Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.04.2020

Қызметтер

Негізгі капиталға салынған инвестиция

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 3675 млрд. теңгені немесе 2017 жылдың қаңтар-желтоқсанына 135,1% құрады.

Атырау облысы әкімдігімен облыс экономикасына тікелей шетел инвестициясын тарту және өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі күні облыс әлемнің 50-ден аса елдерімен тығыз ынтымақтасуда. Облыста 1 000-нан аса біріккен және шетел кәсіпорындары құрылып, жұмыс жасауда.

2018 жыл басынан бері облысқа алыс жақын шетелдерден делегация өкілдері ресми іссапармен келіп кетті.

Облыста жыл сайын өңір экономикасына инвестиция тарту мақсатында «Global Oil&Gas Atyrau» Солтүстік Каспий аймақтық мұнай және газ көрмесі және «Atyrau Build» Солтүстік Каспий аймақтық құрылыс және интерьер көрмесі өткізіледі.

«Бір терезе» принципі бойынша ақпараттық-аналитикалық және сервистік қолдау, отандық және шетелдік инвесторларға сапалы және жедел көмек көрсету мақсатында өңірде «Атырау Innovations» ЖШС-ы жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, өңірде «Kazakh Invest» ҰК» АҚ» құрылды.

Өңірдің инвестициялық қызметімен байланысты проблемалық мәселелерді жедел шешу үшін Атырау облысы әкімдігімен «Инвесторлар тарту

және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі» Өңірлік кеңес құрылды. Кеңес құрамына мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің басшылары, шетелдік компаниялар, шетел Елшілігінің өкілдері және басқалар енгізілді.


Мақаланың шыққан күні: 18.01.2019 16:19

Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.01.2019 16:36

Қаралым саны: 791