Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.04.2020

Қызметтер

Өндіруші салалардың ашықтығының бастамасы

Құрметті Мәжіліске қатысушылар!

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, облыстық бюджеттің кірісіне жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары есебінен жүзеге асырылған әлеуметтік бағдарламалар бойынша нақты игерілген қаражат туралы есеп беру қажет.

2018 жылдың қорытындысы бойынша есеп беру үшін бүгінгі мәжіліске жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындарды және үкіметтік емес ұйымдарды шақырып отырмыз.

Жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары бойынша 2018 жылы бюджет кірісіне 2 млрд. 946 млн. теңге түскен.

Оның ішінде ірі көлемді сомалары төмендегі компаниялардан аударылды:

1 млрд 866,3 млн теңге - Эмбамұнайгаз

203,7 млн теңге – Исатай оперейтинг

107,1 млн теңге - Жамбыл Петролиум

125,8 млн теңге – Кожан

74,3 млн теңге – Фирма Алмэкс плюс

65,5 млн теңге - Каспийнефть

58,0 млн теңге – Анако

49,0 млн теңге - Сагиз петролеум компани

35,9 млн теңге - ИПЦ мунай

34,4 млн теңге - Сазанкурак

33,8 млн теңге - Алтиес петролеум Интернешнл компани

37,1 млн теңге – KSK Петролеум

29,8 млн теңге – Ап-нафта оперейтинг

29,3 млн теңге - Сатпаев оперейтинг

28,7 млн теңге - Патенциал ойл.

Бюджет кодексіне сәйкес, нысаналы трансферттерді қоспағанда, жергілікті бюджеттің кіріс бөлігіне түсетін аударымдар нысаналы мақсатқа ие болмайды. Осыған сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдарын нақты мақсаттарға бөлу мүмкін емес.

Жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары өңірдің әлеуметтік саласын дамытуға жұмсалатын қаржылардың бір бөлігі ретінде жұмсалуда.

2018 жылғы жалпы облыс бюджеті 324,8 млрд. теңге көлемінде игерілді. Республикалық бюджетке аударылатын

бюджеттік алуларды (98,1млрд.) қоспағанда облыс бюджеті шығыстарына барлығы 226,7 млрд. теңге игерілді.

Оның ішінде әлеуметтік салалар бойынша, яғни білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт салаларына жұмсалған қаржылар 96 млрд. 686 млн теңге немесе 42,5 пайыз құрады:

Білім беру саласы 62,8 млрд. теңге құрады.

Оның ішінде ағымдағы шығындар 53 млрд 610 млн. теңге, материалды-техникалық жарақтандыру 2 млрд 676 млн. теңге, күрделі жөндеу 598 млн. теңге, құрылысы 5 млрд 965 млн. теңге құрап отыр.

2018 жылы 7 балабақша салынып, 1 балабақшаға қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

11 мектеп пен 1 өнер мектебінің құрылысы жүргізілді.

Денсаулық сақтау саласы бойынша өткен жылы 6 млрд. теңге игерілді.

Ағымдағы шығындар 2 млрд 406 млн. теңге, материалды-техникалық жарақтандыру 2 млрд 388 млн. теңге, құрылысы 1 млрд 290 млн. теңге құрап отыр. Денсаулық сақтаудың 3 нысаны салынды және 1 нысанға (Атырау облыстық Кардиологиялық орталығының бас ғимаратына) жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Әлеуметтік қамсыздандыру саласына 6,8 млрд. теңге жұмсалды. Мүгедектерді әлеуметтік қолдау бағдарламасына 740 млн теңге, жұмыспен қамту бағдарламасына 1 млрд 571 млн теңге, жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмекке 952 млн теңге бағытталды.

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласы 20,9 млрд. теңге құрап отыр.

Оның ішінде ағымдағы шығындар 16 млрд 265 млн. теңге, материалды-техникалық жарақтандыру 1 млрд 433 млн. теңге, күрделі жөндеу 100 млн. теңге, құрылысы 3 млрд. 109 млн. теңге құрап отыр.

2018 жылы 7 мәдениет нысанының құрылысы жүргізілді:

Спорт объектілері бойынша Исатай ауданы Аққыстау ауылында және Атырау қаласының Кеңөзек ауылдық округінің Тасқала елді мекенінде спорттық кешендер салынды, Махамбет аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратына екі спортзалдан тұратын екі қатарлы жапсаржай салынып, Ақжайық ауылында спорт кешенінің құрылысы, Атырау қаласынан 3 спорттық залдың құрылыстары жүргізілді.

Қорытындылай келе, жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары 2018 жылы 2 млрд 946 млн. теңге құраса, облыс бойынша әлеуметтік салаларға жұмсалған қаржы 96 млрд теңге 686 млн теңге құрады.

Тыңдағандарыңызға рахмет.

 

 

Атырау облысы әкімінің орынбасары А.Әжіғалиеваның төрағалығымен

өткен жиналыстың хаттамасы

2019 жылғы 12 шілде Атырау қаласы

Төрағалық еткен: облыс әкімінің орынбасары А.Әжіғалиева

Қатысқандар: Қаржы басқармасы, Кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық даму басқармасы, Жайық Каспий Орхус орталығы, шақырылғандар (тізім бойынша).

Күн тәртібі:

Жер қойнауын пайдаланушылардың

аударымдары есебінен жүзеге асырылған әлеуметтік бағдарламалар бойынша есеп

(Н.Бисембиев)

1. Атырау облысы қаржы басқармасының басшысы Н.Бисембиевтің облыстық бюджеттің кірісіне жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары және облыс бюджеті есебінен іске асырылған әлеуметтік бағдарламалар жөніндегі баяндамасы қаперге алынсын.

2. Атырау облысы қаржы басқармасы мәжілістің мәліметтерін облыстық әкімдік сайтына жариялануын қамтамасыз етсін;

Мерзімі: 2019 жылдың 15шілдесі

3. Атырау облысы қаржы басқармасы, Атырау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдарын бюджеттің шығыс бөлігінде әлеуметтік бағдарламаларға жоспарлау бойынша қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыс жасап, бюджетті жоспарлау сатысында ұсыныстарды заңдылықтар шеңберінде қаралуын қамтамасыз етсін;

Мерзімі: бюджет жобасын жасақтау барысында

Облысы әкімінің орынбасары А.Әжіғалиева

 

2018 жылы жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік аударымдары (XLSX 12 Kb)

12.07.19г. Мәжіліске шақырылғандар (XLSX 10 Kb)


Мақаланың шыққан күні: 15.07.2019 16:40

Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.07.2019 16:40

Қаралым саны: 736