Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
22.11.2017

Қызметтер

Атырау облысының 2017 жылғы қантар - мамыр айындағы әлеуметтiк-экономикалық дамуының көрсеткіштері

Өнеркәсіп өнiмiнің көлемi 2 287,4 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексi – 118,6%.

Тау-кен өнеркәсiбiнде 2 058,3 млрд. теңге сомасына өнім өндiрiлді. Өндірілген өнімнің нақты көлем индексi 119,5%-ды құрады.

17 244,3 мың тонна мұнай және 8 439,3 млн. текше метр ілеспе мұнай газы өндіріліп, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңіне тиісінше 121,2% және 125,8%.

Өңдеу өнеркәсiбiнде өнiм көлемi 203,1 млрд. теңгені құрады немесе 111,9%.

2017 жылы Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде 269 жұмыс орнын құрумен құны 4,4 млрд. теңгеге 3 жоба іске асырылуда, оның ішінде 2 жоба іске қосылды:

1. «Жігермұнайсервис» ЖШС-нің роботтық дәнекерлеу әдісін қолданумен металлқұрылымдар шығару өндірісін құру (жоба құны 2,7 млрд. теңге, 49 жұмыс орны);

2. Макарон өнімдерінің өндірісі «Карат» ЖШС (жоба құны 1,4 млрд. теңге, 20 жұмыс орны).

Жыл соңына дейін 1 жобаны іске қосу жоспарлануда:

1. «Луговской конный завод» ЖШС балық шаруашылығының өндірісін құру (жоба құны 350 млн. теңге, 200 жұмыс орны).

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 13,7 млрд. теңгені құрады. Жалпы өнімнің индексі – 100,8%, соның ішінде мал шаруашылығында – 13,4 млрд. теңге (100,8%) және егін шаруашылығында – 256,1 млн. теңге (100%).

Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 42 336 бірлік немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,0%.

2016 жылдың қаңтар-желтоқсанында шағын және орта кәсіпкерлікте өнім шығарылымының көлемі 942,2 млрд. теңге немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,9%-ға артты. Осы салада жұмыс жасайтындар саны 123,2 мың адамды құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,6%-ға артық (экономикалық белсенді халық санының 39,5%).

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар 834,7 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 107,1%.

*** Негізгі инвестициялық салымдар облыстың ірі кәсіпорындарымен жүзеге асырылуда: «Теңізшевройл» (Келешек кеңею жобасында құрылыс жұмыстары жүргізілуде – ККЖ) және «АМӨЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенін қайта жаңғырту – МТӨК).

215,3 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 115,5%.

Облыстың сыртқы сауда айналымы ағымдағы жылдың қаңтар-наурызында 4 151,7 млн. АҚШ долларын құрап, 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 132,4%, соның ішінде экспорт – 3 843,6 млн. АҚШ долларын (151,6%), импорт – 308,1 млн. АҚШ долларын құрады (51,5%).

Инфляция деңгейі ағымдағы жылдың 1 маусымына (2016 жылдың желтоқсанына) 103,9%-ды құрады (ҚР – 103,3%), соның ішінде азық-түлік

тауарларына – 104,5% (ҚР – 104,3%), азық-түлік емес тауарларға – 103,4% (ҚР – 102,6%), ақылы қызметтерге – 103,8% (ҚР – 102,7%).

*** Инфляцияның өсуі азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары бағаларының қымбаттауымен (жарма, балық және теңіз өнімдері, ет, сүт өнімдері, алкогольді ішімдіктер және темекі өнімдері, киім және аяқ киім, көлік, жанар-жағар май, дизель отыны).

Салықтар және бюджет. Мемлекеттік бюджетке 378,6 млрд. теңге сомасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналды немесе болжамға 101,5%, республикалық бюджетке 279,5 млрд. теңге, жергілікті бюджетке – 99,1 млрд. теңге түсті.

Ұлттық қорға 665,2 млрд. теңге аударылды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау.

Жұмысқа 5 296 адам орналастырылды, ақылы қоғамдық жұмыстарға 3 045 жұмыссыз және қайта даярлау және біліктілікті арттыру курсына 955 адам жіберілді. 8 722 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 7 101-і – тұрақты, 1 621-і – уақытша жұмыс орындары.

Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрады.

Орташа айлық еңбек ақы 2017 жылдың қаңтар-наурызында 256 232 теңгені немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 99,6% құрады.

*** Төмендеу себебі орташа айлық еңбек ақы құрылымындағы кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласы бойынша: сыйақы мөлшерінің азаюы («Каспиймұнайгаз»ЖШС) және кейбір мекемелердің жылдық есепке көшулерімен байланысты (Атырау облысының кәсіпкерлер Палатасы, «Техремонт-М» ЖШС).


Мақаланың шыққан күні:: 26.07.2017 06:13
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 26.07.2017 06:13