Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.07.2020

Қызметтер

«Дипломмен ауылға» бағдарламасының орындалысы туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауылға келген жастардың қатары жыл санап артып келеді. Өйткені, мемлекет тарапынан ауылға барып жұмыс істеуге және тұруға ниет білдірген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Бұл бағдарлама жұмыс іздеген жастарға да, ауылдық жердегі кадр тапшылығын жолға қоюға да тиімді болды.

Бағдарламаның басты мақсаты - ауылды аймақтарды қажетті әлеуметтік, техникалық мамандармен қамтамасыз ету. Жас мамандарды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан көтерме жәрдемақы төленіп, баспана алуына жеңілдетілген несие беріледі.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жыл сайын әлеуметтік көмек ретінде берілетін қолдаулар туралы мәліметтер, әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін тапсырылатын құжаттар, сонымен қатар құжаттың қабылданатын мерзімі туралы жергілікті баспасөз бетіне мақала жарияланып тұрады. Сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңын іске асыру мақсатында аталған басылымға жыл сайын «Сенім телефоны» жарияланады. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік және бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге арнайы стендер жасақталып көрнекті жерге ілінді.

Аудан бойынша ауданның елді мекендеріне келген тапшы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында 2016-2018 жылдар аралығында денсаулық сақтау саласы бойынша - 10 маман, білім беру саласы бойынша - 19 маман, спорт саласынан 1, агроөнеркәсіп кешен саласынан - 1 маман, барлығы 31 маман әр қайсысына 70 еселік айлық есептік көрсеткішке тең, жалпы сомасы 4 млн. 907 мың теңге көлемінде бір жолғы көтерме жәрдемақы алды. Ал тұрғын үй сатып алу үшін денсаулық сақтау саласынан 5 маман, білім беру саласынан 19 маман, агроөнеркәсіп кешен саласынан 2 маман, барлығы 26 маман жалпы сомасы 87 млн. 506 мың теңге көлемінде он бес жыл мерзімге 0,01% пайыздық мөлшер бойынша бюджеттік несие рәсімделіп, пәтермен қамтамасыз етілді.

Аталмыш бағдарлама бойынша аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 14 желтоқсандағы №163-VI шешіміне сәйкес 2018 жылға тиісті сала мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету үшін 9 маманға тұрғын сатып алу үшін берілетін бюджеттік несиеге бюджеттен 31 422,0 мың теңге, көтерме жәрдемақы төлеу үшін 7 маманға жергілікті бюджеттен 1 178,0 мың теңге қаржы қаралды.

2018 жылдың тамыз - қазан айларында бағдарлама бойынша көтерме жәрдемақы алуға ниет білдірген 21 мамандардың өтінштерінен денсаулық сақтау саласынан 4 маманның, білім беру саласынан 2 маманның, спорт саласынан 1 маманның, барлығы 7 мамандардың өтініштері тұрақты түрде

жұмыс істейтін комиссия отырысында мақұлданып, 1 178,0 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға ниет білдірген 12 мамандардың өтініштерінен денсаулық сақтау саласынан 2 маманның, білім беру саласынан 6 маманның, агроөнеркәсіп кешен саласынан 1 маманның, барлығы 9 мамандардың өтініштері мақұлданып, 31 422,0 мың теңге көлемінде тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие рәсімдеуге құқығын беру туралы шешімдері шығарылды.

Аталған бағдарлама бойынша 2019 жылға көтерме жәрдемақы 7 маманға 1 млн. 237 мың теңге, тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие 7 маманға 26 млн. 513 мың теңге жоспарлануда.


Мақаланың шыққан күні: 01.03.2019 11:09

Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.03.2019 11:09

Қаралым саны: 1510