Array Атырау қаласының 2016 жылғы әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындылары | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.04.2017

Қызметтер

Атырау қаласының 2016 жылғы әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындылары

2016 жылдың қорытындысы бойынша қалада негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің тұрақты өсуі байқалады.

2016 жылы барлық меншік түріндегі өнеркәсiптiк кәсiпорындармен 225,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 126,7%.

2016 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 9,9 млрд.теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі 107,8%.

Шаруашылықтардың барлық категориялары бойынша мал басының саны: ірі қара мал – 4880 бас, қой мен ешкі – 4501 бас, жылқы – 1080 бас, түйе – 1589 бас құрады.

2016 жылы ветеринариялық-профилактикалық алдын алу жұмыстары жүргізіліп, малдар сібір жарасына, құтыру ауруына, маңқа, қарасан ауруына, иттер эхинококкоз ауруына, құстар құс тұмауына қарсы егілді.

2016 жылы қала бойынша 2554,9 тонна ет, 4099,3 тонна сиыр сүті, 197,7 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2015 жылмен салыстырғанда ет 107%, сиыр сүті 100% құрады.

2016 жылы егіс көлемі 2 239,5 гектарды, соның ішінде: картоп 470 га, көкөніс 1102,5 га, бақша 354 га, мал азықтық дақылдар 313га. құрады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 106% құрады.

2016 жылы 5879 тонна (2015 жылға қарағанда 131,6%) картоп, 36 944 тонна (100,2%) көкөніс және 9908 тонна (101,1%) бақша өнімдері жиналды. Бұл көрсеткіштер 2015 жылмен салыстырғанда орташа 109,4% құрады.

2016 жылы дайындалған мал азығы 13800 тонна, оның ішінде жеке сектор және шаруа қожалықтарымен -13431 тонна, өндірістік кооперативтер және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктермен -369 тоннаны құрады, жалпы 2015 жылмен салыстырғанда 102,2% болды.

Қалада жалпы аумағы 7,7 гектарды құрайтын 29 жылыжай жұмыс жасап тұр, оның ішінде 14 жылыжай 2016 жылы іске қосылды. Өткен жылы осы жылыжайлардан өндірілген өнім көлемі -1487 тонна, жалпы 2015 жымен салыстырғанда 136% құрап отыр.

Тамшылатып суару әдісімен егілген егін 450 га егін егу алқабы құрады немесе 2015 жылмен салыстырғында 25%-ға өскен, соның ішінде: картоп – 103,8 га, көкөніс – 163,2 га, бақша – 95 га, жеміс ағашы – 88 га.

2016 жылы қала бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелген саны 36 283 құрады.

2016 жылы бөлшек саудадағы тауар айналымы 184,7 млрд. теңгені құрады.. Көтерме сауда тауар айналымы 265,2 млрд. теңгені құрады.

2016 жылы негізгі капиталға инвестиция тарту көлемі 823 млрд. теңгені құрады, ол 2015 жылмен салыстырғанда 24 % артық. Жалпы облыс көлемінде қаланың үлесі 42% құрайды.

Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында аймағымыздың дамуына тікелей септігін тигізіп отырған, жалпы құны 505 млн.теңге құрайтын 4 жоба іске қосылды, 108 жаңа жұмыс орындары ашылды:

- «ПКФ Континент Ко ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің оптикалық кабель шығаратын зауыты, жоба құны 122 млн. теңге, 3 жаңа жұмыс орны ашылды;

- «Centech» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кабельдік науа және электр қалқан шығаратын зауыт, жоба құны 119 млн.теңге, 20 жаңа жұмыс орны ашылды;

- «Казахстан Интегрейтед Сервисез» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тығыздығыш төсемдер өндірісі, жоба құны 145 млн.теңге, 15 жаңа жұмыс орны ашылды;

- «KAZELEKTRYM (КАЗЭЛЕКТРУМ) Өндірістік кешен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі электртехникалық жабдықтардың өндірісін ұйымдастыру, жоба құны 119 млн.теңге, 70 жаңа жұмыс орны ашылды.

2016 жылы тұрғын-үй құрылысына 18 млрд. теңге инвестиция жұмсалды. Қала бойынша жалпы ауданы 346,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде жеке құрылыс есебінен 310,9 мың шаршы метр, мемлекеттік меншік есебінен 35,5 мың шаршы метр.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында «Терможаңғырту» бағыты бойынша Атырау қаласында қайтарымды қаражат есебінен 2016 жылы 5 көп қабатты тұрғын үйлердің (Авангард 2-№10, Авангард 3-№31, 46,48, 53) күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. 2016 жылы Жанаталап ауылында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылыс жұмыстары аяқталды. Атырау мөлтек ауданында, Көкарна (мұнайбазасы) ауылында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылыс жұмыстары аяқталды.

2016 жылы Жұлдыз-3, Ақсай, Бірлік елді мекендерінде ұзындығы 56 шақырым су құбырларын тарту жұмыстары аяқталды.

