2020 жылғы 13 шілде — Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Тарихы | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
13.07.2020

Қызметтер

Тарихы

«Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің тарихы

Есбол ауылы 1933-63 жылдың аралығында Есбол ауданының орталығы болып құрылған. «Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 1994 жылы 13 маусымда алғаш құрылып, тіркелді.

Есбол ауылдық округінің бұрынғы басшылары болып Есбосынов Құспан (1963-1971) жылдарда, Анесов Төлеу (1971-1972) жылдарда, Жұбанышқалиев Рахметқали (1972-1977) жылдарда, Тоғайбаев Тұрсын (1977-1982) жылдарда, Көпжасаров Хайролла (1982-1985) жылдарда, Сұлтанғалиева Ажар (1985-1988) жылдарда, Сейітов Қабдығали (1988-1996) жылдарда, Тлекқабылов Арман (1996-1999) жылдарда, Сұлтанов Сұңғатолла (1999-2001) жылдарда, Жалғасбаев Өтеғұл (2001-2012) жылдарда, Қалиев Ерлан (2012 – 2017) жылдарда, қазіргі кезде округ әкімі Сабиров Ерболат Сағидоллаұлы.

 

Тарихы

Есбол ауылдық округі туралы қысқаша мәлімет

 Есбол ауылдық округі Жайық өзенінің Европа бетінде орналасқан, жалпы жер көлемі- 200472 гектарды құрайды.

Округ құрамына Есбол, Ынтымақ елді мекендері кіреді. Округ орталығы- Есбол.

Облыс орталығы- Атырау қаласы, Есбол Атырау қаласынан 135 шақырым қашықтықта орналасқан. Аудан орталығы -Индербор кенті, елді мекеннен 35 км қашықтықта орналасқан.

2018 жылдың бірінші қаңтарында округте тұрғындар саны -5140 адамды құрады.

Округте 4 мектеп, 2 балабақша, 1 ауылдық аурухана, 1 почта бөлімшесі,1 мәдениет үйі халыққа қызмет көрсетеді. Есбол ауылдық орталығынан 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы жүріп жатыр.

Округ әкімі аппараты аудан әкімі аппаратымен, аудандық мәслихатпен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен өзара іс- әрекетін қамтамасыз етеді. Жергілікті мекемелер қызметін үйлестіреді, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, арыз- шағымдарын қарайды, азаматтардың қабылдауын ұйымдастырады.


Мақаланың шыққан күні: 06.09.2016 12:14

Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.07.2018 16:24

Қаралым саны: 2024