Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.11.2017

Қызметтер

Атырау облысының 2017 жылғы қантар - сәуір айындағы әлеуметтiк-экономикалық дамуының көрсеткіштері

Өнеркәсіп өнiмiнің көлемi 1 862,4 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексi – 116,5%.

Тау-кен өнеркәсiбiнде 1 677,2 млрд. теңге сомасына өнім өндiрiлді. Өндірілген өнімнің нақты көлем индексi 116,8%-ды құрады.

13 674,9 мың тонна мұнай және 6 687,7 млн. текше метр ілеспе мұнай газы өндіріліп, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңіне тиісінше 119,9% және 124,0%.

Өңдеу өнеркәсiбiнде өнiм көлемi 163,3 млрд. теңгені құрады немесе 115,3%.

*** Химия өнеркәсібі – 225,9%, машинақұрылысы – 116,6%, басқа да металлдық емес минералды өнімдер өндірісі – 213,2%.

2017 жылы Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде 269 жұмыс орнын құрумен құны 4,4 млрд. теңгеге 3 жоба іске асырылуда, оның ішінде 2 жоба іске қосылды:

1. «Жігермұнайсервис» ЖШС-нің роботтық дәнекерлеу әдісін қолданумен металлқұрылымдар шығару өндірісін құру (жоба құны 2,7 млрд. теңге, 49 жұмыс орны);

2. Макарон өнімдерінің өндірісі «Карат» ЖШС (жоба құны 1,4 млрд. теңге, 20 жұмыс орны).

Жыл соңына дейін 1 жобаны іске қосу жоспарлануда:

1. «Луговской конный завод» ЖШС балық шаруашылығының өндірісін құру (жоба құны 350 млн. теңге, 200 жұмыс орны).

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 9,4 млрд. теңгені құрады. Жалпы өнімнің индексі – 101,0%, соның ішінде мал шаруашылығында – 9,2 млрд. теңге (101,0%) және егін шаруашылығында – 203,9 млн. теңге (100%).

Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 42 500 бірлік немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,6%.

2016 жылдың қаңтар-желтоқсанында шағын және орта кәсіпкерлікте өнім шығарылымының көлемі 942,2 млрд. теңге немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,9%-ға артты. Осы салада жұмыс жасайтындар саны 123,2 мың адамды құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,6%-ға артық (экономикалық белсенді халық санының 39,5%).

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар 635,3 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 107,5%.

*** Негізгі инвестициялық салымдар облыстың ірі кәсіпорындарымен жүзеге асырылуда: «Теңізшевройл» (Келешек кеңею жобасында құрылыс жұмыстары жүргізілуде – ККЖ) және «АМӨЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенін қайта жаңғырту – МТӨК).

152 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,3%.

Облыстың сыртқы сауда айналымы ағымдағы жылдың қаңтар-наурызында 4 151,7 млн. АҚШ долларын құрап, 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 132,4%, соның ішінде экспорт – 3 843,6 млн. АҚШ долларын (151,6%), импорт – 308,1 млн. АҚШ долларын құрады (51,5%).

Инфляция деңгейі ағымдағы жылдың 1 мамырына (2016 жылдың желтоқсанына) 103,7%-ды құрады (ҚР – 102,7%), соның ішінде азық-түлік тауарларына – 104,1% (ҚР – 103,8%), азық-түлік емес тауарларға – 103,2% (ҚР – 102,1%), ақылы қызметтерге – 103,7% (ҚР – 102,1%).

*** Инфляцияның өсуі азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары бағаларының қымбаттауымен (жарма, балық және теңіз өнімдері, ет және тауық еті, сүт өнімдері, кондитерлік өнімдер, алкогольді ішімдіктер және темекі өнімдері, жуу және тазалау құралдары, фармацевтикалық өнімдер, киім және аяқ киім, дизель отыны).

Салықтар және бюджет. Мемлекеттік бюджетке 294,9 млрд. теңге сомасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналды немесе болжамға 107,9%, республикалық бюджетке 217,5 млрд. теңге, жергілікті бюджетке – 77,4 млрд. теңге түсті.

Ұлттық қорға 598,5 млрд. теңге аударылды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау.

Жұмысқа 3 584 адам орналастырылды, ақылы қоғамдық жұмыстарға 2 629 жұмыссыз және қайта даярлау және біліктілікті арттыру курсына 285 адам жіберілді. 7 263 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 6 005-і – тұрақты, 1 258-і – уақытша жұмыс орындары.

2016 жылы жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрады.

Орташа айлық еңбек ақы 2017 жылдың 1 тоқсанында 256 232 теңгені немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 99,6% құрады (ҚР – 140 265 теңге, 105,6%).

*** Төмендеу себебі орташа айлық еңбек ақы құрылымындағы кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласы бойынша: сыйақы мөлшерінің азаюы («Каспиймұнайгаз»ЖШС) және кейбір мекемелердің жылдық есепке көшулерімен байланысты (Атырау облысының кәсіпкерлер Палатасы, «Техремонт-М» ЖШС).


Мақаланың шыққан күні:: 26.07.2017 06:26
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 26.07.2017 06:26