2016 жылы қала бойынша 178 көше мен алаңдардағы ұзындығы 205,5 шақырымды құрайтын ВЛ-0,4 кВ жарықтандыру желілеріне техникалық қызмет көрсетілді.

2016 жылы Абай көшесінің 1400 метр құрайтын жарықтандыру желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жұргізілді. Сонымен қатар, Әбілхайырхан даңғылына 12 шақырым құрайтын жарықтандыру желілерінің күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

«Алмагүл», «Нұрсая» ықшам аударындағы және С.Датов көшесіндегі жалпы ұзындығы 6 000 метр құрайтын жылу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2016 жылы қалада 29 104 дана жасыл-желектерге, 8788 п/метр бұта қоршауларына және 42 079 шаршы метрді құрайтын қаланың 20 учаскесіндегі: Азаттық, Сәтпаев, Владимирский, Балықшы, З.Ғұмаров, Тайманов, Берғалиев, Әуезов, Қ.Смағұлов, Махамбет, Пушкин, Құрманғазы, Әлиев, Сатыбалдиев көшелеріндегі, Әбілхайыр хан даңғылындағы, Сәтбаев-Құрманғазы, Амандосов-Берғалиев көшелерінің қиылыстарындағы, Драма театр маңындағы және басқа да аумақтардағы газондарға күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді.

Қаланы көгалдандыру бойынша 190 дана шағын сәулеттік пішіндегі гүлзарлар және жалпы аумағы 10 736 шаршы метрді құрайтын 17 учаскеге: Сәтпаев-Құрманғазы, Владимирский-Құрманғазы, Сәтпаев-Пушкин, Әуезов-Азаттық, Махамбет-Азаттық, Абай-Азаттық, Берғалиев-Амандосов, Тайманов-Құрманғазы көшелерінің қиылыстарына, Х.Досмұхамедов атындағы университет, Драмалық театр, әуежай ғимараты аумақтарына, Сатыбалдиев көшесіндегі жол айрығына, Жеңіс саябағына, Исатай-Махамбет алаңына, «Атырау» (жол орамы) жазбасына және басқа да учаскелерге гүлзарлар отырғызылды.

Атырау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлер аулаларына 20 дана балалар ойын алаңы орнатылды. (Құнанбаев көшесі №20 үй аумағы, Нұрсая ы/ауданы №27, 56, 66, 60 үйлер аумағы, Құрманғазы көшесі №1 және 1а үйлер аумағы, Авангард 4 мөлтек ауданы №13 үй аумағы, Сәтпаев көшесі №5а үй аумағы, Құлманов көшесі №154 үй аумағы, Сары-Арқа ы/ауданы №30,31 үйлер аумағы, Тайманов көшесі №58 үй аумағы, Жарбосынов көшесі №83в,85 және 87 үйлер аумағы, Орталық мөлтек ауданы №6 үй аумағы, Б.Момышұлы көшесі №21 үй аумағы, Махамбет көшесі №114а, 114 б үйлер аумағы, С.Датов көшесі №29,33 үйлер аумағы, СМП-136 №8 үй аумағы, Алмагүл ы/ауданы №17 үй аумағы, Валиханов көшесі №9а үй аумағы.)

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қала және қала аумағындағы елді мекендердегі 47 көшеге жалпы ұзындығы 500 қума метрді құрайтын жасанды жол кедергілері орнатылды.

2016 жылы Атырау қаласы аумағынан және қала маңындағы елді мекендерден 648 мың текше метр қоқыс шығарылды. Қала және елді мекендерге 290 дана арнайы қоқыс алаңшалары орнатылды. 632 дана арнайы қоқыс жәшіктері, 4 дана самосвал, 2 дана фронтальды жүк тиегіш, 10 дана қоқыс тасығыш, 5 дана вакуум, 1 дана манипулятор, 7 дана «Беларусь» тракторы және 1 дана автогрейдер техникасы сатып алынды.

Қаладағы көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлелері мен кіреберістеріне, кәріздік тазалау құрылғылары мен буландыру алаңдарына дезинсекциялық жұмыстар жүргізілді.

2016 жылы жалпы аумағы 42,3 шақырым құрайтын автокөлік жолдарына, оның ішінде 41 көшеге (Элеваторный, Мұнайшы көшелеріне, Нұрсая ықшам ауданындағы №11 көшесіне, Самал ықшам ауданындағы №1,3,4,5,6,8,9,10,11,12,15,17,18,19,20 көшелеріне, Самал-2 ықшам ауданындағы №28 көшесіне, Жұлдыз ықшам ауданындағы №9,22,44 көшелеріне, Балауса ықшам ауданындағы №2,11,19,20,23,26,28,34,36,38,39 көшелеріне, Геолог ауылдық округіндегі жаяу жүргіншілер жолынан Қ.Сәтбаев атындағы мектепке дейінгі аралықтағы жолға, Бірлік елді мекеніндегі Бекет ата, Геологопоисковая, Тұмар ханым көшелеріне, Томарлы -2 елді мекеніндегі №4,10,14,16 көшелеріне) тас жол төселді.

