Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.11.2017

Қызметтер

Тарихы

Аудандық ішкі саясат бөлімінің тарихы

Аудандық ішкі саясат бөлімі 2005 жылға дейін «Аудан әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі» болып жұмыс істеді.

2005 жылы бөлім  аудандық мәдениет бөлімімен біріктіріліп, «Аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып құрылды. Бөлім басшысы лауазымына Сұлтанғалиева Айгүл Бердешқызы, бөлім басшысының орынбасары Қамиев Ғалымжан, бөлімнің бас маманы Жалмұханов Жасқыран Сәлімжанұлы, жетекші маманы Ибраева Айсұлу Зейноллақызы, бас есепші Керешова Гүлнар Сәрсенғалиқызы тағайындалды.

Бөлім 2005 жылы Қазақстан Респбуликасы Мемлекеттік Рәміздерін насихаттау, қолдану жұмыстары бойынша облыс көлемінде ұйымдастырылған байқауда І орынды жеңіп алды.

2006 жылы аталмыш бөлім  «Аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі» болып қайтадан құрылды.

Бөлім басшысы лауазымына Сұлтанғалиева Айгүл Бердешқызы, бөлімнің бас маманы Уалиев Асылан Саматұлы, жетекші маманы Ибраева Айсұлу Зейноллақызы, бас есепші Оразғалиева Жұмагүл Жомартқызы тағайындалды.

 2009 – 2012 жылдар аралығында аудандық ішкі саясат бөліміне Сисатов Айдарбек Әбілхайырұлы басшылық етті.  

2012 жылдың желтоқсан айынан бастап бөлім басшысы  болып Сұлтанғалиева Айгүл Бердешқызы тағайындалды.

Сұлтанғалиева Айгүл Бердешқызы 1963 жылы 6 шілдеде Махамбет селосында дүниеге келді. Махамбет орта мектебін 1980 жылы бітіріп, аудандық кітапханада автобиблиотекарь боп еңбек етті.

1981 жылы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің биология факультетінің студенті атанды. 1986 жылдан Махамбет ауданына қарасты О.Шонаев атындағы орта мектебінде, Орал облысы, Тайпақ ауданы Заурал орта мектебінде, Гурьев қаласы, №11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде, Махамбет ауданының  О.Шонаев атындағы орта мектебінде  2003 жылдың желтоқсан айына дейін ұстаздық еңбек етті.

14 санатты мұғалім, алған мараппаттары:

Аудан әкімінің Алғыс Хаттары

«Қазақстан жыл мұғалімі-2002» Республикалық сайысының жеңімпазы, ІІІ дәрежелі диплом.

Атырау облыстық білім департаментінің «Құрмет грамотасы»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет» грамотасы

2002 жылы маусым айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ш.Беркімбаеваның қабылдауында болды.

2003 жылы наурыз айында Қазақстан Республикасы Президентінің қабылдауында болды.

  - 2003 жылдың желтоқсан айынан 2004 жылдары аудан әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі;          

 -  2005 жылы аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы; 

 - 2006-2009 жылдары аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы; 

 - 2009 жылдың ақпан айынан бастап  аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы.

- 2012 жылдың 22 қарашысынан аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.

Жанұялы, отбасында 3 бала тәрбиеленуде.

Күні бүгін бөлімде бас маман Абуталина Айгүл Болатқызы, маман Ибраева Айсұлу Зейноллақызы, есепші Ажибаева Шолпан Қожабайқызы қызмет етеді.

            «Махамбет ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-сі ҚР Президентінің Жарлықтарын, Үкімет қаулыларын, ҚР «Саяси партиялар», «Бұқаралық ақпарат құралдары», «Үкіметтік емес ұйымдар», «Діни бірлестіктермен байланыс» Заңдарының талаптарын, облыс, аудан әкімінің қаулылары мен шешімдерін, тапсырмаларын басшылыққа ала отырып жұмыс атқарады.

             Ауданда қоғамдық ұйымдар: 1 аудандық ардагерлер кеңесі, 1 аудандық әйелдер кеңесі, ақсақалдар алқасы,  «Бибі Саз» және «Махамбет» жастар ұйымы қоғамдық бірлестіктері», 1200 адамды құрайтын «Жас Отан» жастар қанаты жұмыс атқаруда. Олар қоғамдық маңызы бар шараларға белсенді қатысады.

