Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.08.2020

Қызметтер

Облыс әкімінің «Атырау облысының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2020 жылға арналған міндеттері туралы» есебін талқылау қорытындылары бойынша және қала, аудандар әкімдерінің есеп беру кездесулеріне қатысуы кезінде тұрғындардан түскен ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2020 жылдың ІІ тоқсанына орындалысы

Сұрақ қоюшы,

мәселенің қысқаша мазмұны

Орындалысы

Ткач Павел Петрович – «Әлия» этно-мәдени бірлестігінің төрағасы, Коммунистік партия мүшесі.

Зираттарды бұзу, кірпіштерін және қоршауларын ұрлау мәселесі бойынша

2019 жылы Полиция қызметкерлерімен Атырау қаласы аумағында жедел профилактикалық іс- шара өткізу кезінде зираттардың темір қоршауларын ұрлаудың 2 фактісі анықталып, күдіктілер ұсталды. ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-бөлімімен олардың қылмыстары дәлелденіп, істері сотқа жолданды.

2020 жылдың 6 айында зираттарды бұзу фактісі тіркелген жоқ.

Шолақ Құбайдолла Зейноллаұлы – Атырау қаласының тұрғыны.

«Орал-Атырау», «Атырау-Индер» тасжолдарында рұқсат етілген массадан асатын ауыр жүк тасымалдайтын автокөліктердің жүрісіне шектеу қою

Облыстық маңызы бар «Атырау-Индер» автомобиль жолына 3.12 «Білікке түсетін салмақты шектеу» 8 тонна жол белгісі орнатылып, республикалық маңызы бар «Атырау-Орал» және облыстық маңызы бар «Атырау-Индер» жолдарына талапқа сай келмейтін ауыр салмақты және ірі көлемдегі жүк көліктерін қадағалау мақсатында тұрақты рейдтер ұйымдастырылып келеді.

2020 жылдың 6 айында «Атырау-Индер» облыстық маңызы бар автокөлік жолында                              36 әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде, салмақ параметрлерін бұзу бойынша – 7, жүк тасымалы ережесін бұзу бойынша – 19, тауар-көлік жүк құжатынсыз жүк тасымалдау бойынша – 10 әкімшілік іс қозғалды. Бұзушылықтарға жол бергендерге   1 125,0 мың теңге айыппұл салынып, 416,7 мың теңге жолда жүру алымы өндірілді.

«Атырау-Орал» республикалық автокөлік жолында тасымалдаушыларға барлығы 510 әкімшілік іс қозғалды. Оларға 14 824,8 мың теңге айыппұл салынып, 3 349,4 мың теңге жолда жүру алымы өндірілді.

Сондай-ақ, «Ақ Жайық» газетінің тілшісімен және «Қазақстан-Атырау» телеарнасының ұйымдастыруымен теле-патруль, фото, бейне жазба жүргізу арқылы рейдтік шаралар ұйымдастырылды.

Жергілікті БАҚ және Инспекцияның Fasebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшалары, «WhatsАpp» мессенджері арқылы халықтың белсенді бөлігін арқылы бұзушылық фактілері туралы Көлік комитетінің Ахуалдық орталыққа хабарлама жолдау және тіркеу арқылы автомобиль көлігі саласындағы бұзушылық фактілеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған тиісті жұмыстар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар «Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ-мен 2020 жылға арналған жолдарды қамтамасыз ету және карьерлік автокөлік құралдарының жүріп өтуіне бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жол картасы жасақталып бекітілді.

Идиятов АйбекАтырау қаласының тұрғыны.

Қоғамдық орындарда, автобустарда, жаяу жүргіншілер жолына зағип жандар үшін арнайы дыбысты дабылдар немесе басқа да белгілерді орнату және ірі сауда орындарындағы пандустарды талапқа сәйкестендіру мәселелері

Атырау қаласы әкімдігімен, мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасап, жаяу жүргінші жолдарын ретке келтіріп, пандустар орнатып, автотұрақ белгілерін қою жөнінде, қала аумағындағы шағын және орта бизнес нысандарына ұсыныс хаттар үнемі жолдануда.

