Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
19.06.2018

Қызметтер

Атырау қаласының 2017 жылғы әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындылары

ӨНЕРКӘСІП

2017 жылы барлық меншік түріндегі өнеркәсiптiк кәсiпорындармен 558,0 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 190,6%.

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 340,5 млрд.теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлемінің индексі 104,6% құрады.

Өндеу өнеркәсібінде 172,2 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлемінің индексі 100,9% құрады.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

2017 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 11,0 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі 101,8%.

Шаруашылықтардың барлық категориялары бойынша мал басының саны 2016 жылмен салыстырғанда: ірі қара мал – 1,6%-ға (4959 бас), қой мен ешкі – 8,6%-ға (4886 бас), жылқы – 12,3%-ға (1213 бас), түйе – 1,8%-ға (1617 бас) артты.

2017 жылы қала бойынша 2569,6 тонна ет, 4137,3 тонна сиыр сүті, 198,7 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2016 жылмен салыстырғанда ет 100,6%, сиыр сүті 100,9%, жұмыртқа 100,5% құрады.

2017 жылы жалпы егіс көлемі 2242 гектарды, соның ішінде: картоп 470 га, көкөніс 1103 га, бақша 354 га, мал азықтық дақылдар 315 га құрады, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 100,1% (2016ж.-2239) құрады.

2017 жылы шаруашылықтармен барлығы 53791,2 тонна өнімі жиналды. Оның ішінде 5802,6 тонна картоп (2016 жылға қарағанда 98,7%), 37016,6 тонна көкөніс (101,6%), 10027 тонна бақша (101,2%) және 945 тонна мал азықтық дақылдары (101,6%). Бұл көрсеткіштер 2016 жылмен салыстырғанда 101,2% құрады.

Мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша бір шаруашылықпен 60 бас ірі қара мал, 3 бас бұқа сатып алынды.

Көктемгі-күзгі балық аулау маусымының қорытындысы бойынша 13 балық аулаушы кәсіпорындармен барлығы 7739 тонна балық ауланды, оның ішінде Каспий теңізінен – 4058 тонна, Жайық өзенінен 2578 тонна, Қиғаш өзенінен 1103 тонна балық.

Атырау қаласында балық қорын сақтау және өсімін молайту мақсатында «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМК және «Жайық – Атырау» бекіре балығын өсіру зауыты жұмыс жасайды. Өткен жылы осы зауыттардың күшімен 7 млн. дана бекіре шабағы суға жіберілді.

Сонымен қатар "Сaspian Royal Fish" ЖШС бекіре шабақтарын өсіру зауыты 15 мың шабақ және 60 бас бекіре балығын, "Луговой жылқы зауыты" ЖШС 30 мың бекіре шабағын өсіруде.

Қалада жалпы аумағы 8,1 гектарды құрайтын 32 жылыжай жұмыс жасап тұр. Өткен жылы осы жылыжайлардан өндірілген өнім көлемі -1114 тоннаны құрады.

Жылыжай шаруашылығын дамыту үшін 12 құрылымға 26,3 млн.теңге субсидия төленді.

Қала бойынша асыл тұқымды түрлендіру жұмысына 9 шаруашылыққа барлығы 827 бас аналық мүйізді ірі қара мал және алынған бұзау бастарына 7,7 млн. теңге субсидия төленді.

Малды асылдандыру бағытында 14 бас асыл тұқымды бұқа малын сатып алған 6 шаруа қожалықтарына 2,0 млн.теңге субсидия төленді.

Тамшылатып суару әдісімен қолдану бойынша 520 га, соның ішінде картоп – 106,5 га, көкөніс – 205,5 га, бақша – 118,4 га, жеміс ағашы – 90 га.

Қала тұрғындарын жыл бойы тұрақты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында жалпы көлемі 22530 тонна көкөніс қоймасы жұмыс жасайды. Олар: “АтырауАгроХолдинг” ЖШС -10200 тонна, “Райхан” ШҚ – 1000 тонна, “Атырау Агро Феликс” ЖШС – 8000 тонна, “АгроКомплекс Дастан” ЖШС -1000 тонна,“Сарайшық-Атырау” ЖШС -2330 тонна.

2017 жылы ветеринариялық-профилактикалық алдын алу жұмыстары жүргізіліп, малдар нодулярлық дерматит, сібір жарасына, құтыру ауруына, маңқа, қарасан ауруына, иттер эхинококкоз ауруына, құстар тұмауына қарсы егілді. Сонымен қатар малдарға туберкулез бен пастереллез ауруына қарсы тексеру жұмыстары жүргізілді.