             Бекітілген штат бойынша бөлімде 2 бірлік-1 бөлім басшысы, 1 бас маман бар. Қазіргі уақытта бөлімде бөлім басшысы,  (бас маман декреттік демалыста), 1 инспектор және бөлім есепшісі қызмет етеді.

         Аудандық ішкі саясат бөлімі аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі, ҚР Мемлекеттік рәміздері жөніндегі, үкіметтік емес ұйымдарымен қарым – қатынас жасау, Жастар ісі жөніндегі, ақсақалдар және терроризмге қарсы   комиссиялардың  жұмысшы органдары болып табылады.

1). Аудан әкімі жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі кеңесі:

Аудан бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерін қолдану, насихаттау жұмыстары  жоспарлы жүргізілуде.

 Жалпы ауданға қарасты 12 бөлім, 10 ауылдық округтердің барлығы 2012 - 2013 жылдары Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Атырау облысы бойынша Департаменті арқылы тексерістен өткізіліп, мемлекеттік рәміздер мемлекеттік стандарттың талаптарына сәйкестендірілген.

 Аудан мектептерінде Әнұран мәтінінің, мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын, олардың авторлары мен тарихын білу сапасын анықтау үшін мақсатында «Мемлекеттік рәміздердің тарихы» атты шаралар топтамалары өткізіліп тұрады. 

            Білім ордаларында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерін қолдану, насихаттау жұмыстары жүйелі ұйымдастырылған, арнайы стендтер акт залында, мектептің кіре берісінде жасақталып, оқушылардың үнемі басты назарында болуына бағытталған.

  2). Аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңесі:

Ауданда тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, діни экстремизмнің таралуына жол бермеу мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда.  

Ауданда дәстүрлі ислам дінін ұстанатын 3 мешіт жұмыс жасайды:

-       2003 жылы ашылған «Исатай-Махамбет» мешіті (имамы Сүйінов Райымбек Қазбекұлы)

-       1999 жылы іске қосылған Сарайшық ауылдық мешіті (имамы Қдырғалиев Амангелді Құбайдоллаұлы); 

-       2005 жылы жеке кәсіпкер Самат Биғалиевтың қаражатына  салынған  «Мұхамбетқали ата» мешіті.

Мешіт имамдарының 2-і жоғары білімді, Алматы Ислам инситутын бітірген (Сүйінов Р. және Қдырғалиев А). 

Мешіт қызметкерлерімен халық арасында тығыз байланыс орнатылған. Мешіттерде Айт намаздары оқылып, Құрбан айт күні құрбан шалынып, ас беріледі. Мүгедек адамдарға құрбан малынан садақа беріліп, жұма намазы оқылады. Ораза айы кезінде мекемелер, кәсіпкерлер ораза тұтушы жамағатқа арнап ауызашар рәсімін ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. 

Атырау қаласындағы мешіттерде теолог - мамандар тарапынан жүргізілетін дәрістерді мешіт жамағатына жеткізу үшін аудан орталығындағы «Исатай-Махамбет» мешітінде интернет желісі қосылып, «Скайп» бағдарламасы орнатылды.

Өткен жылы мешіт түрлі – түсті теледидармен, компьютермен, модеммен, т.б. құрал-жабдықтармен,  жаңа автокөлікпен қамтамасыз етілді.  

 Тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, экстремизмнің алдын – алу, дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттау мақсатында 2 аудандық ақпараттық – насихаттық топ пен 10 округтік топтар құрылды. 

Жалпы қазіргі аудандағы діни ахуал тұрақты.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     3). Аудан әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңесі:

 Аудан жастары арасында Жастар ресурстық орталығы, аудандық білім, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерімен бірлескен әртүрлі шаралар: талантты жастарды анықтау, патриоттық тәрбие беру мақсатындағы жұмыстар, әртүрлі атаулы күндерге арналған спорттық, мәдени көпшілік шаралар, акциялар өткізіледі.   

