Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.07.2020

Қызметтер

Атырау ауылдық округінің сыбайлас жемқорлық бойынша 2018-2019 жылдағы атқарылған жұмыстарының қорытындысы

Атырауда "Атырау - адалдық алаңы" жобасы жүзеге асуда. Бұл жобаның мақсаты - тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту, жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін қалыптастыру, облыстағы мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін нығайту.

Елбасы өзінің 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасы аясында астанада жүзеге асырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы оң тәжірибені барлық аймақтарда жүзеге асыруды тапсырған болатын. Осыған орай, 2018 жылдың желтоқсан айында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасы мен Атырау облысы әкімі арасында «Атырау-адалдық алаңы» жобасының жарғысына қол қойылды. Елбасы өзінің баяндамасында жобалық кеңсенің негізі үш бағытына аса мән берді, олар: тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мен азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау, қоғамдық бақылау жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Атырау ауылдық округі әкімдігі де осы «Адалдық алаңы жобасы» бойынша округке қарасты мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында жұмыстар жүргізіп отыр.

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық қоғамымызды қатты алаңдатып отырған келеңсіз көріністердің бірі екені жасырын емес. Бұл қылмыс түрімен қоғам болып күресу мақсатында көп іс-шаралар қолға алынуда. Құқық қорғау органдары мен сот жүйесі де осы бағыттағы заңнамаларды жетілдіріп қана қоймай, жемқорлықтың алдын алуға баса назар аударуда. Сол себепті Атырау ауылдық округі бойынша да сыбайлас жесқорлыққа қарсы көптеген шаралар атқарылуда округке қарасты мекемелер арасында да түсінік жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. Дөңгелек үстелдер, қоғамдық қабылдаулар, құқықтық түсінік беру үшін ақпараттық топтар халық арасында жиындар өткізіп келеді. Округте орналасқан мекемелер арасында да құқықтың түсінік жұмыстары бекітілген іс шара жоспары негізінде 2018- 2019 жылдың 1-2 жартыжылдығында да жүргізілді.

Жыл сайын әр аптаның сәрсенбі, жұма күндері жеке қабылдау және әр айдың соңғы күні «Ашық есік» күндері жүргізіліп отыр. Жеке қабылдау жүргізу жөнінде, сенім телефоны (№39.21.05.2019 ж.) туралы ақпарат және сыбайлас жемқорлық тақырыбында бұқаралық ақпарат құралдары бетінде «Атырау» газетінің №59.24.07.2018 ж. Мақала жарияланды.

Атырау ауылдық округі бойынша мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілердің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштеріне 2018-2019 жылдың бірінші жартыжылдықтарында мониторинг жүргізілді. Мониторинг мәні: жемқорлық туындайтын жағдайларды анықтау.

2018 жылы жеке тұлғадан 424 арыз, 11-заңды тұлғадан, 2019 жылға 441-жеке тұлғадан, 4-заңды тұлғадан арыз түсті. Барлық арыздар заң талаптарына сәйкес тиісті мекемелерге жолданып, арыз иелеріне жауап берілді. Атырау ауылдық округі әкімі 2018 жылы 76 өкім, 618 шешім, 2019 жылға 93 өкім, 389 шешім қабылданды.

Мониторинг нәтижесінде: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштері мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы басылымдарда болған жоқ, тұлғалардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептер анықталмады, құқықтық статистика органдарынан деректер түспеді.

2019 жылдың І-2 жартыжылдығында бұқаралық ақпарат құралдарында «Атырау ауылдық округі әкімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдар анықталған жоқ.

Округ көлемінде адал еңбек және еңбек династияларын кеңінен насихаттау бойынша жұмысқа орналасу Атырау қалалық жұмыспен қамту орталығына жұмыс беруші сұраныс беру арқылы жүзеге асырылады.

Атырау ауылдық округі бойынша қоғамдық орындарда, білім беру мекемелерінде, жастар құқықтық тақырыптар бойынша («Қоғамдық бақылау картасы», «Адалдық алаңы» т.б.) жадынамалар таратылып үгіт-насихат жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.

Электрондық цифрлық қолтаңба алу жөнінде, азаматтарда ЭЦҚ-сы болған жағдайда мекен жай анықтамаларды, бала бақша кезектілігін, жұмыссыздығы жөнінде анықтама алуларына толықтай мүмкіндік бар екендігі жөнінде түсініктер беріліп, күні бүгінде тұрғындар мемлекеттік қызмет түрлерін пайдалауда. 2018-2019 жылдары мемлекеттік қызмет көрсету және жұмысқа орналасу үшін жұмыссыздар жәрмеңкелері өткізілді. Ал 2019 жылдың осы кезеңге дейін де мемлекеттік қызметтер көрсетіліп, жәрмеңкелер өткізілді.

Атырау ауылдық округі әкімдігі ғимараты ішіне тұрғындарға электрондық үкімет порталын пайдалану жөнінде жар тақтасы орнатылды. Әр тоқсан сайын сыбайлас жемқорлық тақырыбында баннерлер ілінді.

Округ әкімі аппаратының лауазымды адамдарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыстары әр жылға екі рет зерделеніп жүргізіліп отырады. Қорытындысы интернет ресурсқа орналастырылады. Округ әкімі аппараты мемлекеттік қызметшілері арасында электронды ононимдік сауалнамалар жүргізіліп отыр. Аппарат қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Елімізде соңғы үш жылда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді жұмыстар атқарылу нәтижесінде елде сыбайлас жемқорлық көрсеткіштерінің жақсаруы байқалуда. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыстарын сапалы жүргізу нәтижесінде тиімді тәсіл болып отыр. Заңға қайшы келетін шешімдер алынбағандықтан, ұйымдастырушылық басқарушылық қызметте кең көлемде жүргізілген профилактикалық шаралардың нәтижесінде мемлекеттік қызметтер заң шеңберінде қабылданғандықтан, мекемемізде сыбайлас жемқорлық орын алмайды. Сыбайлас жемқорлық бір күнде жойылатын мәселе емес. Ол еліміздің әр азаматы біріге күрескен сәтте нәтижелі болатыны айқын. Алайда, сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.


Мақаланың шыққан күні: 17.01.2020 16:00

Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2020 16:00

Қаралым саны: 223