Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.06.2020

Қызметтер

2019 жылғы 2 жартыжылдық бойынша «Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген шаралар нәтижесі

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 1,5 тармақтарына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппараты (бұдан әрі - Аппарат) жанынан құрылған жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізді:

1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімше: «Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі.

2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асты:

1) Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін ауылдық округ әкімінің 2020 жылғы 10 қаңтардағы №03-ө өкіміне сәйкес жұмыс тобы құрылды.

4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2019 жылдың 2 жарты жылдығы.

5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субьектісінің лауазымды тұлғасы: Тулеуов Консалы Шапайұлы – Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі, жұмыс тобының жетекшісі.

 

«Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Бәйгетөбе ауылы.

Қазіргі таңда «Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде 5 мемлекеттік қызметкер, оның ішінде: округ әкімінің м.а.–К.Тулеуов (сайлау арқылы), бас маман - Ж.Елеусинова (конкурс арқылы келген), бас маман–А.Кунбаева (конкурс арқылы келген), бас маман есепші – Г.Айтжанова(конкурс арқылы келген), жетекші маман – З.Длекеева (конкурс арқылы келген).

Штаттан тыс 8 қызметкер бар. Барлығы еңбек шартнамасы негізінде қызмет атқаруда.

Бәйгетөбе ауылдық округі бойынша еңбек шартын жасаспай қызметкерлердің еңбегін пайдалану фактілері орын алған жоқ. Бәйгетөбе ауылдық округі аппаратында мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Жыл басынан осы күнге дейін–143 өкім; 43 шешім қабылданды.

Бәйгетөбе ауылдық округі бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезектіліктің бірыңғай тізілімі жасақталып, бүгінгі күнге 86 адам кезекте тұр.

Округ әкімі атына 2019 жылдың 12 айында жеке тұлғалардан – 31 өтініш, заңды тұлғалардан 3 өтініш келіп түсті. Жеке меншік тұрғын үй құрылысын салу үшін жер кезегіне қоюға -1, жеке кәсіпкерлік ашуға (дүкен, автокөліктерге техникалық қызмет орнын ашу)-2, қосымша жер учаскесін бөлуді сұраған-6, нысаналы мақсатын өзгерту-2, қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскесін бөлу үшін-5 және 14 әртүрлі бағыттағы өтініштер.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарының орындалуы, бұл мәселенің жай-күйі, азаматтардың арыз-шағымдарының уақытылы қаралуы, берілетін жауаптардың мерзімді және дұрыстығы ауылдық округ мамандарымен үнемі қаралып отырады. Округ әкімі атына келіп түскен арыз-шағымдар үнемі «Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін біріңғай есепке алу «Айқын» деректер қорына» тіркеліп тұрады. Өтініштерге заңға сәйкес уақытылы жауаптар жолданды. Шағымдар келіп түскен жоқ.

«Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің дәлізінде адалдық,парасаттылық, адамгершілік жөнінде ақпараттық стенд, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі ілініп тұр. Тұрғындар үшін қолжетімді жерде шағымдар мен ұсыныстарға арналған «жәшік» орнатылды.

«Адалдық алаңы» жобасы аясында халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында арнайы ақпарат үлгісі халық көп шоғырланатын орындарға ілініп, аталған тақырыпта баннер ілінді.

2019 жылдың 16 қазан күні «Адалдық сағаты» акциясы аясында ауылдық округ әкімі аппараты қызметкерлерімен жиналыс өткізілді.

Азаматтардың құқықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, болдырмау мақсатында ауылдық округ аппаратында, «сенім телефоны» (3-12-15, 3-06-45) жұмыс жасайды.

Аппараттың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық бойынша мақалалар жариялануда. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 16.01.2020 17:49

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.01.2020 17:49

Қаралым саны: 163