Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
22.09.2017

Қызметтер

Балалардың жазғы демалыс орындары мен сауықтыру лагерьлерін ұстау тәртібі жөнінде нұсқаулық

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 09 қазан № 1077 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігі қағидаларына» сәйкес балалардың жазғы демалыс орындары мен сауықтыру лагерьлерін ұстаудың төмендегідей тәртібі қарастырылған:

1. Балалардың сауықтыру лагерьлерiнiң ағаш ғимараттары бiр қабатты етiп көзделеді. Каркас және тақтай ғимараттар сыланады және олардың жанбайтын жабыны мен жанбайтын жылытқышы болады.

2. Мыналарга:

  1. ғимаратты жанғыш материалдармен (сабанмен, жаңқамен, қамыспен, жоңқамен) жабуға;
  2. балалар жұмыс iстейтiн ағаш ғимараттарда асханалар, кiр жуу орындарын орнатуға;
  3. жанғыш құрылымдардан жасалған ғимараттарда 50-ден астам баланы орналастыруға;
  4. жазғы маусымда балалар жұмыс iстейтiн үй-жайларда пеш жағуға, керосиндi және электрлiк қыздыру құралдарын қолдануға жол берiлмейдi.

3. Балалардың жазғы демалыс орындарындағы, сауықтыру лагерьлерiндегi кiр жуатын бөлмелер мен асүйлер балалар орналасатын ағаш ғимараттардан кемінде 15 метр қашықтықтағы оқшау құрылыстарға орналастырылады.

4. Балаларды сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтаумен қамтамасыз етiлмеген жазғы демалыс орындарында, сауықтыру лагерьлерiнде орналастыруға жол берiлмейдi.

5. Балалардың жазғы демалыс орындары, жазғы сауықтыру лагерьлерi телефон байланысымен, өрт болған жағдайда берiлетiн дабыл белгiсiмен және алғашқы өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етiледi. Оларда қызмет көрсетушi персоналдың тәулiк бойы кезекшiлiгi белгiленедi. Кезекшiлердiң үй-жайларына телефон орнатылады.

Атырау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы

 

Өрт шыққан жағдайда 101 немесе 112 нөмірлері арқылы хабарлаңыз!


Мақаланың шыққан күні:: 24.08.2016 12:41
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 24.08.2016 12:52