Array История | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.03.2017

Қызметтер

История

Бөдене  ауылдық округінің   тарихыАтырау облысының Индер ауданы, Бөдене ауылдық округі 1994 жылы ақпан айында Атырау облысы әкімінің өкімі негізінде құрылды. Селолық округ оңтүстігінен, батысынан Жарсуат ауылдық округімен және солтүстігінде Индербор поселкелік округінің шекараларымен және батысында Жайық өзенімен шектеседі.

Ауылдық әкімдіктің орталығы, Бөдене ауылы аудан орталығы Индербор кентінен 17 км қашықтықта орналасқан.

Округ бойынша 2016 жылдың 1-шілдесіне 1586 адам.

Округте 1 мектеп, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 пошта байланыс бөлімшесі , 6 азық-түлік және аралас дүкені бар. Ауыл бойынша 19 шаруа қожалығы және 32 жеке кәсіпкер жұмыс істейді.

Округ аумағынан Атырау – Индер тас жолы өтеді.

Округтің негізгі өзені – Жайық.

2015 жылдың мамыр айынан округ әкімі болып Гизатов Жанболат Самиғоллаұлы қызмет атқарып келеді.



Географиялық жағдайы, ықылымы (климат)

Ауылдың аумағы 48616 гектар. Халқының саны 1586 адам. Климаты қуаң, континенттік, жазы ыстық, қысы суық. Қаңтардың орташа температурасы – 32ºС 35ºС. Солтүстігінде - 24ºС, кейде - 40ºС дейінгі аязды күндер болады. Шілденің орташа температурасы +35-43ºС аралығында.

Округ көлемі негізінен шөл-шөлейт аймақ зонасына жататындықтан ылғалы аз, жері ащы, сорлы жерлерге тән өсімдіктер өседі. Село аумағындағы жануарлар дүниесінде негізінен кемірушілер, бауырымен жорғалаушылардың үлесі басым. Кездесетін негізгі жануарлар: қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, күзен, т.б.


Бөдене  ауылдық округінің   тарихыБөдене  ауылдық округінің   тарихыБөдене  ауылдық округінің   тарихыБөдене  ауылдық округінің   тарихыБөдене  ауылдық округінің   тарихы


Мақаланың шыққан күні:: 17.06.2016 12:11
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 05.09.2016 19:35