Жан басына шаққандағы ЖӨӨ – 2 638,5 мың теңге.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 3 653,1 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 112,6%.

*** Тау-кен өнеркәсiбiнде 3 336,4 млрд. теңге сомасына өнім өндiрiлді, нақты көлем индексі – 114,4%.

23,6 млн. тонна мұнай және 11,9 млрд. текше метр ілеспе мұнай газы өндіріліп, бұл 2017 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда тиісінше 114% және 116,4%.

«Теңізшевройл» - 14,8 млн. тонна мұнай өндірді немесе 2017 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда 101%, ілеспе мұнай газы 8,1 млрд. т. метр (100,8%).

«НКОК» компаниясы 6 190,5 мың тонна мұнай (175,1%) өндірді, ілеспе мұнай газы – 3 700,3 млн. текше метр (179,5%).

Өңдеу өнеркәсiбiнде өнiм көлемi 279,7 млрд. теңгені құрады немесе 101,9%.

2018 жылы Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде 331 жұмыс орнын құрумен құны 21,8 млрд. теңгеге 8 жобаны іске қосу жоспарланып, оның ішінде ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысымен 4 жоба іске қосылды:

1. «Карат» ЖШС-нің диірмен құрылысы (жоба құны – 4 500 млн. теңге; жұмыс орны - 50);

2. «New Ascent» ЖШС-нің тауарлы бетонды өндіруді ұйымдастыру (жоба құны – 1 623 млн. теңге; жұмыс орны - 30);

3. «Plasticcom» ЖШС-нің полиэтилен пакеттерін өндіру (жоба құны – 27 млн. теңге; жұмыс орны - 7);

4. «АНТА» ЖШС-нің бір рет пайдаланатын, қағаз стакандарын өндіруді ұйымдастыру (жоба құны – 20,3 млн. теңге; жұмыс орны - 18).

Жыл соңына дейін қалған 4 жобаны іске қосу жоспарлануда:

1. «Атырау бетон 24» ЖШС-нің темірбетон бұйымдарын өндіру (жоба құны – 600 млн. теңге; жұмыс орны - 22);

2. «Атыраунефтемаш» ЖШС-нің ыстық мырыштау әдісімен коррозияға қарсы қорғағыш қаптамаларымен қаптау өндірісін ұйымдастыру (жоба құны – 2 611 млн. теңге; жұмыс орны - 35);

3. «Lumpan Caspian Pharmaceuticals LLP» ЖШС-нің фармацевтикалық зауыт құрылысы (жоба құны – 7 400 млн. теңге; жұмыс орны - 90);

4. «MEKEN CHICKEN» ЖШС-нің ет бағытындағы құс фабрикасы (жоба құны – 5 073 млн. теңге; жұмыс орны - 79);

Негізгі капиталға инвестиция көлемі 1 655 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 145,3%.

*** Өсім себебі: Негізгі инвестициялық салымдар келесідей облыстың ірі кәсіпорынымен жүзеге асырылуда: «Теңізшевройл» (Келешек кеңею жобасында құрылыс жұмыстары жүргізілуде).

Облыс бойынша 333,9 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2017 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда – 114,4%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 221,6 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі – 87,6%.

*** Құрылыс жұмыстарының төмендеуі:

Келесідей кәсіпорындарда құрылыс жұмыстарының аяқталуы және жұмыс көлемінің азаюына байланысты, соның ішінде: «Sinopec Engineering» компаниясы – АМӨЗ мұнайды