2019 жылдың шілде айынан бастап, бүгінгі күнге дейін барлығы 247 ғимараттың пандустарының стандартқа сәйкестігі тексерілді. Барып қарау жұмыстары нәтижесінде, 44 ғимараттың пандустары стандартқа сәйкес келмейтіндігі анықталды.

Қазіргі уақытта «Дина» сауда орталығында мүгедектерге арналған пандус және 6 дана автотұрақ белгісі, «Атырау» ОСК-де – 2, «Baizar» сауда-саттық ойын орталығында – 8, «Насиха» СҮ-де – 2, «Сарайшық» коммуналдық базарында – 1, «Көктем» базарында – 3, «Мастер Дом» сауда үйінде – 1, «СтройИнвест-К» ЖШС-да мүгедектерге арналған 1 автотұрақ белгісі қойылып, қол жетімділік қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, базарлардың әкімшіліктеріне базар ішінде қазылған шұңқырларға жөндеу жұмыстарын жасау жөнінде ескертулер беріліп және қала аумағындағы ірі сауда объектілеріне соқыр немесе нашар көретін, құлағы естімейтін жандарға арнайы кезекшілер көмегін ұйымдастыру жөнінде ұсыныс берілді. Бүгінгі күні, «Көктем», «Дина», «Мұрагер» сауда орындарында көмекші пульті орнатылды, «Сарайшық» коммуналдық базары мен «Насиха» сауда үйінде көмекші пультін алдағы уақытта орналастыру жоспарланған.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арбамен кедергісіз жүруге Атырау қаласындағы жүзеге асырылып жатырған 11 көшенің (Бейбарыс, Құрманғазы, Ғұмаров, Уәлиханов, Ғабдиев, Амандосов, Мәденов, Әуезов, Азаттық, Гагарин, Датов көшелері және Атырау-Индер тас жолының 0-10 км аралығы) автокөлік жолдарын қайта жаңғырту жобалары шеңберінде жаяу жүргінші жолдарына   арбамен жүретіндерге еңіс (пандус) салу қарастырылған және зағип жандар үшін жиектастарды төмендету жұмыстары жүргізілуде.

Ағымдағы жылы С.Мұқашев, Құрманғазы, Қ.Смағұлов алаңдарын қайта жаңғырту жобасы шеңберінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арбамен кедергісіз жүруге және зағип жандарға жағдай жасау мақсатында, аталған алаңдардағы жаяу жүргінші аумақтарына жалпы 1501,2 шаршы метр тактильді төсемтастар және жол еңістерін (пандус) салу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, зағип жандар үшін қала автобустарында автоинформатор-дыбыстау (аялдамаларды хабарлау) қондырғылары орнатылған. Алайда қазіргі автобустардағы қолданыстағы валидатор-планшеттер форматы дыбыстау қондырғыларын қолдамайтын болғандықтан автоинформаторларды іске қосу мүмкін болмай отыр. Дегенмен, бұл мәселені шешу үшін алдағы уақытта техникалық жабдықтарды жаңарту, яғни жаңа заманауи форматтағы валидаторларға ауыстыру жоспарлануда.

Қазіргі уақытта қолданыстағы 30 автобустың пандустары бар. Ағымдағы жылы «Ақжайық Автопарк» ЖШС-мен сатып алынатын 170 дана жаңа автобусты мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған осындай құрылғылармен жабдықтау қарастырылған.

Сонымен бірге, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан Д.Нұрпейісова атындағы академия маңындағы жаяу жүргінші көпірінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған жедел саты қарастырылған.

Аталған бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Аманбаева Жазира – Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон ауылының тұрғыны.

Жаңа Қаратон ауылына жол салу

Жылыой ауданы Жаңа Қаратон кентінің кентішілік автомобиль жолдарын және жаяу жүргіншілер жолдарын қайта жаңғырту үшін жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Аталған жоба бойынша Жаңа Қаратон кентінің 117 көше аралық өткелдеріне ұзындығы 33,4 шақырым асфальт жол салу көзделген. Қаржыландыру мәселесі алдағы уақытта бюджеттің мүмкіндігіне қарай, 2021-2023 жылдарға бюджетті жасақтау кезінде қаралатын болады.

Қожықова Ұлдай – Атырау қаласының тұрғыны, көп балалы ана.

