Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
14.07.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша анықтама

БЕКІТЕМІН:

«Қызылқоға аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі»

ММ басшысы _________Ж.Әжіғалиева «______»________ 2018 жыл

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 19.10.2016 жылғы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Қызылқоға аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі (әрі қарай-Бөлім) басшысының 2018 жылдың 19 маусымдағы №31 бұйрығымен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жасады:

1) Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) Бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) сот актілері;

7)ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша.

-өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» №242 Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414 Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N95-IV Бюджет Кодексі, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы бойынша.

- есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарына Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді болдырмау бағытында мақалалар берілді.

- есепті кезеңде тәртіптік жаза қолданылған қызметкерлер болған жоқ.

- есепті кезеңде жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштері болған жоқ. Бөлімнің арыз-шағым жәшігіне ешқандай арыз, шағым, өтініш, ұсыныс, талаптар түспеген. Бұл жөнінде ай сайын тиісті акт жасақталып отыр.

- есепті кезеңде прокурорлық қадағалау актілері және сот актілері болдыратын жағдайлар орын алған жоқ.

Қызылқоға аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің штаттық құрылымы 2 мемлекеттік әкімшілік қызметшіден және 4 келісім шарт негізіндегі қызметкерден тұрады. Бөлім басшысы 1 бірлік, бөлімнің бас маманы 1 бірлік.

Сондай-ақ, бөлім басшысының өзiнiң жақын туыстарын жұмысқа қабылдау бойынша жағдайлар орын алған жоқ. Жұмысқа қабылдау заң нормаларына сәйкес конкурс негізінде және Жұмыспен қамту орталығы арқылы жолдамамен жүзеге асырылды. Бөлімде 2018 жылдың 6 айында 30 бұйрық қабылдаған. Қабылданған бұйрықтарда сыбайлас жемқорлықтың туындауына әсер ететін нормалар анықталмады.

2018 жылдың 6 айында Бөлімге қатысты камералдық тексеріс жүргізілген жоқ.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Жер Кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414 Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдары, Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 2 наурыздағы №39 «Қызылқоға ауданы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулысы.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша бөлімнің лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік-құқықтық актілерді өз еркінше түсіндіруге әсер ететін құқықтық олқылықтар анықталмады. Дискрециялық өкілеттіктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.

Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерінің атынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар жарияланған. «Қызылқоға аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сенім телефоны және оған жауапты қызметкер бекітілген. Сенім телефоны толықтай жұмыс істеп тұр. 2018 жылы бөлімнің мемлекеттік қызметшілері тарапынан Әдеп кодексін бұзған және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін мәліметтер түскен жоқ.

Бөлім бойынша есепті кезеңде мүдделер қақтығысы болған жоқ.

Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізіледі.

Бөлімде 4 ( төрт) түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1) «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» 11 қызмет көрсетілді;

2) «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» 68 қызмет көрсетілді;

3) «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» -0;

4) «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу » 51 қызмет көрсетілді.

«Е лицензия» бағдарламасы бойынша жерге орналастыру жобасын бекіту кезінде мемлекеттік қызмет бойынша құжаттар мерзімінде тапсырылды.

Қызылқоға аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерін ішкі талдау барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар анықталмады.

Жоғарыда айтылғандай, бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқандығын хабарлайды.

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген, жұмыс тобының жетекшісі

___________ С.Бағытжанов

«____» ____________ 2018 жыл

 

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген, жұмыс тобының мүшесі

___________ Н.Қайрақов

«____» ____________ 2018 жыл

 

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген, жұмыс тобының мүшесі

___________ Т.Базарбайқызы

«_____» ______________ 2018 жыл


Мақаланың шыққан күні: 17.07.2018 06:31

Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.07.2018 06:31

Қаралым саны: 1076