Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
20.09.2017

Қызметтер

Қиғаш ауылдық округі бойынша 22-наурыз «Ұлыстың ұлы күні» мерекесіне орай өткізілген шаралар туралы хабарлама

Қиғаш ауылдық округіне қарасты Қиғаш ауылы мен Д.Нұрпейісова елді-мекен тұрғындары, мекемелер мереке қарсаңында бірінші, ауылымыздың тазалығына көңіл бөліп, тазалық жұмыстарын ұйымдастырды. Қиғаш ауылдық округ әкім аппараты, клуб, мектеп аулалары және басқа да мекемелердің аулалары жалаушалармен безендіріліп, мерекелік көңіл күй сыйлайтын, тақырыпқа сай баннерлер ілінді. Мереке қарсаңында ардагерлер ұйымының құрылғанына 30 жыл толуына орай, ауданда бата беру салтының қалыс қалуына байланысты, аудан бойынша ардагерлер арасында бата беру сайысы өтті. Сайысқа ауылымыздың ардагері Нагимов Сираж қатысып, алғыс хатпен марапатталды.

Округке қарасты мекемелерде іс-шара бойынша наурыз мейрамын атап өтті. Нақтырақ айтқанда, Қиғаш ауылдық клубында Наурыз мерекесі қарсаңында «Жақсылыққа жаршы болған Наурызым» атты шара өткізілді. Ұлыстың Ұлы күні ашылу салтанатын ауылымыздың әкімі Ж.Махмутұлы ашты. Мекеме басшылары да өздерінің құттықтау тілектерін айтты. Концерттік бағдарлама жүргізілді. Наурыз көже, бауырсақ таратылды. Мерекеге жиналған халық ризашылықтарын білдіріп тарасты.

«Айгөлек» балабақшасында үлкен топтар арасында «Қош келдің, Наурыз» атты концерттік бағдарлама өтті. Мерекеге ата-аналар да шақырылды. Залдың іші қызғалдақтармен, шарлармен, Наурыз мерекесіне арналған балалардың салған суретімен, қабырға газетімен безендірілген. Қиғаш ЖӨДС мекемесінің бастығы И.Нугманов өз ұжымында да жұмысшыларын наурыз мерекесімен құттықтап, белсенді жұмысшыларды алғыс хатпен марапаттады. Ұлыстың Ұлы күні құттықтап келушілерге, қонақтарға ақ дастархан жайылып, халыққа наурыз көже, бауырсақ, қуырдақ таратылды.

Дәстүрлі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін атап өтуге мектеп ұжымы да дайындалды. 18 наурыз күні мектеп оқушыларына наурыз мейрамына арналған тақырыптық салтанатты жиын өтті. Жиынға «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері мереке жайында ақпараттар дайындап, мереке тарихы бойынша толық мәлімет берді. Олар оқушыларға көнеден келе жатқан көктем мен еңбек мерекесі жайлы айтып, викториналық сұрақтарға жауап берді. Мектеп директоры және ТЖО оқушыларды мерекемен құттықтап, тілектер арнады. Мерекеге орай оқушылар тақырыптық газеттер шығарды, суреттер салды және үздік шығарма байқауы өтті, 2-6 сыныптар қамтылды. «Қош келдің, Наурыз » тақырыбында 1-10 сыныптарда өткізілген сынып сағаттарының мақсаты қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қастерлеуге, мейірімділікке, кішіпейілділікке, инабатттылыққа тәрбиелеу болды. Тәрбие сағатында оқушылар салт-дәстүрлерді, ырымдар мен тыйымдарды, ұлттық тағам түрлерін көрсетіп, олардың ұлттық, тәрбиелік мәніне тоқталды. Мереке барысында әр сынып мерекелік ақ дастарқан жайып, ұлттық тағамдар дайындады. Оқушылар ән салып, қазақ халқының салт-дәстүрлерінен көрініс көрсетті. Мереке қарсаңында 18 наурыз күні «Наурызым – көктем мейрамы» тақырыбында мектеп жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мектептің спорт секцияларының ұйымдастыруымен мерекеге орай волейбол, баскетбол ойындарынан сыныптар арасында жарыс өтті. Алға қарай да осындай игі істер жалғасын таба береді.


Мақаланың шыққан күні:: 30.03.2017 16:50
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 30.03.2017 16:50