№7 қалалық емхана дәрігерлерінің қызметтік міндеттерін орындаудағы кемшіліктер туралы

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының 2020 жылғы 10 маусымдағы                            №276 бұйрығына сәйкес комиссия құрылып, №7 Атырау қалалық емханасына қызметтік тексеріс жүргізілді.

Тексеріс нәтижесінде халық тіркелімі порталы бойынша Ұ.Қожықова мен оның балаларының                         №7 Атырау қалалық емханасында тіркелгендігі және Ұ.Қожықованың бірнеше диагноздармен диспансерлік есепте тұрғандығы анықталды. Ұ.Қожықова да, оның балалары да емхана дәрігерлерінің бақылауында болған. Емхана Ұ.Қожықова мен оның балаларын тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіп отырған және өз тарапынан да бірнеше мәрте шет елдік дәрі-дәрмектер сатып алып берген.

Тексеріс нәтижесінде емхана тарапынан Ұ.Қожықоваға медициналық көмек көрсету барысында кемшіліктер анықталмады.

Кенжеғалиев Қуанышбек – Атырау қаласының тұрғыны, 2 топ мүгедегі.

Қаладағы ашық жатқан құдықтарды ретке келтіру мәселесі

«Атырау облысы Су Арнасы» КМК қызмет көрсететін коммуналдық су құбыры мен кәріз желілерінде шамамен 20 мың бақылау құдықтары бар. Мекеменің жұмысшыларымен ашық қалған су құбыры мен кәріз құдықтарын анықтау және оларды тез арада жабу бойынша үздіксіз жұмыстар атқарылуда. Мекеме бойынша анықталған ашық қалған құдықтар және оларды жабу бойынша қабылданған шаралар туралы арнайы журналға жазумен күнделікті су құбыры мен кәріз құдықтарын тексеру үшін әр мастерге белгілі бір учаскелер бұйрық бойынша бекітілген. Күн сайын мекеменің қызметкерлерімен орта есеппен 10-12 құдық жабылады, жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде. Ашық құдықтар анықталған кезде жедел шаралар қабылдау және апаттық жағдайлардың алдын алу үшін әлеуметтік желілер арқылы немесе мекеменің диспетчерлік қызметіне (тел.: 45-47-12) хабарлау қажеттігі туралы хабарлама орналастырылған.

Чернова Галина Христофоровна – «Глобус» қоғамдық бірлестігі, Атырау қаласының тұрғыны.

Су ресурстарын, оның ішінде Жайық өзенін қалпына келтіру мәселесі

Трансшекаралық Жайық өзенінің жай-күйі облыс әкімдігі тарапынан үнемі бақылауда және оны пайдалану мен қорғауда бірқатар шаралар да атқарылуда.

Жайық өзенінен алынатын су алу көлемін мейлінше азайту арқылы оған түсетін салмақты төмендету мақсатында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, батыс аймақтағы ірі кен орындардың бірі болып табылатын «Көкжиде» жер асты су қорын Атырау өңірі халқының игілігіне пайдалану мәселесі де қарастырылуда.

Қазіргі уақытта, «Көкжиде» жер асты тұщы су қорларын қайта бағалау жұмыстарын жүргізу үшін Ақтөбе облысы әкімдігіне республикалық бюджеттен қаражат бөлініп, жұмыстар атқарылуда.

Өзен атырабының экологиялық жүйесін жақсартуға, қалыпты деңгейін ұстауға бағытталған, оның жануарлар дүниесі мен балық қорының өсімін қамтамасыз ету мақсатында облыстық құрылыс басқармасымен ауқымды жұмыс – «Жайық өзенінің сулылығын арттыру және гидрологиялық режимін жақсарту» жобасы іске асырылуда.

Оған қоса, «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Атырау облысы бойынша филиалы Жайық өзенінің гидрологиялық және гидрохимиялық режимін зерттеу мақсатында 5 гидрологиялық бекетте су деңгейі мен су шығынын бақылап отырады.

Атырау облысы әкімдігімен Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне Жайық өзенінің гидрологиялық режимін бірлесіп зерттеуге көңіл бөлу қажеттілігін және оны одан әрі жақсарту бойынша шаралар кешенін әзірлеуді жеделдету туралы ұсыныс хат жолданды.