Кәмелетке жасы толмаған жастар, мектеп оқушылары  қатысқан құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесулер,  шылым және есірткіге қарсы насихаттау  жұмыстары (акциялар, кездесулер, сұрақ – жауап, дебат, сұхбат, дөңгелек үстелдер және т.б.) аудандық спорт мектебі, медицина, білім саласының қызметкерлері арқылы ұйымдастырылды. 

Жазғы уақытта аула клубтарының шараларына кәсіпкерлерлердің   демеушілігін қамтамасыз етуге де бөлім атсалысып келеді.

Аудандық ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандарымен бірлесе отырып, жастардың жұмысқа орналасу үрдісін жетілдіруге бағытталған   жастардың жұмысқа орналасуы бойынша аудандағы жағдайға талдау жасалады.  

Ауданда биыл ашылған Жастар ресурстық орталығы «Дип­ломмен – ауылға!»,  «Жасыл ел», «Жастар кадрлық ре­зерві», «Жастар саясаты», «Жұмыспен қамту -2020» сияқты мемлекеттік бағдар­ламаларының іске   асырылып, әр келген жас маманға жан – жақты қолдау көрсету жұмыстарын жандандыруды мақсат етеді.   

             4). Аудан әкімі жанындағы үкіметтік емес ұйымдарымен қарым – қатынас жасау жөніндегі кеңесі:

2013 жылдың қыркүйек айында  «Бибі Саз» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігі құрылды, 2013 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Ел болашағы біздің қолымызда!» атты аудандық жастар форумы ұйымдастырылды. 2014 жылы ауданымызда «Махамбет» қоғамдық ұйымы құрылып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ұйымдастырылатын 5 жобаға   720 мың теңге қаралды. Конкурс қорытындысымен жеңімпаздар анықталып, өз жұмыстарын жоспарлы түрде ұйымдастыруда.  

Аудандағы 2 қоғамдық ұйым өз жұмыстарында Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, аудандағы жастармен ұйымдастырылатын игі істердің басында жүреді.

5). Махамбет ауданының терроризмге қарсы комиссиясы:

Терроризмге қарсы комиссиялардың басты міндеттерінің бірі террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын күшейту болып табылады.  Адамдар көп жиналатын   жерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында  аталмыш нысандарға бейне камералар орнату жұмыстары ауданда басталып кетті. Биылғы жылдың өзінде тек аудан орталығындағы «Қызғалдақ» балабақшасына - 6, «Алтын балық» балабақшасына - 4, «Шолпан» балабақшасына – 12, «Жауқазын» балабақшасына - 4 жерге  бейне бақылау камералары және  аудан әкімдігі және селолық округ әкімі аппаратының ғимараттарына  бейне бақылау камералары орнатылды.

 Аудандағы террористік тұрғыда осал нысандардың тізбесі тағы да нақтыланып, барлық ауылдық округтерге қарасты террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспорттары жасақталып, дискіге жазылды. Бір данасы аудандық ішкі саясат бөліміне тапсырылды.

Тұрғындардың діни сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстарға жаңадан ашылған «Жастар ресурстық орталығы» белсенді араласуда.

6). Аудан әкімі жанындағы Ақсақалдар кеңесі:

Ауыл ақсақалдарының ықпалы мен беделін дін саласындағы проблемаларды шешуге жүйелі түрде пайдалану мақсатында  ауданда және селолық округтерде Ақсақалдар кеңестері құрылды.

 Ақсақалдар алқасы аудандағы барлық игі істердің басынан табылып келеді.

   Бөлімде құжат айналымы толықтай мемлекеттік тілде жүргізіледі.  

 Шаралар негізінен кездесулер, кештер, танымдық сағаттар, тренингтер, семинарлар, конференция, сұрақ – жауап, талдау, зерттеу, насихаттау, түсіндіру жолдары арқылы жүзеге асырылуда.

Махамбет ауданы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы» -2050 бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына  Жолдауын ақпараттық сүйемелдеуге арналған медиа жоспары аудан әкімінің орынбасарымен бекітілді. Тұрғындар сауалына жауап берілетін  «Сұрақ - жауап» циклінің кестесі де бекітіліп, аудандық «Жайық шұғыласы» газетінде беріліп отырылады.  Әр айдық ақпараты аудан әкімдігі аппаратына веб – порталға орналастыру мақсатында жолданып отырылады.

