Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
14.12.2017

Қызметтер

Исатай аудандық мәслихатының №3 сайлау округі бойынша депутат

Исатай аудандық мәслихатының №3 сайлау округі бойынша депутатАубекеров Сериккали Султангалиевич Исатай аудандық мәслихатының №3 сайлау округі бойынша депутаты

Туған кезі / Дата рождения

7 июля 1969 года

Туған жері/Место рождения

с.Тущыкудук, Исатайский район, Атырауская область

Ұлты/ Национальность

казах

Білімі/ Образование

высшеe

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы / Год окончания и наименование учебного заведения

в 1992 г. – Казанский химико-технологический институт, Российская Федерация

в 2004 г. – Атырауский университет имени Х.Досмухамедова

Мамандығы бойынша біліктілігі/ Квалификация по специальности

инженер -механик,

государственное и муниципальное управление и менеджер управление

Шетел тілдерін және ТМД халықтарының тілдерін білуі/ Владение иностранными языками и языками народов СНГ

русский,

англииский

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы/

Ученая степень, ученое звание

-

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары/

Государственные награды, почетные звания

 

Дипломатиялық дәрежесі/

Дипломатический ранг

-

Әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені / Воинское, специальное звания, классный чин

-

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін
тәртіптік жазалар берілгені туралы мәлімет / Сведения о дисциплинарных взысканиях за совершение коррупционного правонарушения

-

Арнайы тексеру нәтижелері/ Результаты специальной проверки

-

Аттестацияның күні және нәтижелері/ Дата и результаты аттестации

-

Мемлекеттік қызметшінің ант берген күні/ Дата принесения присяги государственным служащим

-

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ

ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Датасы/ Дата 

қызметi, жұмыс орны, мекеменiң орналасқан жерi/

должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/ приема

босатылған/ увольнения

с 08.1992 – по н/в

 

Начальник цеха, ТОО «Тенгизшевройл» совместное предприятие, Жылыойский район, г.Кульсары 

Сайлауалды бағдарламасы

Құрметті сайлаушылар! «Нұр Отан» партиясының XVII съезінде партияның сайлауалды тұғырнамасы бекітілді және осы бағдарламаға қатысты бірқатар нақты міндеттер қойылды. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруда партия нақты міндеттерді көрсетіп берді.

Саналы ғұмырымда ауылда туып- өскендіктен, қазіргі замандағы ауыл өмірінің тыныс-тіршілігі маған жақсы таныс. Сондықтан да елімізді, облыс, аудан халқын ауыл-шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған ауылымыздың тағдырына немқұрайлықпен қарай алмаймын. Жылдар бойы жинаған жігерім, білімім, ойларым мен жағдайым, ауылымыз бен аудан көлеміндегі беделім менің халқым үшін пайдалы әрі нақты қызмет етуіме жағдай беретінін білемін.

Менің Исатай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде №3 cайлау округінен түсуім маған үлкен жауапкершіліктер жүктейді. Ол үшін, мен өз алдыма мынандай бірнеше міндеттер қойып отырмын.

-Өзім тұрып жатқан округ тұрғындарының мүдделерін ауданда қорғаймын;

- Әр азамат лайықты деңгейде өмір сүруі қажет, сондықтан Қоғамның әлжуас топтары – зейнеткерлерге, мүгедектерге, көп балалы жанұяларға және әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға көмек көрсетуге күш саламын;

- Округтің оңтүстік жағында орналасқан бастауыш мекепті негізгі мектепке айналдыру немесе жаңадан орта мектеп салуды қолға аламын;

- Округтегі мұғалімдер ұжымының әлеуметтік мәселелері бойынша мүдделерінің орындалуын қадағалаймын, тек қана сапалы білім болған кезде ғана экономика және мәдениеттің жақсы дамитынын түсіне отырып, ауыл мектебі мен мұғалімінің мәртебесін көтеру, оқу орындарының материалдық-техникалық қорын жақсарту;