Тұрланова Ұлмекен – Атырау қаласының тұрғыны.

Көктем   ықшам ауданына жаңа балабақша салу мәселесін қарастыру

Атырау қаласы құрылыс бөлімімен Көктем ықшам ауданынан салынатын 160 орындық жаңа балабақша құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Қаржыландыру мәселесі алдағы уақытта бюджеттің мүмкіндігіне қарай, 2021-2023 жылдарға бюджетті жасақтау кезінде қаралатын болады.

Әсел Лұқпанова – Атырау қаласы, Береке ауылының тұрғыны.

Береке ауылының жаңадан бой көтерген учаскелерін толықтай инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (электр жарығы, табиғи газ, жол, су желілері)

Береке ауылының ауыл ішілік 19,3 км жолдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында ашық конкурс жарияланып, мердігер анықталуда.

Береке ауылының 57,6 км су желісінің құрылысы ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап жүргізілуде.

Сонымен қатар, елді мекенге 23,1 км электр желілерінің құрылысын салудың жобалау-сметалық құжаттамасы сараптамадан өтті. Қаржыландыру мәселесі алдағы уақытта бюджеттің мүмкіндігіне қарай, 2021-2023 жылдарға бюджетті жасақтау кезінде қаралатын болады.

Сахиев АйболатАтырау қаласы, Алмалы ауылының тұрғыны.

Алмалы ауылына түнгі көше жарығын жүргізу және жол төсеу мәселелері бойынша

Алмалы ауылына ауылішілік 15,2 км жол құрылысын жүргізу бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы дайын.

Алмалы ауылына 12,8 км электр желілерінің құрылысын салу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, елді мекеннің 10,6 км газ құбыры желісінің құрылыс-монтаждау жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап жүргізілуде.

Атырау қаласы, Сарыөзек аулының тұрғындары

Сарыөзек ауылына таза ауыз су және жол салу мәселесі

Қазіргі уақытта Сарыөзек ықшам ауданында (Черная речка) су құбырын салу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, елді мекенге тас жол төсеу жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптамаға жолдау үшін құжаттары жинақталуда.

Куанышев СерікбайАқсай-2 ауылының тұрғыны.

Ақсай ауылының тұрғындары үшін арнайы спорт нысанын салу

Ақсай ауылынан көпфункционалды спорт кешенінің жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Құрылыс жұмыстарына қажетті қаражат қарастырылуда.

Жамал Халел – Құлсары қаласының тұрғыны.

Құлсары қаласына жаңа стадион салу

Құлсары қаласында үлкен стадионның құрылыс жұмыстары «Теңізшевройл» ЖШС-нің «Игілік» бағдарламасы арқылы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын 2021 жылдың 2 тоқсанында аяқтау жоспарланған.

Жамал Халел – Құлсары қаласының тұрғыны.

Құлсары қаласына 75 орындық аурухана салу

Құлсары қаласында 75 орындық аурухананың құрылыс жұмыстары «Теңізшевройл» ЖШС-нің «Игілік» бағдарламасы арқылы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын 2021 жылдың                              2 тоқсанында аяқтау жоспарланған.

 

Ибрашева Ғалия – Индербор кентінің тұрғыны.

Аудандағы қоқыс алаңшаларын қоршау

Ауданындағы полигондардың саны – 11, жалпы аумағы 71 га. Аудан бойынша 8 елді мекеннің қатты тұрмыстық қалдықтарды жинайтын алаңшаларын қоршау үшін қажетті қаржыға бюджеттік өтінім берілді.

Наурызова Гүлсім Ханатқызы – Индер ауданы, Есбол ауылының тұрғыны, Қ.Есқалиев атындағы орта мектептің мұғалімі.

Апатты жағдайдағы Қ.Есқалиев атындағы орта мектептің орнына жаңа мектеп салу

Қазіргі уақытта Атырау облысы Құрылыс басқармасының тапсырысымен Есбол ауылынан 320 орындық мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынды. Құрылыс жұмыстарына қаржы сұратылуда.