 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына  Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында актив жиындары барлық селолық округтерде өткізіледі.      

 Қазақстан  Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  әр жылғы Жолдауынан туындайтын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламаларын аудан тұрғындары арасында кеңінен насихаттау мақсатында, құрамында 30 мүшесі  бар 6 ақпараттық насихаттық топ құрылды.

Аудандағы барлық ауылдық округтерге қарасты ақпараттық – насихаттық топтардың іс – шаралары жоспары жасақталған. Үгітшілер керекті ақпараттандыру материалдарымен, «ЭКСПО-2017 «Болашақтың энергиясы» халықаралық көрмесі туралы», «Мәңгілік Ел» идеясы» әдістемелік құралдарымен қамтамасыз етілді.

  Ауданда «Жайық шұғыласы» газеті шығарылады. Аталмыш редакцияның журналистерімен  бірлесе жылына бір рет «Ауданымның айнасы - Жайық шұғыласы» атты дөңгелек үстелге газеттің бұрынғы тілшілері, аудан ардагерлері, белсенді жастары қатыстырылады. Шара кезінде  діни сауаттылықты ашу, жастарды ұлтжандылыққа насихаттау, ауданның жаңалықтарын кеңінен жариялап отыру жөнінде тың ұсыныстар тыңдалады.  Тұрғындар пікірінің газетте жариялануы да газет редакциясы арқылы қадағаланады.  Аудан көлемінде ұйымдастырылатын барлық саяси, мәдени көпшілік шаралардың тұрғындарға БАҚ құралдары арқылы жеткізіліп отырылуы баста назарда ұсталады. Жарық көрген жарияланымдарға  мониторинг жасалып, тиісті тармақтары бойынша ақпарат облыстық ішкі саясат басқармасына жолданады. 

Әртүрлі тақырыптарда видеосюжеттер түсіріліп, «Қазақстан-Атырау» телеарнасында көрсетіліп отырылады.

Аудан бойынша екі саяси партия тіркелген.

  «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалына аудан әкімі Е.Жаңабаев төрағалық етеді.

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалымен бірлескен жұмыстар жүргізіледі. Елбасының жыл сайынға Қазақстан халқына арнаған Жолдауын тұрғындар арасында түсіндіру және насихаттау шараларына, жастар арасында ұйымдастырылатын діни сауаттылықты ашу, дәстүрлі емес діни ағымдардан қорғану, түсінік беру жұмыстары бірлескен түрде атқарылады. Дөңгелек үстелдер, кештер, кездесулер бірлесе ұйымдастырылады.  

Құрамында 187 мүшесі бар, Қазақстан  Коммунистік халықтық партиясының аудандық филиалына Бекешов Болат жетекшілік етеді. (Қ.Қалыбеков атындағы орта мектептің мұғалімі).  

 2014 жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 720 мың теңге қарастырылған, 2 қоғамдық бірлестікпен шаралар өз нәтижесін беруде. Жыл басынан бері қарай  әлеуеметтік тапсырыс шеңберінде 5 шара өз мәнінде аталмыш қоғамдық ұйымдардың ұйымдастыруымен өткізілді. Бұдан басқа «Бибі Саз» қоғамдық бірлестігі аудан жастарынан құралған өнерпаздар саздық бағдарламасын дайындар, барлық ауылдық округтерде тұрғындарға өнерлерін паш етті. Замануи үрдіс алған «Домбыра Пати» бағдарламасын ішкі саясат бөлімімен бірлесе отырып, дамытуда. Қазір бұл шараға қатысушылар саны көбейіп келеді. «Махамбет» қоғамдық бірлестігі әзірше мектеп оқушылары арасында дебаттық пікір сайысты дамытуды қолға алды. Жыл басынан бері қарай бөлімнің көмегімен мектептерде (О.Шонаев атындағы орта мектебі, Таңдай орта мектебі, Ақтоғай орта мектебі) аталмыш клубтардың жұмысын қолға алды.