тереңдетіп өңдеу кешенінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталуы; «UNEX STROY» компаниясы – Жылыой ауданында кеңсе, автожол және кемелер кіруі үшін бассейн құрылысы (5,6 млрд. теңге); «Ван Оорд Дреджинг энд Марин Контракторс Б.В.» компаниясының Қазақстан филиалы - Теңіз кен орнында айлақ құрылысының аяқталуы; «Консорциум» ISKER” ЖШС – Қарабатанда Болашақ мұнай өңдеу зауытының құрылыс жұмыстары көлемінің азаюы (9,9 млрд. теңге); «Консолидейтед контрактинг инжиниринг прокьюрмент С.А.Л- ОФШОР» компаниясының филиалы – Қашаған кен орнындағы құрылыс жұмыстарының және вахталық поселкедегі жатақхана жұмыстарының құрылысы (18,6 млрд. теңге); «Сичим С.П.А. Казахстан» Филиалы - құрылыс жұмыстары көлемінің төмендеуі (23,1 млрд. теңге); «Мунайгазкурылыс» ЖШС - құрылыс жұмыстары көлемінің төмендеуі (7 млрд. теңге); «KAZPACO» ЖШС Филиалы – 2018 жылдың 6 айында жұмыс көлемінің болмауы (2017ж. 6 айдағы көлемі – 14 млрд. теңге); «УС-99» ЖШС - 2018 жылдың 6 айында жұмыс көлемінің болмауы (2017ж. 6 айдағы көлемі – 1,3 млрд. теңге).

Ауыл шаруашылығының нақты көлем индексі 102,5% құрады немесе 19,9 млрд. теңге.

*** 2018 жылғы қаңтар-маусымда мал шаруашылығында – 18,9 млрд. теңге (102,7%) және егін шаруашылығында – 340,4 млн. теңге немесе 100%.

Ірі қара мал басы 3,3%-ға (184,7 мың бас), жылқы 10,7%-ға (85,2 мың бас), түйе 3,8%-ға (33,6 мың бас) артты, қой мен ешкі 1,1%-ға (684,1 мың бас) төмендеді.

Ет – 22,5 мың тонна (100,7%), сүт – 33,4 мың тонна (103,0%), жұмыртқа – 59,3 млн. дана өндірілді (127,1%).

Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілер саны – 45 445 бірлік немесе 2017 жылдың қаңтар-маусымына 107,1%.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанына жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады.

*** 2018 жылдың 1 шілдесіне 15 740 жаңа жұмыс орны құрылды (оның ішінде 8 107 - тұрақты, 7 633 – уақытша).

Жұмыспен қамту орталығы арқылы 8 808 адам жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 3 625, кәсіби оқуға 838 адам жіберілді.

2018 жылдың 1 тоқсанында орташа айлық еңбек ақы 279 850 теңгені құрады немесе 2017 жылдың 1 тоқсанынмен салыстырғанда 109,2%.

Салық және бюджет. Мемлекеттік бюджетке 598,8 млрд. теңге сомасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналды немесе болжамға 104,4%, республикалық бюджетке 471,1 млрд. теңге немесе болжамға 102,7%, жергілікті бюджетке – 127,7 млрд. теңге немесе болжамға 110,9%.

Ұлттық қорға 687,4 млрд. теңге аударылды.

Инфляция деңгейі ағымдағы жылдың 1 шілдеге (2017 жылдың желтоқсанына) 103,1%-ды құрады (ҚР – 102,6%), соның ішінде азық-түлік тауарларына – 104,0% (ҚР – 102,9%), азық-түлік емес тауарларға – 103,0% (ҚР – 102,5%), ақылы қызметтерге – 102,0% (ҚР – 102,4%).

*** Инфляцияның өсуі азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары бағаларының, қымбаттауымен байланысты (алкогольді ішімдіктер, сүт өнімдері, қант, көлік, дизельдік отын, киім және аяқ киім).

Бөлшек сауда көлемі 135,8 млрд. теңгені құрады немесе 104,5%.

2018 жылдың қаңтар-наурызында облыстың сыртқы сауда айналымы 6 031,7 млн. АҚШ долларын құрап, 2017 жылғы тиісті кезеңге 145,2%, соның ішінде экспорт – 5 467,5 млн. АҚШ долларын (142,2%), импорт – 564,2 млн. АҚШ долларын құрады (183,1%).


Мақаланың шыққан күні: 19.07.2018 06:52

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.10.2018 09:41

Қаралым саны: 2252