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК

2017 жылы қала бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелген саны 37611 құрады. Бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,7%.

Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 28951 бірлік, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2% артты.

«Бизнестің жол картасы -2020» бағдарлама аясында 2017 жылы жалпы соммасы 14,1 млрд. теңгені құрайтын 87 жоба субсидияландырылды, 574 жұмыс орны ашылған.

Жыл басынан ішінара кепілдендіру бойынша 30 жобаға 328,1 млн.теңгеге кепілдік берілді.

2017 жылы мемлекеттік грант бөлу жөніндегі конкурстық комиссияға қала бойынша 10 жоба ұсынылып, жалпы соммасы 11,2 млн. теңгеге 5 жоба мақұлданды.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 2017 жылы жалпы соммасы 177 млн.теңгені құрайтын 16 жоба мақұлданды.

Жергілікті тауар өндірушілерді, шаруа қожалықтарын қолдау бағытында Атырау қаласы әкімдігінің 2017 жылдың 9 наурыздағы №503 қаулысына сәйкес барлығы 436 сауда орны белгіленді.

«Өзара ынтымақтастық туралы» Меморандумына сәйкес, қала базарларына шаруақожалықтарымен, тауар өндірушілерге 155 сауда орны

берілді («Дина»-54, «Көктем»-59, «Насиха»-5, «Сарайшық»-22, «Жұлдыз»-13, «Фермер»-1, «Авангард-Мерей»-1 сауда).

Жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламаларды халыққа кеңінен насихаттау мақсатында барлық ауылдық округтерде қала тұрғындары мен кәсіпкерлермен «Даму» қоры, «Атамекен» ҰКП, облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, бұқаралық ақпарат өкілдерімен бірлескен бірнеше көшпелі мәжілістер, дөңгелек үстел өткізіліп, ұйымдастырылды.

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

2017 жылы негізгі капиталға инвестиция тарту көлемі 871,9 млрд. теңге құрады, ол 2016 жылмен салыстырғанда 0,5% артты. Жалпы облыс көлемінде қаланың үлесі 36% құрайды.

Индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдық шеңберінде (2015-2019 ж.ж) индустрияландыру картасы бойынша жалпы құны 2,93 трлн. теңгені құрайтын 2057 жұмыс орнын ашуымен 3 жоба жүзеге асырылуда:

-«KPI» ЖШС-ның газ-химиялық кешен құрылысы(1-кезең);

-«KLPE» ЖШС-ның газ-химиялық кешен құрылысы(2-кезең)

-Атырау МӨЗ-н жаңғырту мен қайта құру.

2017 жылы 347 жұмыс орнын құрумен құны 5075 млн. теңгеге 5 жоба жүзеге асырылып, іске қосылды:

- «Жігермұнайсервис» ЖШС-ның роботтық дәнекерлеу әдісін қолданумен металлқұрылымдар шығару өндірісін құру;

- Макарон өнімдерінің өндірісі «Карат» ЖШС;

- «Луговской конный завод» ЖШС балық шаруашылығының өндірісі құру;

- Дәнекерлеу жабдықтарының өндірісі, «FinWeldAzia» ЖШС;

- «Теплый Дом Атырау» ЖШС-нің мультиөндірістік кешен құрылысы.

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

2017 жылы тұрғын-үй құрылысына 27,9 млрд. теңге инвестиция жұмсалды.

Қала бойынша жалпы ауданы 421,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде жеке құрылыс есебінен 220,7 мың шаршы метр.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасын іске асыру мақсатында 2017 жылы жалпы алаңы 88913 шаршы метр 20 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында «Терможаңғырту» бағыты бойынша Атырау қаласында 2011 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін 102 көп қабатты тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өткізілді. 2017 жылы 19 көп қабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқталды, оның ішінде 15 көп қабатты тұрғын үй жергілікті бюджеттен және 4 көп қабатты тұрғын үй қайтарымды қаражат есебінен қаржыландырылды.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған» бағдарламасы шеңберінде 2017 жылы 9504 жұмысқа орналастырылды (2016 ж. - 4270). Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 344 адам, жастар тәжірибесінен 520 жас маман жіберілді. Ақылы қоғамдық жұмысына 1203 адам, тұрақты жұмысқа 7437 адам орналастырылды. Өткен жылы жұмыспен қамту органына жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша 11799 адам өтініш білдірді. Ресми тіркелген жұмыссыздар саны 3604 адамды құрады. Кәсіби мамандыққа даярлау және қайта оқытуға 1314 адам жіберілді.