Дәулетов Болат – Индер ауданы, Өрлік ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Көктоғай, Өрлік ауылдарының ауылішілік жолдарын жөндеу

Көктоғай ауылында 12,9 км ауылішілік жолдарын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Өрлік ауылының ауылішілік жолдарын жөндеудің жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталды. Қаржыландыру мәселесі алдағы уақытта бюджеттің мүмкіндігіне қарай, 2021-2023 жылдарға бюджетті жасақтау кезінде қаралатын болады.

Машаева АйымгүлИсатай ауданы, Аққыстау ауылының тұрғыны.

Ауылішілік көшелерге жол салу

Исатай ауданы әкімдігімен «Аққыстау ауылындағы ауылішілік автокөлік жолдарын қайта жаңғырту» (16,3 шақырым, 25 көше) және «Аққыстау ауылындағы ауылішілік жолдарын күрделі жөндеу» (8,2 шақырым, 19 көше) бойынша 2 жоба жасақталған.

Қазіргі уақытта «Аққыстау ауылындағы ауылішілік жолдарын күрделі жөндеу» жобасы «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасына енгізіліп, мердігермен күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

«Аққыстау ауылындағы ауылішілік автокөлік жолдарын қайта жаңғырту» жұмыс жобасын іске асыру мақсатында сұраныс берілді. Қаражат бөлінуіне қарай тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Сағынғалиев Кенжебай –Исатай ауданы, Аққыстау ауылының тұрғыны, зейнеткер.

Е.Есжанұлы көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу, жол белгілерін орнату

Исатай ауданының Аққыстау ауылына жалпы ұзындығы 24,4 шақырымды құрайтын                2 жоба жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Аталған жобаларда Е.Есжанұлы көшесіне жаяу жүргінші жолы қарастырылмағандықтан, алдағы уақытта жасалатын жаңа жобаға жаяу жүргіншілер жолын енгізу жоспарланған.

Қазіргі таңда Е.Есжанұлы мен Әбілхайыров көшелері қиылысында 2 жаяу жүргінші жол белгісі орнатылған.

Аюпов МаратҚұрманғазы ауылының тұрғыны, зейнеткер.

Құрманғазы ауылынан тұрғындарға жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер телімін беру

Құрманғазы ауылының «Болашақ», «Шипажай» жаңа шағын аудандарына тұрғын үй құрылысы салынатын аумақтарды инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдармен қамту мақсатында жол салынып, газ, су, электр желілері жүргізілуде.

Бұл мөлтек аудандар тапсырылған соң жер алу кезегінде тұрған тұрғындарға жеке үй салуға «Болашақ» шағын ауданынан 68, «Шипажай» шағын ауданынан 400 жер учаскелері берілетін болады.

Аудан әкімдігімен құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін толық аяқтап, жер учаскелерін беру жоспарланған.

Баукешев Кендебай Құрманғазы ауданы, Ақкөл ауылдық округінің тұрғыны.

Ақкөл ауылындағы 290 орындық балабақшаны пайдалануға беру

Қазіргі кезде Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылындағы 290 орындық балабақшаның құрылысы жүргізілуде. Балабақшаны ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында пайдалануға беру жоспарланған.

Хамзаев Мәдениет – Құрманғазы ауданы, Бірлік ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Құрманғазы-Бірлік ауылдық округтері арасындағы автомобиль жолының күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау

Облыстық маңызы бар «Құрманғазы-Приморье-Бірлік-Котяевка 0-29» автомобиль жолдарын күрделі жөндеу жұмыстарына 2018 жылы республикалық және жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, жол құрылысы жұмыстары басталды. Жол құрылысының мерзімі 2018-2020 жылдарды қамтиды. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылы аяқтау жоспарланған.

Сарманов Мұратай«Нұрлы дала агрофирмасы» шаруа қожалығының төрағасы, Жеке кәсіпкер.

Миялы ауылына Халел Досмұхамедұлының ескерткішін орнату

Қызылқоға ауданы әкімдігімен Миялы ауылына Х.Досмұхамедұлының ескерткішін орнату үшін облыстық Мәдениет басқармасына қаржы бөлуге сұраныс және ескерткіш орнату жөнінде конкурс өткізу жөнінде ұсыныс берілген.