- Ауылдық жерде жастар саясатының іске асырылуына ат салысамын. Ауылға жастарды тарту мақсатында, жастардың ауылдан қалаға кетпеуі үшін оларды үймен, жәрдемақы төлемдерімен, коммуналдық өтеулерді, мәдени демалыстарын ұйымдастыруға және ауыл жастарының салауатты өмір салтын ұстануға, жұмысқа тұру және жұмыспен қамту мәселелерін шешуді қамтамасыз етуге қол жеткіземін;

- Жастар Қазақстанның болашағы. Жас қазақстандықтардың өзінің қабілетін дамытуға, толыққанды мүмкіндіктерін пайдалана алуына барынша жағдай жасау. Мен жастарға салауатты өмір сүруді, спортты насихаттауға дайынмын, жастар арасында кездесетін жағымсыз әрекеттер алкогольді ішімдіктерді қолданудан, нашақорлық пен темекі шегуден бас тартуға үгіттемекшімін. Осыған байланысты мүмкіндігінше түрлі спорт кешендерін салдыруға және қажетті спорт құралдарымен қамтамасыз етуге жағдай жасауға тырысамын;

- Жеке шаруа қожалық басшыларымен ауылдық жерге жанұялардың келуіне жағдай жасай отырып және жұмыссыз жүрген ауыл жастарын қазіргі заман талабына сай мамандықтарға дайындап сол жолмен жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар жүргізуге тырысамын. Тұрғындардың қажетті материалдық игіліктермен қамтамасыз етілуін қадағалаймын.Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына әрдайым қолдау жасап, ауылдастарымның және жаңа жұмыс орындарын құруына көмектесуге тырысамын. Ауылымызға қажетті ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін шағын құрылғылар әкелуге және көкеніс өсіретін шағын жылыжайлар салуларына септігімді тигіземін, сол арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмыссыздықты төмендету мәселелерін шешуге көмектесемін;

-Біздің Тұщықұдық ауылы күннен күнге көркейіп келе жатыр, бірақ алда тұрған бірқатар жұмыстар бар. Мен ауылішілік жөндеуден өткен жолдардың жақсы сақталуын қадағалау, ауыл тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету үшін «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша сумен қамтамасыз етуді жақсартуға, көгалдандыру мен көшелерді жарықтандыруға қол жеткізбекшімін;

- Депутаттық өкілеттігімді пайдалана отырып, ауылдастарымның өмірін жақсарту үшін ауданның тұрақты даму саясатын жүргіземін, білім беруді, денсаулық сақтауды, мәдениетті қолдаймын;

Өзімнің депутаттық құқығымды сайлаушыларымның мүддесін қорғауға, яғни, лауазымды тұлғалардан сайлаушыларымның әр саладағы мәселелеріне, әсіресе әлеуметтік саладағы сұрақтарына жауап талап етемін. «Нұр Отан» партиясының мүшесі ретінде оның Көшбасшысының қоғамды демократияландыруға, еліміздегі экономикалық реформаларды және саяси жаңғыртуға бағытталған барлық бастамаларын қолдаймын. Алға қойған мақсаттардың барлығы адамдардың тілектері мен өзара келісім, күшіміз біріккен жағдайда ғана орындалмақшы. Сондықтан, сайлау округімдегі ауылымның тұрақты дамуын, өзара түсіністік, тұрғындар арасында ұлтаралық келісімін қамтамасыз етуді өзімнің азаматтық парызым деп білемін, өйткені, тек қана бейбіт өмір сүріп, бірлесе еңбек еткен қоғам ғана гүлдене бермекші. 

Құрметті сайлаушылар! Сіздердің сенімдеріңізден шығуға жұмыстанатын боламын әрі ол үшін бар күш жігерімді жұмсаймын


Мақаланың шыққан күні:: 26.08.2016 17:52
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 26.08.2016 17:52