Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
18.08.2017

Қызметтер

Аудан әкімі М.Мұқановтың және ауылдық округ әкімдерінің «2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы атқарылатын міндеттері туралы» есеп беру кездесулерінде берілген ұсыныс-пікірлерді жүзеге асырудың іс-шаралар жоспарының 2016 жылдың 1 шілдесіне орындалысы

Өтініш иесі

Қысқаша мазмұны

Орындалу барысы

1

Мусағалиев Тағыберген – Мұқыр ауылдық округі, Мұқыр орта мектебінің директоры

Жантерек елді мекенінен 60 орындық бастауыш мектебі ғимаратын салу

Жантерек елді-мекенінен 60 орындық бастауыш мектебінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалды, сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде. Тапсырыс беруші «Атырау облысы Құрылыс басқармасы» ММ-сі.

2

Әжіғалиев Рақым-Тасшағыл ауылдық округінің тұрғыны, Тасшағыл орта мектебі директорының шаруашылық жөніндегі меңгерушісі

Қаракөл ауылындағы электр тоғын тарату орталығынан Тасшағыл ауылына дейінгі электр желісі 1979 жылы жасалған, тозығы жеткен. Қысты күні қиындық туғызуда, екі орта 12 км,   осы электр сымы  желісін ауыстыруға көмектессе

«АтырауЖарық» АҚ-ның 2016 жылы атқарылатын жөндеу жұмыстарының  жоспарына сәйкес, жөндеу жұмыстары            шілде-тамыз айларында басталады. Электр желісі жыл аяғына дейін ауыстырылады.

 

3

Сақтағанов Амангелді– Көздіғара ауылдық округі, зейнеткер

Ауыз су ауылға Тайсойған жерасты су қорынан жеткізіледі. Алайда, жазғы уақытта тұрғындардың суды көп мөлшерде қолдануына байланысты ауыл тұрғындарына ауыз су жетпей қалды. Осы мәселенің шешімін табуға ықпал жасау

«Тайсойған жер асты су қорындағы бес ұңғыманы іске қосу» нысаны бойынша 2015 жылы облыстық бюджеттен 60,0 млн.теңге бөлінді. Ағымдағы жылға 114,2 млн.теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын 01.09.2016 жылы аяқтау жоспарланды.

4

Тауман Серік-Қызылқоға ауылдық округі, ардагерлер кеңесінің төрағасы

Қызылқоға ауылдық округінің орталығы, Қарабау ауылынан  300 орындық клуб үйін салу

Қарабау ауылынан 300 орындық мәдениет үйінің құрылысына жоба-сметалық құжаттамасы дайындалып, 28.03.2014 жылғы №05-0121/14  мемлекеттік  сараптаманың қорытындысы шықты. Жобаның құны - 338,828 млн.теңге. Ағымдағы жылға   құрылыс жұмыстарын демеушілікпен салыну жоспарланған. Құрылыс жұмыстарына тапсырыс беруші «Атырау облысы Құрылыс басқармасы» ММ-сі

5

Лұқпанова Гаухар-Тайсойған ауылдық округі, Ғ.Сланов орта мектебінің мұғалім

Тайсойған ауылынан балабақша ғимаратын салу

Тайсойған ауылынан ескі мектеп интернаты ғимаратын                   40 орындық бала-бақшаға сәйкестендіріп қайта жаңғыртуға    жоба-сметалық құжаттама дайындалуда. Жобалау жұмыстары аяқталды. Қазіргі кезде жұмыс жобасына сараптама жүргізу жұмыстары жүруде.

6

Ерекенов Қайрғали-Қоныстану ауылының тұрғыны, ардагер

Ауданның барлық елді мекендері толықтай ауыз су желісімен қамтылған. Мен өзім Қоныстану ауылында тұрамын. Ауыз су ауылға Тайсойған жерасты су қорынан жеткізіледі. Алайда, жазғы уақытта тұрғындардың суды көп мөлшерде қолдануына байланысты ауыл тұрғындарына ауыз су жетпей қалды. Осы мәселенің шешімін табуға ықпал жасау

«Тайсойған жер асты су қорындағы бес ұңғыманы іске қосу» нысаны бойынша 2015 жылы облыстық бюджеттен 60,0 млн.теңге бөлінді. Ағымдағы жылға 114,2 млн.теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын 01.09.2016 жылы аяқтау жоспарланды.