«Өрлеу» пилоттық жобасы бойынша 117 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 95-і тұрақты жұмысқа орналасты, 12-ы ақылы қоғамдық жұмысқа, 10-і кәсіби мамандыққа даярлау және қайта оқытуға жіберілді.

Қаладағы мекемелердің қатысуымен бос жұмыс орындарының 9 жәрмеңкесі өткізілді, нәтижесінде 281 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Азаматтардың жекеленген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін квоталар белгіленді, оның ішінде тұрақты жұмысқа бас бостандығынан айырылғандар - 44 адам, 59 мүгедек және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған - 2 адам.

Қала аумағында өткен жылы 16036 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Өткен жылы 292 жанұяның 1334 алушысына 37,9 млн. теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы 1155 отбасының 3538 баласына 47,8 млн.теңге тағайындалды.

Аз қамтылған 504 отбасының 1018 алушысына 19,1 млн.теңге көлемінде тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалды.

Үйден оқытатын отбасыларына 170 мүгедек балаға 6,6 млн. теңге материалдық көмек тағайындалды.

«Өрлеу» жобасы бойынша 127 отбасының 730 алушыға 36,5 млн.теңгеге шартты ақшалай көмегі ендіріліп, тағайындалды.

«Мүгедектерді жеке оңалту» бағдарламасы бойынша протездік-ортопедиялық, қажетті жүріп-тұру, сурдо-тифлотехникалық құралдарымен және санаторий-курорттық емделуге жолдамамен 2540 мүгедек қамтылды.

Міндетті гигиеналық құралдармен 1503 мүгедектің сұраныстары қанағаттандырылды. Облыстық мүгедектерді оңалту орталығына 543 адамға жолдама берілді.

Ымдау тілі мамандарымен 133 мүгедек және жеке көмекшілермен 336 мүгедек қамтылып, қызметін пайдалануда.

Жергілікті уәкілетті органының шешімімен кейбір әлеуметтік топтарға 532 млн.теңге бір жолғы материалдық көмек көрсетілді, олар Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушылары; Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектері; Ұлы Отан Соғыс жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің (жұбайлары); Ұлы Отан Соғыс жылдарында тылдағы еңбек еткендер;

Чернобыль атом-электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан және апаттың зардабынан болған мүгедектер; 1434 мүгедек бала; 7960 мүгедек.

БІЛІМ БЕРУ

Бүгінгі күні орта білім беру саласында 57 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Жалпы оқушылар саны 58803 адам.

Қала бойынша мектеп жасына дейінгі 109 ұйым бар, оның ішінде 56 мектеп, 42 балабақша, 6 саз мектебі, 2 мектептен тыс орталық және 2 жасөспірімдер денешынықтыру клубы.

Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту мекемелері бойынша 76 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 42 бюджеттік, 34 жекеменшік. Балабақшадағы бала саны - 17082, мектепалды даярлық тобы - 55, бала саны - 6457.

1-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 65,9%, 3-6 жас аралағындағы балаларды қамту 94,6% құрайды. Кезекте тұрғандар саны – 16426.

Жаратылыстану-математика пәндері бойынша 5 мектеп, жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерді 43291 оқушы оқиды, бұл 81% құрайды.

Қала бойынша ҰБТ тапсыруға өтініш берген оқушылар саны 1260 (80%). Орта баллы-71,9 баллды құрады.

Жалпы қала бойынша 23 оқушы «Алтын белгі» мен 25 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды.

Қала бойынша 3 ауысымдық 9 (№3, №15, №16, №17, №22, №24, №27, №32, Қ.Смағұлов) мектеп бар, онда 13677 оқушы білім алуда.

2017 жылы Нұрсая шағын ауданында 624 орындық 2 (№37 орта мектеп, Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия) мектеп пайдалануға берілді. Балықшы ауылдық округіне қарасты Ақжайық ауылында ескі мектептің орнына 300 орындық М.Отаралиев атындағы орта мектеп іске қосылды. Еркінқала ауылдық окургіне қарасты Ракуша ауылында 300 орындық мектеп құрылысы және Жұлдыз шағын ауданда 624 орындық мектеп құрылысы салынуда.

5 білім беру ұйымына (№5 Г.Мүсірепов атындағы орта мектебі, №12 Ф.Досымова атындағы орта мектеб, Қалалық лицей, №20 «Алтын балық» балабақшасы, Дамбы балалар саз мектебі) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар Геолог ауылдық окургіне қарасты Бірлік ауылында 280 орындық балабақша бүлдіршіндер қабылдап жұмыс жасауда. 2017 жылдың желтоқсан айында Геолог ауылдық окургіне қарасты Мирас тұрғын үй алабында 165 орындық балабақша пайдалануға берілді.