Жалпы аумағы 44,3 шақырым құрайтын автокөлік жолдары, оның ішінде 96 көшеге (Еркінқала ауылдық округіндегі 6 көшелеріне, Томарлы елді мекеніндегі 11

көшелеріне, Сарқамыс ықшам ауданындағы 14 көшелеріне, Жұмыскер-1 елді мекеніндегі 43 көшелеріне, Жұмыскер -2 елді мекеніне 6 көшесіне, Ракуш елді мекеніндегі 2 көшелеріне, Дамбы ауылдық округінің 2 көшелеріне, Водников елді мекеніндегі 2 көшелеріне, Құрсай елді мекеніндегі 10 көшелеріне) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

24 мың шаршы метр аумақтағы автокөлік жолдарына ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2016 жылы жұмыспен қамту органына жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша 7463 адам өтініш білдірді. Олардың ішінен 4270 адам жұмысқа орналастырылды, 908 жұмыссыз кәсіби оқытуға тартылып, 1117 адам уақытша жұмыстарға қатысуға мүмкіншілік алды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 189 адам тартылып, 452 жас маман Жастар тәжірибесінен өтті.

Бүгінгі күні орта білім беру саласында 56 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Жалпы оқушылар саны 54 215 адам.

Қала бойынша мектеп жасына дейінгі 113 ұйым бар, оның 41 мемлекеттік балабақша, 28 жекеменшік балабақша, 38 мемлекеттік шағын орталық, 6 жекеменшік шағын орталық, жалпы 18 045 бүлдіршін тәрбиеленуде. Қала бойынша 1-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 58,7%, 3-6 жас аралағындағы балаларды қамту 85% құрайды. Кезекте тұрған балалар саны – 12 327.

2016 жылы демеушілік қаржы есебінен салынып жатырған Вокзал маңы шағын ауданындағы 280 орынды балабақша ғимаратының құрылысы және 320 орындық Ұлттық гимназия мектебінің құрылысы аяқталып, іске қосылды. «Ақ бота» (160 орындық) балабақша іске қосылды.

2016 жылы №15 Абай, №25 Б.Момышұлы, №26 С.Датов, Амандосов атындағы орта мектептеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Атырау қаласында 24 денсаулық сақтау мекемелері бар,оның ішінде: облыстық аурухана, облыстық балалар ауруханасы, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, облыстық психоневрологиялық ауруханасы, облыстық және қалалық перзентаханалар, облыстық офтальмологиялық ауруханасы, онкодиспансер, наркологиялық диспансер, тері-венерологиялық диспансер, туберкулезге қарсы диспансер, кардиоорталық, СПИД орталығы, 7 қалалық емхана, қалалық балалар тіс емханасы, жедел жәрдем бекеті, сәбилер үйі, «Сәлімжан» ЖШС.

2016 жылы Геолог селосындағы ауысымына 100 адам қабылдайтын емхана және Атырау қаласында 180 орындық облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

2016 жылдың 1 мамыр жағдай бойынша қала халқының саны 305 832 адамды құрады.

Туғандар саны 10 018 адам, бұл 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 112,7% құрап отыр, өлгендер саны 1890 адам.

Мәдениет-тынығу мекемелері желісінде 42 мекеме жұмыс жасайды.

2016 жылы қала және қалаға қарасты ауылдық елді-мекендерде барлығы 1053 мәдени көпшілік іс-шаралар өткізілді.

2016 жылы 85 спорттық-бұқаралық шаралар өткізіліп, оған жалпы саны 12,7 мың адам қатысты. 4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 5400 бала спорттық үйірмелерге тегін қатысады. Жалпы қала халқының 29,3% жүйелі түрде спортпен шұғылданады.

Қала аумағында 362 спорттық нысандар орналасқан, соның ішінде 1 мұз айдыны сарайы, 1ескек езу базасы, 1 орталық жүзу бассейні, 8 спорт кешені, 4 стадион және т.б.

2016 жылы Жұмыскер елді мекенінде спорт зал және қаладағы Нұрсая мөлтек ауданында теннисттік корт ғимараттары салынып пайдалануға берілді.

2016 жылы құқық қорғау қызметінің барлық саласы бойынша 7973 қылмыс тіркелді.

Сондай-ақ, жалпы қылмыстардың ашылу көрсеткіші 2,4%-ға төмендеп отыр, ауыр қылмыстардың ашылуы 100%, аса ауыр қылмыстардың ашылуы 60,4% құрап отыр.

Қала аумағында 241 сыртқы бейнебақылау камералары орнатылған. 2016 жылы сыртқы бейнебақылау камераларының көмегімен 26668 құқықбұзушылық анықталып, 329 млн. 828 мың 057 теңге көлемінде айыппұл салынды.


Мақаланың шыққан күні:: 28.02.2017 12:59
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 28.02.2017 12:59