 Әр жартыжылдық бойынша жүргізілетін баспасөз құралдарына жазылу кезінде аудан көрсеткіші үнемі бастапқы үштіктің ішінен табылып келеді. 2014 жылдың І жартыжылдығында 1 орында, ІІ жартыжылдығына баспасөзге жазылу науқанында облыстық көрсеткіш бойынша   3 орынды иелендік.  


1.Бөлімнің тарихы

2005 жылдан бастап аудан әкімі аппараты ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінен дербес аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, ал 2006 жылдан бастап дербес аудандық ішкі саясат бөлімі боп қайтадан құрылды.

2. Бөлімнің негізгі міндеттері

1. қоғамдық – саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай – ақ мемлекеттің егемендігін нығайту, қоғамдық процестерді демократияландыру, қоғамды біріктіру жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға қатысу;
2. мемлекеттің ішкі саясатын, сондай –ақ бөлім құзырына жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс, аудан әкімдерінің актілері мен тапсырмаларын аймақтағы мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінің орындауына бақылау жасау;
3. қоғамның демократиялық институттарының нығаюына, «Қазақстан - 2030» даму Стратегиясының негізгі басылымдықтарын түсіндіру мен насихаттауға атсалысу;
4. мемлекеттік ішкі саясатты, қоғамдық – саяси сала мәселелері, Қазақстан Республикасының ішкі саясат жөніндегі заңнаманы насихаттауға және түсіндіруге арналған бағдарламаларды жүзеге асыру жұмысын үйлестіру;
5. аймақтағы қоғамдық – саяси процесстер мен олардың даму үрдісін жан – жақты, әрі ақиқатты түрде зерделеу, қорыту және талдау;
6. аймақтық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру;
7. аймақтағы қоғамдық – саяси ахуалды болжауға бағытталған социологиялық және политологиялық зерттеулер жүргізу;
8. ел дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарына сәйкес мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру;
9. қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық – саяси және діни ұйымдармен, жұртшылық өкілдерімен өзара қарым – қатынас жасау;
10. аймақтағы қоғамдық – саяси ахуалдың, саяси партиялар мен басқа қоғамдық ұжымдардың іс-әрекеттерінің мониторингін, талдауын және болжауын ұйымдастыру;
11. бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық маңызды проблемалардың жариялануын бақылау, талдау.

3. Бөлімнің функциялары мен құқықтары

Бөлім заңнамамен белгіленген тәртіпте мынадай негізгі функцияларға сай қызмет етеді:
1. ішкі саяси процесстерді мемлекеттік тұрғыдан реттеп отыруға қатысу, аймақтағы қоғамдық – саяси ахуалды, саяси партиялармен басқа да қоғамдық бірлестіктердің қызметін талдау мен болжауды, мониторинг жүргізуді ұйымдастыру, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, қоғамды топтастыруға бағытталған ұсыныстар беріп, жұмыстарды ұйымдастыру және қазақстандық отан сүйгіштікті насихаттау мен тәрбиелеу;
2. Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларының орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз ету;
3. тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеуге қатысу, бөлім құзырына жататын мәселелер бойынша қабылданатын аудан әкімінің шешімдері, өкімдері жобаларын дайындау және сараптама жүргізу;
4. аймақ, қоғамдық – саяси және экономикалық саладағы билік органдарының қызметі туралы ақпарат тарату жүйесін жетілдіру жөніндегі әкімият жұмысына қатысу;
5. Бөлім құзырына жататын мәселелер бойынша селолық округ әкімшілігі, аудандық бөлімдер мен мекемелермен ұйымдық және ақпараттық байланыс орнатуды қамтамасыз ету;
6. Бөлім құзырына жататын мәселелер бойынша селолық округтердің сәйкес қызметіне бақылауды қамтамасыз ету және жұмысын үйлестіру;
7. аудан әкімі аппаратының қызметін ақпараттық-талдау жағынан қамтамасыз ету;
8. жергілікті деңгейде өтетін қоғамдық-саяси, мәдени шараларды қамтамасыз ету;
9. мемлекеттің ішкі саяси мәселелері бойынша аудан әкімінің, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі мен ақпараттық-насихаттық жұмыстарының жүру барысын үйлестіру және бақылау;
10. ауданның ішкі саяси мәселелері бойынша аудан әкімиятының мәжілістеріне құжаттарды дайындауға қатысу;
11. ақпараттық мәліметтер базасын (компьютерлік, мәтіндік) әзірлеу, жинақтау, қорыту және жіктеу жұмыстарын жүргізу;
12. саяси партиялармен, діни және өзге де қоғамдық ұйымдармен байланысты жүзеге асыру;
13. Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
11. Бөлім негізгі міндеттерін жүзеге асыру мен өз функцияларын орындалу үшін Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде мыналарға құқылы:
1. белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінен, басқада да ұйымдардан және азаматтардан өз функциясын орындауға қажетті ақпарат сұратуға бөлім құзырына жататын мәселелерді дайындау үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін атауға, тиісті ұсыныстарды әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құруға;
2. Бөлім құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдамалық және өзге де материалдар дайындауға;
3. тиісті мемлекеттік органдар мен лауазым иелеріне бөлім қызметі саласына қатысты тапсырмалар беруге, олардың орындауын бақылауға, сондай-ақ, орталық және жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысуға;
4. жастар саясатын жүзеге асырудың аймақтық бағдарламаларын және жергілікті деңгейдегі ақпараттық саясатты жүргізуге мемлекеттік тапсырысты қаржыландыруға;
5. Бөлім құзыретіндегі мәселелер бойынша атқарушы органдар өкілдерінің есептерін тыңдау мен алқа мәжілістерін өткізуге, олардың қорытындылары бойынша аудан әкіміне анықтама беруге;
6. Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