Қазіргі таңда облыстық басқармамен ескерткішке арнайы таңдау жасауға конкурс өткізу жөнінде хабарландыру жарияланды.

Салықов Орынғали ДосанұлыҚызылқоға ауданы, Миялы ауылының тұрғыны, зейнеткер.

Миялы ауылының орталық көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салу

Қазіргі таңда Миялы ауылының көшелеріне тас жол және жаяу жүргінші жолдарын салу үшін 2018 жылы жасақталған жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілуде. ЖСҚ аяқталып, сараптамадан өтіп, тиісті қаражат бөлінгенде Миялы ауылының Т.Қарабалин, Ж.Жабаев, Қазыбек би көшелеріне жаяу жүргіншілер жолы, Қ.Аққуов, А.Сабиров, Қ.Сәтпаев, С.Үсенов, Қ.Тасжанов, Қ.Қуанышев, Бөкен би, Қ.Сағырбайұлы көшелеріне тас жолмен бірге жаяу жүргіншілер жолдары салынатын болады (Жалпы жоба бойынша 12,8 км тас жол, 8,9 км жаяу жүргіншілер жолын салу жоспарланған).

Сағынов СерікҚызылқоға ауданы, Сағыз ауылының тұрғыны.

Сағыз ауылын үздіксіз таза ауыз сумен қамту

«Кереген-Сағыз-Жамансор» топтық су құбырын қайта жаңғырту арқылы Сағыз ауылынан көлемі 1500 текше метр су қоймасын, тәулігіне 1200 текше метр су айдау ғимаратын салуға жобалау-сметалық құжаттама жасақталуда.

Халенов Сәбит Сүлейменұлы – Мақат ауданы, Мақат кентінің тұрғыны, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Мақат және Доссор кенттеріндегі вокзал перрондарын жөндеуден өткізу

Мақат және Доссор кенттеріндегі вокзал перрондарын күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалау-сметалық құжаттама жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынған.

Құрылыс жұмыстарына қажетті қаржыға бюджеттік өтінім жолданды.

Қабдолов Аманияз Тәженұлы – Мақат ауданы, Доссор кентінің тұрғыны, Құқық қорғау саласының ардагері.

Мақат кентіндегі                    2008 жылы салынған 2 су қазандығын жөндеуден өткізіп, пайдалануға беру

Мақат кентінде 2008 жылы салынған 3000 м3 ауыз су қазандарын күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалау-сметалық құжаттама жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынды.

Қазіргі уақытта қажетті қаражат бөлініп, мердігер мекемемен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аманбаев Төлембай – Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылының тұрғыны «Шабай» шаруа қожалығының жетекшісі.

Есбол-Қазыбай каналын іске қосып, су жіберу мәселесін шешу

«Есбол-Қазыбай» каналын күрделі жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттама жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өткен.

Құрылыс жұмыстарына қажетті қаржыға бюджеттік өтінім жолданды.

Қадыржан Қазымбекұлы – Махамбет ауданы, Таңдай ауылының тұрғыны.

Таңдай, Талдыкөл, Ақтоғай ауылдарына ауылішілік жолдар салу

Таңдай ауылының 2 шақырым, Талдыкөл ауылының 3,1 шақырым, Ақтоғай 3,4 шақырым ауылішілік жолдарын күрделі жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттама жасақталып, сараптамадан өтті.

Талдыкөл, Ақтоғай ауылдарының ішкі жолдарын жөндеу «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасына енгізіліп, мердігермен келісім шарт жасақталуда.

Төлегенов Ұзақбай Махамбет ауданының тұрыны, зейнеткер.

Алға ауылына жаңа балабақша салу мәселесі

Қазіргі уақытта Махамбет ауданынының Алға ауылындағы қолданыстағы 90 орындық балабақша толық қамтылған. Сонымен қатар, қосымша балабақша кезегіне 130 бала тіркелген.

Махамбет ауданы әкімдігімен Алға ауылына қосымша 160 орындық жаңа балабақша ғимаратының жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, жобаны қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім жолданды.


Мақаланың шыққан күні: 28.07.2020 13:44

Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.07.2020 13:44

Қаралым саны: 133