Array Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының 2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Дыңғызыл ауылдық округі бойынша І тоқсанда атқарылған жұмыстардан хабарлама | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.05.2017

Қызметтер

Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының 2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Дыңғызыл ауылдық округі бойынша І тоқсанда атқарылған жұмыстардан хабарлама

Округ әкімдігі мектептермен бірлескен түрде құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында іс-шара жоспары жасақталып, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

Округ бойынша кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен келеңсіз жағдайлардың алдын-алу, психологиялық көмек қажет ететін балаларды анықтап, зерделеу мақсатында жұмыстар үнемі жүргізіліп отырылады. Округке қарасты Д.Нүрпейісова орта мектебінде жыл басында ҚР «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу» туралы Заңын іске асыру мақсатындағы мектеп оқушылары тарапынан құқық бұзушылық пен қылмысты және қоғамға қарсы әрекеттердің алдын алу және болдырмауды көздеген іс-шаралар жоспары жасақталды. Жоспарға сай қаңтар, ақпан айларында «Баланың болашағына құқықтық сауаттылықтың әсері», «Құқықтық тәрбиенің ата-ана мен бала тәрбиесіндегі алатын орны» тақырыптарында дәріс оқылып, «Тұрмыстық зорлық–зомбылық – қоғамның кеселі» тақырыбында ата-аналар конференциясы өтті. 24.01.2017 күні «Құқықтық сауаттылық – келешек кепілі» оқушылар арасында ток шоу, 14.02.2017 күні бастауыш сыныпта «Құқықты біз қалай түсінеміз?» танымдық сағат, 26-27 қаңтар аралығында 8-11 сынып оқушыларымен

«Біз адам саудасына қарсымыз!» жаднамалар байқауы, 24 ақпан күні 9-11 сынып оқушыларымен «Адам сату проблемалары» тақырыбында тренинг өткізілді. Ж.Нәжімеденов негізі орта Шамханбетова Динаның ұйымдастыруымен «Қатыгездіксіз балалық шақ» тақырыбында шығармалар байқауын өткізді. 2017 жылдың 11 қаңтары күні «Құқықтық сауаттылық» тақырыбында ашық сынып сағаты өткізілді. Ауылымызда қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Рахимов Ринат жұмыс жасайды. Құрманғазы өндірістік кооперативінің ғимаратында арнайы тірек пункті бар. Азаматтарды қабылдайды. Округ бойынша барлық мекеме басшыларына, сауда орындарының иелеріне және мейрамхана иелеріне бейнебақылау камераларының тиімділігі жөнінде хат жолданып, түсінік жұмыстары жүргізілді. Күні бүгін Д.Нүрпейісова, Ж.Нәжімеденов мектептерінде және «Айжан» балабақшасында бейнекамера орнатылған. Барлық мекемелерде де арнайы күзетшілермен қамтамасыз етілген.

Округке қарасты екі елді мекен бар. Жыланды ауылында «Төрехан-1», «Үш қоңыр», «Хамза» дүкендері және Ғ.Әліпов ауылында «Төрехан-2» халыққа қызмет көрсетуде, барлық дүкендерде алкоголдік ішімдіктер мен темекі өнімдерінің жарнамалары заңнама талаптарына сай орналастырылған. Учаскелік инспектор арқылы заңсыз ішімдік сатушыларға тиым салу шаралары тапсырылып, барлық сауда көздеріне кәмелетке толмағандарға темекі, ішімдіктерді сатуға тиым салынғандығы жөнінде ескертілді. Учаскелік инспектормен ұдайы рейдтер жүргізіп, би кеші ұйымдастырылатын күндерде мектептің «Ер жігіттер» ұйымы мүшелерімен бірлесіп, кешкілік тексеру рейдтері жүргізіледі. Округте түнде жұмыс жасайтын кафе-бар т.б. ойын-сауық орындары жоқ, кәмелетке толмағандардың еңбегін пайдалану фактілері тіркелген жоқ. Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудағы басты профилактикалық шаралардың бірі – бос уақытты тиімді өткізу болып табылады. Округке қарасты Д.Нүрпейсова орта мектебінің ғимаратында нашақорлықтың алдын-алу, темекіге тәуелділікті болдырмау бағытында «Біз нашасыз, ішімдіксіз, шылымсыз өмірді қалаймыз» тақырыбында билборд орнатылды.

Ауылдық кітапханада «Салауатты өмір-саналы өмір», дәрігерлік емханада «Нашақорлық-ХХІ ғасыр дерті» тақырыбында жарнамалар ілініп,бұрыштар жасақталды.

Округте «Жастар арасында тәрбие жұмыстарының басым бағыттары» жолға қойылып, қазіргі жастар тәрбиесінің дұрыс жолға қойылуы жөнінде түсінік жұмыстары жүргізіліп отырылады.

Алға қарай аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның іс – шара жоспарында берілген тапсырмаларды орындалу бағытындағы жұмыстар жалғасын таба береді.

Округ әкімі: О.Азимов


Мақаланың шыққан күні:: 12.04.2017 10:52
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 12.04.2017 10:52