4.

5. Бөлім бастығының міндеті


1) Бөлімге жалпы басшылық жасайды, бөлім қызметкерлеріне міндеттер қояды және бақылау жасайды;
2) қоғамдық – саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай – ақ мемлекеттің егемендігін нығайту, қоғамдық процестерді демократияландыру, қоғамды біріктіру жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыру шараларын ұйымдастырады; 3) мемлекеттің ішкі саясатын, сондай –ақ бөлім құзырына жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс, аудан әкімдерінің актілері мен тапсырмаларын аймақтағы мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінің орындауына бақылау жасайды;
4) бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
5) аудан әкімінің осы саланы басқаратын орынбасарымен тікелей байланыста болып, облыс әкімі аппараты мен Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясымен байланыс жасау;
6) ішкі саяси ахуалды зерттеу, талдау және болжау;
7) ақпараттық-насихаттық жұмысты ұйымдастыру мен өткізуге қатысу және оны бақылау;
8) қоғамның демократиялық институттарының нығаюына, «Қазақстан - 2030» даму Стратегиясының негізгі басылымдықтарын түсіндіру мен насихаттау жұмыстарының жүрісін бақылайды;
9) мемлекеттік ішкі саясатты, қоғамдық – саяси сала мәселелері, Қазақстан Республикасының ішкі саясат жөніндегі заңнаманы насихаттауға және түсіндіруге арналған бағдарламаларды жүзеге асыру жұмысын үйлестіреді;
10) қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық – саяси және діни ұйымдармен, жұртшылық өкілдерімен өзара қарым – қатынас жасайды;
11) аудан әкімі аппаратының қызметін ақпараттық-талдау жағынан қамтамасыз етеді;
12) ауданның ішкі саяси мәселелері бойынша аудан әкімиятының мәжілістеріне құжаттарды дайындауға қатысады;

