Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
13.08.2020

Қызметтер

Ислямов Абат Максутович

Ислямов Абат МаксутовичИслямов Абат Максутович 1964 жылы 01 қарашада Атырау қаласында (Гурьев қ.) дүниеге келген. Гурьев мұнай өңдеу зауытында еңбек қызметін 1985 жылы №3 цехтың технологиялық қондырғы операторы ретінде бастады. Еңбек жолын 1983 жылы РММ-де 3-разрядты слесарь болып бастады. Содан соң 1983 жылдан 1985 жылға дейін Кеңес Армиясы қатарында қызметін өтеді.

* 30 шілде 1985 ж. Гурьев мұнай өңдеу зауыты – № 3 цехтың ЭЛТҚ-АВТ 3-разрядты технологиялық қондырғы операторы.

* 1986 жылы вакуумдық қондырғылар операторы лауазымына ауыстырылды

* 2004 жылы "Атырау МӨЗ" АҚ аға оператор болады

* 2008 ж. – "АМӨЗ" ЖШС № 3 цехтың ЭЛТҚ-АВТ қондырғысының бастығы.

* 2009 ж. – МӨТК өндірісі ЭЛТҚ-АВТ қондырғысы. Технологиялық қондырғының аға операторы.

* 2011 ж. – өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі инженер-инспектор.

* 2012 ж. – айналмалы сумен жабдықтау блогының бастығы. Хош иісті көмірсутектерді өндіру кешені

* 2017 ж. – ТАМЭ өндіру қондырғысының бастығы. Мұнайды терең өңдеу кешені.

* 2018 ж. - қазіргі уақытқа дейін – каталитикалық крекинг нафтасын селективті сутектендіру қондырғысының бастығы. Мұнайды терең өңдеу өндірісі.

Зауытта жұмыс істеген жылдары атқарылған жұмыстарға еш өкінген емеспін. Баға жетпес кәсіби тәжірибе алдым. Осы тәжірибеммен жас ұрпақпен қуана бөлісемін.


Мақаланың шыққан күні: 10.07.2020 16:38

Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.07.2020 17:31

Қаралым саны: 136