Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.09.2017

Қызметтер

Атырау облысының 2015 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

2015 жылдың 9 айында жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) көлемі 2 776,2 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі (НКИ) – 101,6%.
Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ – 4 733,6 мың теңгені құрады. Бұл көрсеткіш бойынша облыс республикада І-ші орында.
Өнеркәсіп өнiмiнің көлемi 3 414 млрд. теңгені, нақты көлем индексi - 101,0%-ды құрады.
Тау-кен өнеркәсiбiнде 3 030,6 млрд. теңге сомасына өнім өндiрiлді. Нақты көлем индексi 100,9%-ды құрады.
Есепті кезеңде 32,4 млн. тонна мұнай және 15,2 млрд. текше метр ілеспе мұнай газы өндіріліп, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тиісінше 101,3% және 102,7%.
«Теңiзшевройл» ЖШС-де 27,2 млн. тонна мұнай өнделді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 101,8%, ілеспе мұнай газы 15 млрд. текше метр (105,7%).
«Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамында – 2 823,1 мың тонна мұнай (100,0%), 191 млн. текше метр ілеспе мұнай газы (101,5%) өнделді.
Өңдеу өнеркәсiбiнде өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 331,1 млрд. теңгені немесе нақты көлем индексі 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 98,5%-ды құрады.
*** «Теңізшевройл» жаупкершілігі шектеулі серіктестігінде күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты сұйытылған газ өндірісі 8,5 млрд. текше метрге және пропан мен бутан өндірісі 1,28 млн. тоннаға азайды.
2015 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде 791 жұмыс орнын құрайтын жалпы құны 28,9 млрд. теңгеге 11 жобаны іске қосылды:
- «Алмалы Құс» ЖШС-ның құс фабрикасының құрылысы (құны 730 млн. теңге,
40 жұмыс орын);
- «ПКФ Континент Ко ЛТД» ЖШС-ның оптикалық кабель шығаратын зауыт құрылысы (құны 715 млн. теңге, 50 жұмыс орын);
- «Атырау Сауда» ЖШС-ның құс фабрикасын кеңейту (құны 165,5 млн. теңге,
35 жұмыс орын).
- «СП Первомайский» ЖШС-ның сүт өңдеу және қышқыл-сүт өнімдерінің өндірісі кешенінің қуатын кеңейту (құны 2 456 млн. теңге, 26 жұмыс орын);
- «Кемикал Солюшнс» ЖШС-ның химиялық реагенттер шығаратын зауыт құрылысы (құны 377,5 млн. теңге, 96 жұмыс орын);
- «Полимер Продакшн» ЖШС полимерлік өнім шығару зауыты (құны 16,5 млрд. теңге, 371 жұмыс орын);
- «Kaspi Lana Atyrau»/«Каспий Лана Атырау» ЖШС жүн өнімдерінің өндірісі (құны 2,3 млрд. теңге, 50 жұмыс орын);
- «Атырау Агро Феликс» ЖШС көкөністерді өңдеу және консервілеу өндірісі (құны 825 млн. теңге, 23 жұмыс орын);
- «Асыл Агро» ШҚ ет өңдеу және ет өнімдерінің өндірісі (құны 227 млн. теңге, 45 жұмыс орын);
- «Атырау Бөдене» ЖШС бөдене жұмыртқасын және етін шығаратын бөдене фабрикасы (құны 90 млн. теңге, 15 жұмыс орын);
- «Атырау ЖЭО» (құны 4 465,9 млн. теңге, 40 жұмыс орын).
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі
52,4 млрд. теңгені құрады. Жалпы өнімнің индексі 2014 жылдың сәйкес кезеңіне – 104,0%, соның ішінде мал шаруашылығында – 33,0 млрд. теңге (101,5%), егін шаруашылығында – 18,9 млрд. теңге (109,1%).
2016 жылғы 1 қаңтарға шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 46 688 бірлікті құрады немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 93,6%.
*** Төмендеу, бұрын жойылған жеке кәсіпкерлердің шығарылуы есебінен статистикалық және салықтық деректер базасының түзетулеріне байланысты.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар 1 455,9 млрд. теңгені құрады немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 125,5%.
549,9 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 105,3%.
Облыстың сыртқы сауда айналымы (кедендік статистика мәліметтеріне сәйкес) 2015 жылғы қаңтар – қарашада 15 331,8 млн. АҚШ долларын немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 53,5%, соның ішінде экспорт – 13 394 млн. АҚШ долларын (50,4%), импорт – 1 937,8 млн. АҚШ долларын құрады (115,4%).
Инфляция деңгейі 2016 жылғы 1 қаңтарға 113,1%-ды құрады
(2014 жылдың желтоқсанына), соның ішінде азық-түлік тауарларына – 109,4%, азық-түлік емес тауарларға – 122,8%, ақылы қызметтерге – 107,8%.
Салықтар және бюджет. Мемлекеттік бюджетке 591,2 млрд. теңге сомасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналды немесе болжамға 106% құрады, республикалық бюджетке 431,1 млрд. теңге (болжамға 106,4%), жергілікті бюджетке – 160,1 млрд. теңге (болжамға 105,0%).
Ұлттық қорға 763,4 млрд. теңге аударылды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. Жұмысқа 8 541 адам орналастырылды, ақылы қоғамдық жұмыстарға 5 929 жұмыссыз және кәсіби оқуға 1 270 адам жіберілді.
17 059 жаңа жұмыс орындары ашылды, оның ішінде 9 695-і – тұрақты,
7 364-і – уақытша жұмыс орындары.
Жұмыссыздық деңгейі 2015 жылдың ІII тоқсанына 5,0%-ды құрады.
Орташа айлық еңбек ақы 2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте 217 315 теңгені құрады.


Мақаланың шыққан күні:: 15.06.2016 10:05
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 15.06.2016 10:05