6. 1) Жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру Кеңесін ұйымдастыру, жұмысына мониторинг жүргізу, қызметі туралы мәлімет жинау, олармен жұмыс жасау;
2) барлық селолық округ әкімдерімен өзара үйлестіру жұмысын жүргізу, мәжіліс , семинар, кездесу, дөңгелек үстелдер өткізу, дайындау;
3) ішкі саяси ахуалды, аймақтағы қоғамдық пікірді, азаматтардың электоральды көңіл – күйлерін, мемлекеттік органдардың жұмысын, қызметін талдау және жан – жақты зерттеу;
4) аймақтағы қоғамдық – саяси процесстер мен олардың даму үрдісін жан – жақты, әрі ақиқатты түрде зерделейді, қорытады және талдау жасайды;
5) білім мекемелерімен жұмыс, БАҚ және қоғамдық – саяси шаралар жариялылығын бақылау;
6) Елбасының Жолдауын түсіндіру бағытындағы үгіт – насихат топтарының жұмысын ұйымдастыру;
7) мониторинг мәселелері бойынша әдістемелік семинар тренингтер жүргізу, әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру, сауалнама жүргізу арқылы зерттеу;
8) бұқаралық ақпарат құралдарындағы тоқсан сайынға аналитикалық шолуды жасау:
- әрбір саяси тақырып бойынша мақалаларға;
- заңдылықтар мен тенденцияларды, олардың сипатын, жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға;
- мемлекеттік өкімет органдарының қызметіне;
- оппозициялық және альтернативтік күштердің қызметіне;
- ұлтаралық қатынасқа;
- «Қазақстан - 2030» Стратегиясын, жалпы стратегияны насихаттау және түсіндіру жұмысына;
- өзекті тақырыптарға (мемлекеттік және аймақтық).
9) «Стратегия - 2030» бағдарламасын түсіндіретін үгіт насихат тобының жұмысын ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің беделін көтеру жұмыстарын атқарады;
10) аймақтағы қоғамдық – саяси ахуалдың, саяси партиялар мен басқа қоғамдық ұжымдардың іс-әрекеттерінің мониторингін, талдауын және болжауын ұйымдастырады;
11) бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық маңызды проблемалардың жариялануын бақылайды, талдау жасайды;
12) жергілікті деңгейде өтетін қоғамдық-саяси, мәдени шараларды қамтамасыз етеді;
13) ішкі саяси жағдайлар бойынша селолық округ әкімшіліктерінен, жергілікті мемлекеттік органдардан ақпараттарды талдап, жүйелеу;
14) ақпараттық мәліметтер базасын (компьютерлік, мәтіндік) әзірлеу, жинақтау, қорыту және жіктеу жұмыстарын жүргізеді;
15) аймақтық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асырады;
16) аймақтағы қоғамдық – саяси ахуалды болжауға бағытталған социологиялық және политологиялық зерттеулер жүргізеді;
17) ел дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарына сәйкес мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырады;
18) тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеуге қатысу, бөлім құзырына жататын мәселелер бойынша қабылданатын аудан әкімінің шешімдері, өкімдері жобаларын дайындау және сараптама жүргізеді;
19) Ақтоғай, Сарытоғай, Жалғансай, Алмалы, Сарайшық, Махамбет селолық округ жұмысына жауап береді.

7. 1) Бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылатын заң мен заңнамалардың жергілікті жердегі орындалуын қадағалау, аудан көлемінде таратылатын отандық және шетелдік газет – журнал, аудио – визуальды ақпарат өнімдеріне талдау жасау; аймақтағы ақпарат нарығының жағдайына мониторинг ұйымдастыру; аймақтағы баспасөз саласының жағдайына талдау жасау;
2) Баспасөзге жазылуды ұйымдастырады, жетекшілік жасайды, жауап береді.
3) миссионерлер жұмысына визуальды бақылау жасау;
4) аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс Кеңесінің хатшылық жұмысын ұйымдастыру және жоспарын дайындау, орындалысын бақылап, талдау;
5) мұсылман діни бірлестіктерінің даму тенденциясы мен қызметіне талдау жасау;
6) ауданда діни білім алу жүйесінің жұмысына талдау жасау;
7) діни басылымдар мен өнімдерге талдау жүргізу;
8) православиялық, католиктік, протестанттық, христиан діни бірлестіктер және дәстүрлі емес діндердің қызметіне толық талдау жасау;
9) азаматтардың арыздары мен хаттарына жауап дайындау;
10) құқық қорғау органдарымен өзара байланысты ұйымдастыру;
11) қоғамдық және кәсіподақ бірлестіктерінің қызметі туралы мәліметтер жинақтау және олардың жұмысына мониторинг жүргізу;
12) діни мерекелердің өз деңгейінде өткізілуіне бақылау жасау;
13) бөлімге байланысты барлық кіріс-шығыс құжаттарының жасақталып жіберілуіне жауап береді;
14) Ақжайық, Алға, Чкалов, Бақсай, Есбол селолық округ жұмысына жауап береді.


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 12:05
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 20.06.2016 12:05