Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.10.2017

Қызметтер

Қиғаш ауылдық округінің әкім аппараты аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөнінде ведомствоаралық комиссиясының 2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2017 жылдың І тоқсанында төмендегідей жұмыстар атқарды

Округ әкімі аппаратында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында іс-шара жоспары жасақталып, жоспарға сәйкесімді жұмыстар жүргізілуде.

Округ көлемінде 7 дүкен, 2 кафе, 6 мекеме орналасқан. Барлық сауда орындарында 18 жасқа толмаған азаматтарға алкаголь, темекі өнімдерін сатуға тиым салынғандығы жөнінде көрнекі ақпараттық бетшелер ілінген. Округ бойынша барлық мекеме басшыларына, сауда орындарының иелеріне және мейрамхана иелеріне бейне бақылау камераларының тиімділігі жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді. Күні бүгінде «Қиғаш» және Е.Қалиевтің азық-түлік дүкенінде сонымен бірге «Қиғаш» ЖӨДС мекемесінде бейнекамера, турникет орнатылған. Қалған сауда орындары, мекемелер жарық шамдарымен қамтамасыз етілген. «Қиғаш» ЖӨДС мекемесі арнайы мамандандырылған күзетшілермен қамтылған. Барлық мекемелерде де өзінің күзетшілері кезекшіліктеріне сәйкес жұмыс жасап отыр және байланыс телефондары қондырылған. Қиғаш орта мектебінде және «Айгөлек» балабақшасында бейне бақылау камералары орнатылды.

Қиғаш ауылдық округінің әкімі аппаратының ғимаратында арнайы тірек пункті бар. Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Н.Р. Кенжеев жұмыс жасайды, азаматтарды қабылдайды. Округ бойынша құқық бұзушылықтық алдын-алу бағытында ауылдық учаскелік полиция қызметкерімен бірлескен түрде жұмыстар атқарылып отыр. Қиғаш жалпы орта мектебінде құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында құқықтық сауаттандыру мектебі, құқықтық кеңес құрылған. АБББ-нің іс-шаралары басшылыққа алынып, жоспарлы жұмыстар жүргізіліп отырады. Мұғалімдердің, ата-аналардың, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруда жиналыстар, семинарлар, тренингтер өткізіліп тұрады. «Сенім телефоны», «Сенім жәжігінің» жұмыстары үнемі тексеріліп отырады. Түскен мәліметтер қорытындыланып, тиісті шара алынады. «Адам саудасына қарсы күрес», «Гендерлік саясат», «Отбасы және неке» заңдары ата-аналар, сынып жиналыстарында таныстырылды. Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, келеңсіз жайларды болдырмау мақсатында, округ әкімшілігі, мектеп инспекторымен, ата-аналармен бірлескен рейдтер, кезекшіліктер кестеге сай жүргізіліп отыр. Кестеге сай апта ішінде барлық сыныптарда «Мен еліммен бақыттымын» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. 26 қаңтар күні «Бала құқығын қорғау –еліміздің болашағын қорғау» айдарымен сурет байқауы өткізіліп, 8 сынып оқушысы М.Гизатуллина жеңімпаз атанды. Ата-аналарға құқықтық сауаттылық күндерін өткізу барысында 24 ақпан күні «Біз қандай ата-анамыз?» айдарымен бала құқықтары, ата-ана міндеттері туралы сауалнамалар жүргізілді. 10 наурыз күні «Заң баршаға ортақ» айдарымен жоғары сыныптарға құқықтық сауаттандыру сабағы өткізілді.

«Айгөлек» балабақшасында әрбір қызметкерлеріне тоқсан сайын құқық бұзушылық болдырмау мақсатында лауазымдық міндеттерімен таныстырылып, бекітіліп қол қойылып отырылады.

Округ әкімі: Ж. Джанканов


Мақаланың шыққан күні:: 12.04.2017 10:59
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 12.04.2017 10:59