Өрт қауіпсіздігінің алдын-алу мақсатында 4 мектепке дабылқақыш орнатылды. Мектептердің материалдық техникалық-базасын нығайту мақсатында жергілікті бюджет есебінен 56 мектепке моноблок, проектор, 27 мектепке мультимедиалық кабинет, 36 мектепке информатика кабинеті, 39 мектепке интерактивтік тақта алынды.

2017 жылы маусым, шілде айларында Железноводск қаласындағы «Қазақстан геолог» лагеріне 250 бала, Түлкібас шатқалындағы «Машат Арасан» лагеріне 100 бала, жалпы білім қорынанан Ақтөбе, Орал, Алматы қалаларында 200 бала, НКОК компаниясының демеушілігімен 50 бала, облыстық «Тұлпар» лагеріне аз қамтылған, жартылай жетім, көп балалы, жетім отбасының 500-ге жуық бала демалды.

Жаңа 2017-2018 оқу жылы бойына 1-4 сынып (27506 бала) оқушыларына ыстық тамақ беруді ұйымдастырылуда. Оқу жылында білім беру мекемесінен 3 шақырымнан алыс орналасқан елді мекендерден 14 (№4, №5, №6, №25, №32, №35, №36, Еркінқала, Қ.Смагулов, Бесікті, Б.Нысанбаев, Т.Амандосов, М.Отаралиев, Жамбыл) мектептен 2965 оқушы және Бесікті орта мектеп жанындағы интернатқа 120 оқушы тасымалданады. 2017 жылы 9 (№5, №6, №25, №32, Еркінқала, Жамбыл, Т.Амандосов, Амангелді, Қ.Смағұлов) мектепке автобус сатып алынды.

Сонымен қатар, жеңілдікпен жолда жүру түрінде жоғары және арнаулы білім алып жатырған студенттерге әлеуметтік қолдау ретінде 18034 студентке субсидия төленіп отыр.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ДЕМОГРАФИЯ

Қала бойынша 43 денсаулық сақтау мекемелері бар, оның ішінде 12 аурухана мен диспансерлер, 8 қалалық емхана, 6 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік акушерлік пункт, 1 медициналық пункт, 13 өзге де медицина саласындағы нысандар.

2017 жылдың 1 желтоқсандағы жағдайы бойынша қаланың халық саны 326816 адамды құрады, 2016 жылмен салыстырғанда 4,0% өсіп отыр (12655 адамға), бұған туғандар санының артуы және халық өлімінің төмендеуі ықпал етуде.

Туғандар саны 4812 адам, өлгендер саны 1043 адам, табиғи өсім 3769 адамды құрады.

МӘДЕНИЕТ

Мәдениет-тынығу мекемелері желісінде 42 мекеме жұмыс жасайды.

2017 жылы қала және қалаға қарасты ауылдық елді-мекендерде барлығы 1133 мәдени көпшілік іс-шаралар өткізілді.

Өткен жылы материалдық техникалық базасы жаңғыртылып, Құрманғазы атындағы мәдениет сарайына сахналық киімдер музыкалық аппаратуралар, дыбыстық және жарық беретін құрылғылар алынды. Қалалық орталық кітапханаларға Интернет жүйесі қосылды.

«НКОК.Н.В» компаниясының демеушілігімен ауылдық кітапханалар компьютер жабдықтарымен қамтылды.

2017 жылдың 14 қазанында Тұрғындар қалашығынан «Ретро парк» ашылды.

Сондай-ақ, «НКОК.Н.В» компаниясының демеушілік есебінен Жұмыскер ауылында 200 орындық мәдениет үйінің құрылысы аяқталды.

СПОРТ

2017 жылы 72 спорттық-бұқаралық шаралар ұйымдастырылып, өткізілді, оған 85 мыңнан аса адам қатысты. Жалпы қала халқының 28% жүйелі түрде спортпен шұғылданады.

Балалар жасөспірімдер спорт мектебі және «Мұнайшы» спорт клубында 3741 балалар мен жасөспірімдерге 22 спорт түрлері бойынша жаттығу жүргізіліп, шаралар ұйымдастырылады. Орал қаласында футболдан жасөспірімдер арасында өткен қалааралық ашық турнирде қаламыздың атынан қатысқан «Мұнайшы» спорт клубының командасы 1 орынды жеңіп алды.

