Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.12.2017

Қызметтер

Тарихы

Көктоғай ауылдық округі туралы қысқаша мәлімет

Көктоғай ауылдық округі 1994 жылы ақпан айында Атырау облысы әкімінің өкіміне сәйкес құрылды.

Ауылдық округ Жайық өзенінің Европа бетінде орналасқан, жалпы жер көлемі 255395 гектарды құрайды.

Округ орталығы - Көктоғай ауылы, облыс орталығы - Атырау қаласынан 120 км, аудан орталығы - Индербор кентінен 75 км қашықтықта орналасқан.

1994 жылдан – 2011 жылдың 19 мамырына дейін Көктоғай ауылдық округінің әкімі болып қазіргі уақытта еңбек ардагері, зейнеткер Өтеу Әзен Өтеуұлы қызмет етті,

2011 жылдың мамыр айынан округ әкімі болып Құсайнов Мамбеткали Жолдаскалиевич қызмет атқарады.

2017 жылдың бірінші қаңтарында округ көлеміндегі тұрғындар саны 2705 адамды құрады, оның ішінде 9 адам басқа ұлттар (орыс, шешен, өзбек, ағылшын) қалғандары қазақтар.

Округ әкімі аппараты аудан әкімі аппаратымен, аудандық мәслихатпен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-әректін қамтамасыз етеді. Жергілікті мекемелер қызметін үйлестіреді, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, арыз-шағымдарын қарайды, азаматтардың қабылдауын ұйымдастырады.

Қазақстан Республикасының Президенті, Үкімет сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жүргізетін мемлекетік саясатты және оны жүзеге асыруда жүргізілетін шараларды түсіндіреді және насихаттайды.


Мақаланың шыққан күні:: 06.09.2016 12:52
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 31.07.2017 10:01