Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.07.2020

Қызметтер

Исказиева Ляззат Жолгалиевна (Жұмағалиевтер әулеті)

Исказиева Ляззат Жолгалиевна (Династия Жумагалиевых)Қатысушының аты жөні: Исказиева Ляззат Жолгалиевна (Жұмағалиевтер әулеті)

Кәсіпорын: Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, М.Әуезов атындағы орта мектебі

Номинациясы: «Үздік еңбек әулеті» - Жолғалиевтер әулеті

Жалпы отбасы мүшелері мен олардың туыстарының саны: 4 отбасында, 48 адам;

Әулет өкілдерінің жалпы еңбек өтілі: 198 лет

Қысқаша сипаттама: Габдуллина Ғайни әулеттің үлкені – 1932 жылы Атырау облысы, Индер ауданы Көктоғай селосында дүниеге келген. Ауданның құрметті азаматы, Атырау облысының құрметті азаматы, жоғары білімді педагог-әдіскер, аға мұғалім, жазушы. Бүгінде құрметті демалыста. Индер мұғалімдері мен оқушылары энциклопедиясының авторы. «Отқа оранған балалық шақ», «Егеменді еліміздің елеулі ұстаздары», «Отанға жеңіспен оралғандар», «Өзіңді жүрмін сағынып..», «Қыр баласы тауға қарап өспейді...» кітаптарының авторы.

Жумагалиев Жолгали – 1931 жылы Атырау облысы, Индер ауданында дүниеге келген. Алматыдағы Киров атындағы университетін «География» пәні бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын мұғалім болып бастап, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры, РАЙОНО-да меңгеруші болып, 1979 жылдан Индер ауданындағы №8 ПТУ-де директор қызметін атқарған. 1985 жылы өмірден озған.

Исказиева Ляззат Жолгалиевна 1969 жылы 1 шілдеде Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кентінде дүниеге келген. 1988-1991 жылдар аралығында Гурьев қаласындағы (қазіргі Атырау) педагогикалық институтын «қазақ сыныптарындағы орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тамамдаған. 1991 жылы С.Сейфуллин атындағы орта мектебінде еңбек жолын бастаған. 1993 жылы М.Әуезов атындағы орта мектебіне ауысып, күні бүгінге аталған мектепте «қазақ сыныптарындағы орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша мұғалімдік қызметін атқаруда.

Жұмағали Арман Жолғалиұлы – 1959 жылы Индер ауданында дүниге келген. Индер ауданындағы көпбейінді ауыл шаруашылық колледжісінің жоғары санатты мұғалімі. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Жумагалиева Алма Султашовна– 1964 жылы Құрманғазы ауданында дүниеге келген. Жоғары санатты орыс тілі пәні мұғалімі. Жоғары оқу орнын Ресей жеріндегі Тамбов қаласынан бітірген. Орал қаласындағы Хиуаз Доспанова атындағы № 30 мектепте орыс тілі пәні мұғалімі болып қызмет атқарады.

Беккаирова Жаннат Жолгалиевна-1964 жылы Индер ауданында дүниге келген. Жоғары оқу орнын Рейсей жеріндегі Тамбов қаласында бітірген. Орал қаласындағы № 16 жалпы орта білім беретін мектеп КММ-де ұзартылған күн тобының тәрбиешісі.

Жолғалиева Гульфайруз Армановна - 1981 жылы Индер ауданында дүниеге келген. Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағымемлекеттік университетін орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тамамдаған. Алғашқы еңбек жолын Индер ауданындағы М.Әуезов атындағы орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі

болып бастаған, кейіннен осы мектептің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Қазіргі уақытта Орал қаласындағы Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып атқарып келеді.

Жумагалиева Жанар Бауыржановна-1984 жылы Индер ауданында дүниеге келген. Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағымемлекеттік университетін ағылшын тілі мамандығы бойынша тамамдаған. Атырау қаласындағы №13 Д.Байбосинов атындағы ұлттық-мектеп гимназиясында ағылшын тілі мұғалімі болып қызмет атқарады.

Шапхатова Салтанат-1993 жылы Индер ауданында дүниеге келген. Орал қаласындағы Жаханша Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжісін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мамандығы бойынша бітіріп, Батыс Қазақстан Инновациялық Технологиялық университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тамамдаған. Білім бакалавр. Индер ауданындағы «Райхан» бала бақшасында тәрбиеші, кейіннен сол мекеменің әдіскері қызметін атқарған. Қазіргі таңда «Райхан» бала бақшасында ІІ санатты тәрбиеші.

Байланыс дерегі: Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті тел: 8702 968 92 69


Мақаланың шыққан күні: 24.06.2019 12:02

Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.06.2019 12:09

Қаралым саны: 1923