Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.04.2020

Қызметтер

Инвестициялар

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 3675 млрд. теңгені немесе 2017 жылдың қаңтар-желтоқсанына 135,1% құрады.

Атырау облысы әкімдігімен облыс экономикасына тікелей шетел инвестициясын тарту және өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

2018 жылы Атырау облысына алыс және жақын шетелдерден делегация өкілдері ресми іссапармен келіп кетті. Соның ішінде: Жапониядан, Ұлыбританиядан, Франциядан, Ресейден, Германиядан, Латвиядан, Әзірбайжан елдерінен.

Абердин қаласымен (Шотландия), Калмыкия Республикасымен (Ресей Федерациясы) ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға арналған меморандумдарға қол қойылды.

Бизнес құрылымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері өңірге инвестицияларды тарту шараларында белсенді қатысады.

«Бір терезе» принципі бойынша ақпараттық-аналитикалық және сервистік қолдау, отандық және шетелдік инвесторларға сапалы және жедел көмек көрсету мақсатында өңірде «Kazakh Invest» ҰК» АҚ» және «Атырау Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰҚ АҚ жұмыс жасайды.

Өңірдің инвестициялық қызметімен байланысты проблемалық мәселелерді жедел шешу үшін Атырау облысы әкімдігімен «Инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі» Өңірлік кеңес құрылды.


Мақаланың шыққан күні: 18.01.2019 16:19

Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.01.2019 16:19

Қаралым саны: 1154