Атырау, Ақсай ауылдық округтерінде салынған спорт кешендерінде №2, №4 балалар жасөспірімдер спорт мектептерінің дзюдо, таеквондо, еркін күрес, самбо, қазақ күрес, кикбокс, үстел теннис, джиу-джитсу бөлімшелері және №1 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар жасөспірімдер мектебінен жеңіл атлетика, велоспорт, баскетбол бөлімшелері ашылды.

Сонымен қатар Еркінқала ауылдық округі, Байжігітов 84 көшесі, Өтемісов көшесі 15 тұрғын үй маңы, Привокзальный 5 мөлтек аудан 22,33 тұрғын үйлер маңынан 4 спорт алаңы (футбол алаңы) салынды. Қазақстан Республикасының стрейт воркаут федерациясының демеушілігмен Вокзал маңы 5 шағын ауданы, Геолог ауылы, Смағұлов алаңы, Нұрсая ықшам ауданынан жастардың жаңа түрі 4 стрейт воркаут алаңы салынды. Томарлы-2 ауылынан жеңіл атлетика және үлкен футболға арналған стадионы пайдалануға берілді.

Қала аумағында 43 спорт түрінен федерациялық қоғамдық бірлестіктер жұмыс жасайды.

Қала спортшылары түрлі спорттық жарыстарға қатысып, 2017 жылы Әлем, Азия, жастар ойыны, Халықаралық және Қазақстан чемпионаттарында 257 медальға қол жеткізілді. Оның ішінде Халықаралық дәрежедегі спорт шебері – 10, ҚР спорт шебері – 25, ҚР спорт шеберіне үміткер – 145, Азия чемпионатының жүлдегерлері-8, Әлем және Азия чемпионатының жеңімпаздары – 25, Әлем Кубогінің иегері – 3, ҚР жеңімпаздары – 16, ҚР жүлдегерлері – 25.

ІШКІ ЖӘНЕ ЖАСТАР САЯСАТЫ

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын, салауатты өмір салтын, діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес ақпараттық насихаттауды қамтамасыз ету мақсатында қала бойынша құрамы мемлекеттік қызметкерлер, теолог мамандар, зиялы қауым өкілдерінен 2 ақпараттық-насихат топ құрылды.

Қала және ауылдық округтердің тұрғындары, ірі кәсіпорындар мен мекемелер, сауда орталықтары, студенттер, мектеп оқушылары мен мұғалімдері және спортшылардың қатысумен барлығы 62 кездесу өткізілді.

Қала бойынша 4 конфессия, 14 діни бірлестіктері (6 исламдық, 1 православтық, 1 католиктік и 6 протестанттық), 7 еріктілер тобы (Еріктілер корпусы Атырау, «ААА», «Аспан», «Қызыл Ай», «Күлкі сыйла», «Жүректен

жүрекке», «Маленькая страна») 1 қалалық 6 саяси партиялар филиалы, 497 қоғамдық бірлестіктер тіркелген.

Қалада 30-ға жуық қоғамдық бірлестіктер жұмыс жасайды.

Жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың бос уақытын ұйымдастыруда тиімді жетістіктерге жету үшін 9 бағытта 6 қоғамдық бірлістікпен 47 шаралар өткізілді. 2017 жылы қаладағы жастар саны 68315, ол шамамен қала тұрғындарының 20,9%-ын құрайды.

2017 жылы жұмыссыздар жастар есебінен 2621-і тұрақты жұмысқа орналастырылды, 663-ы ақылы қоғамдық жұмысқа, 549-ы кәсіби қайта даярлау курсына, 124-і әлеуметтік жұмыс орындарына және 520-і жастар тәжірибесіне жіберілді.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2017 жылы 2 маман (денсаулық сақтау саласы) көтерме жәрдемақы алып, қызмет етуде.

Қала жастары елді мекендерді көркейту, көріктендіру жұмыстарынада белсене араласуда, жазғы еңбек семестрінде «Жасыл Ел» бағдарламасы бойынша тамыз – қыркүйек айларында 545 адам абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына тартылды.

ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП

2017 жылы құқық қорғау қызметінің барлық қылмыс түрлері бойынша 6867 қылмыс тіркелді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 86,1%. (2016 ж. – 7973 бірлік). Оның ішінде: өте ауыр қылмыс саны тіркелген – 37 бірлік, ауыр қылмыс саны – 520 бірлік, орташа ауыр қылмыс саны – 4990 бірлік, оте ауыр емес қылмыс саны – 784 бірлік.


Мақаланың шыққан күні:: 19.02.2018 07:05
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 19.02.2018 07:05