Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.07.2020

Қызметтер

Исатай ауданы бойынша 2018 жылдың 12 айы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласы бойынша ақпарат

Аудандық әкімдікте 7 ауылдық округ әкімінің аппараттары және 9 құрылымдық бөлімдер арқылы 85 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

2018 жылдың 12 айы бойынша 14032 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы 4551 (халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы), «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы 6703 қызмет(«egov.kz» порталы, ақпараттық жүйе арқылы), мемлекеттік органдарда 2240 (стандарт бойынша қағаз түрінде көрсету), баламалы түрде көрсетілгені 538 ("электрондық үкімет" веб-порталы және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілгендер).

2018 жылдың 12 айында 88 түсіндіру жұмыстары жүргізілді), оның 49-сы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде мақала жарияланса, 39-ы , жиналыс түрінде өткізілді. Жыл басынан бері мемлекеттік көрсетілетін қызметті ақпараттандыру мақсатында ауылдық округтерде 14 билборд ілінді. Ағымдағы жылы жоспар бойынша өткен қоғамдық кеңестің 2 отырысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәселелер қаралды.


Мақаланың шыққан күні: 21.01.2019 15:42

Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.01.2019 15:42

Қаралым саны: 890