Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.07.2017

Қызметтер

Атырау облысы Дін істері басқармасының 2017 жылғы 1-ші жарты жылдық үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелділеріне жасалған ішкі талдау жұмыстары туралы ақпараттар

Ішкі талдау жұмысын жүргіз тобы:

Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиевтың 2017 жылғы 17 қаңтардағы №11 бұйрығымен бекітілген топ.

Көшқалиев Қайролла Дүйсешұлы - Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы;

Изгалиев Мухтар Шарапиндеұлы - Атырау облысы Дін істері басқармасының Діни бірлестіктермен байланыс, мониторинг және ақпараттық талдау бөлімінің басшысы;

Бисенғалиева Набира Разихқызы - Атырау облысы Дін істері басқармасының Әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің бас маман есепшісі.

Ішкі талдау жұмысын жүргізуге екі бөлім жатады олар:

1. Атырау облысы Дін істері басқармасының Әкімшілік-ұйымдастыру бөлімі.

2. Атырау облысы Дін істері басқармасының Діни бірлестіктермен байланыс, мониторинг және ақпараттық талдау бөлімі.

Басқарманың нормативтік құқықтық актісі және басқада құжаттар мыналар:

1. 2016 жылғы 8 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №3472 болып енгізілген Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы №55 «Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы №155 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы.

Осыған орай, басқарманың нормативтік құқықтық акт негізінде мемлекеттік көрсетіледі қызметтер:

1. «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру»;

2. «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу»;

3. «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру».

Атырау облысы Дін істері басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезінде ақпараттық – талдама бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштері мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы басылымдарда болмағандықтан, заңмен белгіленген тәртіпте кінәлі деп танылған тұлғаның қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептер анықталмағандықтан және құқықтық статистика органдарынан деректер түспегендіктен ішкі талдау жүргізілмейді.


Мақаланың шыққан күні:: 28.06.2017 06:11
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 28.06.2017 06:11