7

Қосымбаева Баян-Миялы ауылының тұрғыны, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп мұғалімі

Мен Миялы ауылының тұрғынымын. Отбасылық жағдайыма байланысты тұрғын үй салуға жер сұрап  2009 жылдан беру кезекте тұрмын. Қазіргі кезде газ, су, тоқ желілері және жол салынбаған жерлерден жер берілмеуде. Миялы ауылынан тұрғын үй салуға жер беру үшін инфрақұрылымдар қашан жүргізіледі

«Қызылқоға ауданы Миялы ауылындағы Мөлтек-1 ықшам ауданының оңтүстік жағынан инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы» нысаны бойынша жоба-сметалық құжаты дайын. Жобаның құны 475,6 млн.теңге. Ағымдағы жылға ұлттық қордан 200,0 млн теңге бөлінді. Қалған қаржы 2017 жылға қаралған. Қазіргі кезде жұмыстарға мердігерді анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу жарияланды. Жоба бойынша 122 үйдің жер телімі қажетті инфрақұрылыммен қамтылады.

8

Өрбісінов Дүзгенбай-Тайсойған ауылының тұрғыны, зейнеткер

Мен Тайсойған ауылының ардагерімін. Бүгінге ұзақ жылдар бойына көрмеген қызықты көрудеміз. Газымыз бар, суымыз жүріп тұр, заманауи талапқа сай мектебіміз, фельдшерлік амбулаториялық пунктіміз салынып, халыққа игілікпен қызмет көрсетуде. Сізге қояр мәселем, ауылдан балабақша ғимаратын салу. 

Тайсойған ауылынан ескі мектеп интернаты ғимаратын                   40 орындық бала-бақшаға сәйкестендіріп қайта жаңғыртуға    жоба-сметалық құжаттама дайындалуда. Жобалау жұмыстары аяқталды. Қазіргі кезде жұмыс жобасына сараптама жүргізу жұмыстары жүруде.

9

Ізтұрғанов Иғали-Қаракөл ауылының тұрғыны, округ ардагерлері кеңесінің  зейнеткері

Аудан бойынша Жангелдин, Ойыл, Көздіғара ауылдық округтерінің орталықтарына кірме және ауылішілік жолдары жүргізілді. Осындай жолдар Тасшағыл, Жамбыл, Қызылқоға ауылдық округтерінің орталықтарына да жүргізілеме?

Аталған елді мекендердің кірме, ауылішілік автокөлік (жаяу жүргіншілер жолымен қоса) жолдарының жобалық-сметалық құжаты дайын. Жыл басында қаржы бөлінбеді, жыл ішінде нақтыланған бюджетпен қаржы бөлінсе «Мемлекеттік сатып алу» заңының талаптарына сай конкурс ұйымдастырылып, жеңімпаз «Мердігер» мекемемен жасалады.

10

Елеуова Арайлым-Тасшағыл орта мектебінің мұғалімі

Мен Тасшағыл ауылының тұрғынымын. Тасшағыл ауылында «Жазира» балабақшасы бар. Қазіргі уақытта ғимартқа бала сиымдылығы тар болғандықтан, 100 орындық балабақшаның құрылысына жоба-сметалық құжаттамасы дайындалды деп естідім. Осы құрылыс жұмыстарының салынуына көмек көрсетсеңіз.

Тасшағыл ауылынан 100 орындық     бала-бақшаның құрылысына                  жоба-сметалық құжаттамасы дайындалды. Жұмыс жобасына 11.09.2015 жылы  №05-0229/15  мемлектеттік сараптама қорытындысы шықты. Жобаның құны – 293,290 млн.теңге. Ағымдағы жылға құрылыс жұмыстарын бастауға 200,0 млн. теңге қаржы бөлінді. Құрылыс жұмыстарына тапсырыс беруші «Атырау облысы Құрылыс басқармасы» ММ-сі

Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты


Мақаланың шыққан күні:: 19.07.2016 16:04
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 19.07.2016 16:04